STEM әдістерін химия және биология сабақтарында пәнаралық интеграция арқылы жүзеге асыру

Еңбек нарығы мамандардан туындап отырған жағдаяттарға қарамастан аз уақыт шеңберінде ұтқырлық таныту, дұрыс шешім қабылдау, сыни және креативті ойлауды талап етеді. Сондықтан да білім алушының бойында кең ауқымды және зерттеу дағдыларын қалыптастыру аса маңызды болып саналады.

Филиал жоспарына сәйкес Арал ауданында «STEM әдістерін химия және биология сабақтарында пәнаралық интеграция арқылы жүзеге асыру» тақырыбында химия және биология пәні мұғалімдеріне арналған семинар өткізілді.

Семинардың практикалық бөлімінде қатысушылар «Биология сабағында «ДНҚ-ның құрылысы мен құрылымы» тақырыбын оқытудағы STEM тәсілінің тиімділігі», «Биология сабағында «Инсулин гармондарының нысана жасушаларға әсер ету механизмі» тақырыбын оқытудағы 5Е моделі», «Исследование свойств азотной кислоты в контексте STEM-образования: междисциплинарный подход к изучению кислот и их реакций через практические лабораторные опыты» тақырыбы бойынша тәжірибелік жұмыстар көрсетті.

Пәнаралық интеграция арқылы химия және биология сабақтарында STEM білім берудің тиімді әдістерін енгізуге бағытталған семинар барысында филиал тренері Жанар Жубауова «STEM – зерттеуге негізделген оқыту тәсілі» тақырыбында шеберлік сыныбын өтті. Педагогтерге STEM-оқытудағы негізгі дағдылар мен құзыреттіліктер, білім алушының бойында кең ауқымды және зерттеу дағдыларын қалыптастыру бойынша мазмұнды ақпараттар берілді. Сонымен бірге қатысушылар «Пәнаралық тәсіл арқылы кіріктірілген тапсырма құрастыру» бойынша топтық, «PBL: оқу тапсырмаларын орындау» бойынша жұптық тапсырмалар орындады. Шара соңында STEM әдістерін химия және биология сабақтарында пәнаралық интеграция арқылы жүзеге асыру бойынша ұсыныстар айтылып, кері байланыс берілді.

«Өрлеу» Қызылорда облысы филиалында педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамытуға бағытталған әдістемелік шаралар ауқымы кеңейіп, үздіксіз жалғаса бермек!

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар