2023 жылдың 12 қазанында Талғар ауданы Гүлдала ауылындағы №21 орта мектебінде «Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен оқу мақсаттарын тиімді жоспарлау» тақырыбында Өрлеу Алматы облысы бойынша КДИ «Әдіснама және педагогикалық инновация» кафедрасының меңгерушісі Меруерт Бисенбаеваның ұйымдастыруымен облыстық семинар өтті. Семинар жұмысына Институт директоры Қайсар Нұрлыбаев қатысып, педагогтерге қатысты мәселелер төңірегінде мұғалімдермен пікір алмасты. Облыстық семинардың мақсаты […]
Толығырақ2023 жылдың 11 қазанында Алматы облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Жиренбай Ержан Сапарұлы, білім беру сапасын сырттай бағалау бөлімінің басшысы Ажикенова Гульмира Саулебековна және Алматы облысы білім басқармасының әдістемелік орталығының директоры Иманхатова Гүлжихан Жалғасбековна Өрлеу Алматы облысы бойынша кәсіби даму институтына жұмыс сапарымен келді. Институт әкімшілігімен кездесу өтті. Кездесу барысында білім беру […]
ТолығырақАстана қаласының математика пәні мұғалімдеріне арналған “5-9 сынып математика пәні мұғалімдерінің пәндік құзыреттіліктерін дамыту” тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсы жалғасуда. Бүгінгі дәріс барысында тыңдаушылар айнымалысы модуль таңбасының ішіндегі теңдеулерді шешуде интервалдар әдісі, жаңа айнымалы еңгізу әдістерімен танысып, теңдеулерді шешудің тиімді жолдарын қарастырды.
Толығырақ«Өрлеу» Республикалық кәсіби даму институты курстан кейінгі қолдау жұмыстарын үздіксіз жүргізеді. Себебі, кәсіби қолдау көрсетуге бізбен ынтымақтаса жұмыс жасайтын барлық білім орындарынан сұраныс түседі. Ағымдағы жылдың 11-қазанында институтымыздың аға оқытушысы Гүлбала Кеніштайқызы №184 мектеп ұжымының тыныс-тіршілігімен танысып, Жол картасы бойынша әдістемелік қолдау көрсетуге барып қайтты. Бірлесіп жұмыс жасау және курстан кейінгі қолдау бойынша жұмыс жоспары […]
Толығырақ2023 жылдың 5 қазанында Өрлеу Алматы облысы бойынша кәсіби даму институтының аға оқытушысы Нұрсәуле Қылышбекова «Коллаборативтік орта құру дағдыларын қалыптастыру арқылы оқу сауаттылығын дамыту»тақырыбында Алматы облысы, Іле ауданы, №54 орта мектебі базасында облыстық семинар өткізді. Семинар жұмысында оқытушы икемді дағдылар жан-жақты тұлға қалыптастырудың негізі екендігіне, адамның тұлғалық дамуының көптеген сипаттарын айқындайтын, оның кәсіби тұрғыда бәсекеге қабілеттілігі […]
Толығырақ2023 жылдың 04 қазанында «Өрлеу» РКДИ аға оқытушылары Сауле Мухамбетжанова мен Жанар Жартынова «Цифрлық әлемдегі педагог моделі» тақырыбында вебинар өткзді. Вебинардың мақсаты – қоғамның цифрлану жағдайындағы білім беруді даму тенденцияларын талқылау, цифрлық білім беру кеңістігін қалыптастыру жағдайында білім беру ұйымдарында цифрлық технологияларды енгізу және қолдану тәжірибесімен алмасу. Вебинар жұмысы келесі бағыттар бойынша жүргізілді: Қазіргі цифрлық […]
ТолығырақБүгін Өрлеу Алматы облысы бойынша кәсіби даму институтында Ұстаздар күніне орай мерекелік шара өтті. Іс-шараға Институттың қызметкерлері мен біліктілікті арттыру курстарынан өтіп жатқан педагогтар қатысты. Мерекелік шараны құттықтау сөзімен Өрлеу Алматы облысы бойынша кәсіби даму институтының директоры Қайсар Нұрлыбаев ашып, қатысушыларды кәсіби мерекелерімен құттықтады. Іс-шара соңында әндер шырқалып, Институт қызметкерлеріне білім беру жүйесінің дамуына қосқан […]
Толығырақ2023 жылдың 2 қарашасында Өрлеу Алматы облысы бойынша кәсіби даму институтының аға оқытушысы Ғалым Іркітбай «Педагогтардың кәсіби құзырлығын жетілдіру – заман талабы» тақырыбында Qazaq Radiosy-ның «Құтты білік» айдарына өз сұхбатын берді. Сұхбатта кәсіби педагогикалық қызметінің мазмұны мен сапасына бірыңғай талаптарды белгілеу, педагогтердің біліктілік деңгейін бағалау, аттестаттауды жүргізу, лауазымдық нұсқаулықтарды қалыптастыру, біліктілікті сертификаттау және растау, кадрлар […]
Толығырақ2023 жылдың 02 қазанында «Өрлеу» РКДИ аға оқытушысы Рысқұлбекова Құралай, Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ магистранты Сүлейменова Гүлзарамен бірлесіп «Интернет ресурстары негізінде жоғары сынып оқушыларының әлеуметтік-мәдени құзыреттілігін қалыптастыру» тақырыбында шеберлік-сыныбын өткізді. Шеберлік-сыныбының мақсаты ағылшын тілді елдердің әлеуметтік-мәдени аспектілерін зерттеу контекстінде оқушылардың интернет ресурстарымен жұмыс істеу дағдыларын дамытуды қолдау. Міндеттері: – тыңдаушыларды ағылшын тілін үйрену процесінде әлеуметтік-мәдени […]
ТолығырақБүгін, Оқу-ағарту министрлігінің өкілі Култуманова Алмагуль Өрлеу Алматы облысы бойынша кәсіби даму институтына жұмыс сапарымен келді. Институт әкімшілігімен кездесу өтті. Кездесу барысында тараптар біліктілікті арттыру курстарының сапасы, білім беру бағдарламаларының бағыттары мен оқытушылардың жағдайына байланысты мәселелер талқыланып, ынтымақтастықты тереңдету жолдары қарастырылды. Кездесу соңында тараптар өз ризашылықтарын білдіріп, сенімді қарым-қатынастарды одан әрі дамытудың маңыздылығын атап өтті.
Толығырақ