«Strategies and techniques in developing functional reading skills in English» тақырыбында аудандық семинар өтті

2024 жылы 02 мамырында «Strategies and techniques in developing functional reading skills in English» тақырыбында Түркістан облысы, Түлкібас ауданының қазақ және орыс тілдерінде оқытатын орта білім беру ұйымдарының ағылшын тілі пәні мұғалімдері үшін Түлкібас ауданының «Түркібасы» ЖББМ базасында аудандық семинар өтті. Семинардың мақсаты: ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің оқылым дағдыларын жетілдіру, оқылымға негізделген сабақтардың кезеңдерін жүйелеу, білім алушылардың оқылым дағдыларын дамыту арқылы функционалдық сауаттылығын арттыру. Семинар барысында ағылшын тілі пәні мұғалімдері оқылымға негізделген сабақтардың негізгі кезеңдерін жүйелей келе, әр кезеңге сәйкес келетін әдіс-тәсілдер ретін талқылады. Топтық жұмыстар барысында әр кезеңнің маңыздылығын атап өте келе, әр кезең бойынша әдіс-тәсілдер ретін ұсынды. Аталған әдіс-тәсілдердің тиімділігін анықтау мақсатында ықшамсабақтар ұсынылып, ықшамсабақ барысында көрсетілген әр стратегияның білім алушының оқылым дағдысын дамытуға әсері талқыланды. Семинар соңында ағылшын тілі пәні мұғалімдері оқылым дағдысының маңызына тоқтала келе, оқылым дағдысына негізделген сабақтарда тиімді стратегияларды қолдану қажеттігін баса айтты. «Мектепке дейінгі тәрбиелеу және бастауыш білім беру» кафедрасының аға оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты Шойманова Молдир Балгабаевна

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар