STEM, STEAM білім беру негізінде жаратылыстану ғылыми цикл пәндерін оқыту әдістемесі

“Өрлеу” біліктілікті арттыру ұлттық орталығы” АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының  «STEM,STEAM білім беру негізінде жаратылыстану ғылыми цикл пәндерін оқыту әдістемесі мен мазмұны» тақырыбында облыстық семинар  өткізді.

 STEM, STEAM білім беру негізінде пәндерді оқытуда  пән мұғалімінің құзыреттіліктерін дамыту, қолдау көрсету мақсатында өткізілген семинар жұмысына  аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушілері, әдіскерлері, қалалық, аудандық  жалпы білім беретін мектептердің жаратылыстану бағытындағы пән мұғалімдері қатынасты.

Семинар барысында «мектептерде STEM оқытуды қолданудың қаншалықты мүмкіндіктері бар?», «Жаратылыстану ғылыми цикл пәндерін оқыту қалай жүргізіліп жатыр?» тақырыптарында мәселе қозғалып, спикерлер өз тәжірибелерімен бөлісті.

Институттың  “Жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі” кафедрасының аға оқытушысы, Ақпараттық жүйелер мамандығы бойынша техника ғылымдарының магистрі, тренер  Балапанова Жаңыл Темірқызы ұйымдастырған семинарда тәжірибелік дағдыларды дамыту бағытындағы жұмыстар жүргізілді.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар