Метка: Өрлеу

Lesson Study – сабақтарды зерттеудің ерекше тәсілі

2023 жылдың 8 ақпанында №175 «Жаңа ғасыр» гимназия алаңында орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері арналған «Lesson Study  – сабақтарды зерттеудің ерекше  тәсілі»тақырыбында коучинг өтті. Іс-шараны Өрлеу РКДИ аға оқытушысы, п.ғ.к., доцент  Арзиева Алия ұйымдастырды. Коучингтің мақсаты – мұғалімдерге оқыту тәжірибесін жақсарту мақсатында Lesson Study тәсілінің мәнін түсінуге көмектесу. Коучингтің бірінші бөлімінде  мұғалімдер орыс тілі […]

Толығырақ

Мектептермен ынтымақтастықты нығайту

Өрлеу Республикалық кәсіби даму институтының аға оқытушылары Карабалаева Назерке және Ибраева Жанар Алматы қаласының №102 және №3 жалпы білім беру мектептеріне іс-сапар жасады. Тренерлер мектеп директорларымен кездесу барысында, жалпы мектеп мұғалімдеріне қандай әдістемелік көмек және қандай іс-шаралар өткізу керектігін анықтап, көптеген мәселелер мен сұрақтар шешіліп, алдағы уақытта бірлескен жұмыс туралы келісім жасалды.

Толығырақ

Республикалық институт мектептермен серіктестікті жалғастыруда

Өрлеу Республикалық кәсіби даму институтының аға оқытушысы Арзиева Әлия №153 мектеп-гимназиясында және Алматы қаласының №155 жалпы білім беретін мектебінде болып, мектеп директорымен және директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарларымен өзара серіктестік бойынша кездесулер өткізді. Кездесу тақырыбы мектеп педагогтарының біліктілігін арттыру мәселелері болды. Тренер мектеп ұжымын Институт қызметімен таныстырды. Дөңгелек үстел қатысушылары біліктілікті арттыру курстары педагогтердің кәсіби […]

Толығырақ

ӨРКЕНИЕТ ПЕН ІЗГІЛІК БАСТАУЫ – БІЛІМДЕ

10 ақпан күні Өскемен “БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ” лицейі мен “НҰРОРДА” мектеп лицейінің ұйымдастыруымен Өскемен қаласының Жекпе-жек сарайында «Өркениет пен ізгілік бастауы – білімде» тақырыбында білім көрмесі өткізілді. Көрменің ұйымдастырылып өткізілуіне  ШҚО Білім басқармасы, «Дарын» орталығы, «Шығыс» әдістемелік орталығы, қалалық білім бөлімі, ШҚО бойынша «Өрлеу» – барлығы бірлесіп ат салысты. Аталған іс-шара мақсаты педагогтердің білім беру идеяларын ұсыну, […]

Толығырақ

Оқу үдерісін ұйымдастыру ерекшеліктері

Өрлеу РКДИ аға оқытушысы Сахова Ақжарқын «Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2022-2026 жылдарына арналған тұжырымдамасы негізінде оқу үдерісін ұйымдастыру ерекшеліктері» тақырыбында  вебинар өткізді. Вебинарда Тұжырымдамаға сәйкес оқу үдерісін тиімді ұйымдастырудың ерекшеліктері қарастырылып, оңтайлы ұйымдастырудың заманауи амалдары талқыланды.    Онлайн іс-шара жұмысына Алматы, Маңғыстау, Түркістан облыстары және Алматы қаласының директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасарлары, педагогтері мен сынып […]

Толығырақ

«Балалар бастамасын дамыту құралы ретінде жоғары сапалы білім беру кеңістігі»

9 ақпанда Өрлеу-СҚО «Балдәурен» бөбекжай-бақшасымен бірлесіп Петропавл қаласының білім бөлімімен қол қойылған Әдістемелік жобаларды іске асыру туралы ереже шеңберінде «Балалар бастамасын дамыту құралы ретінде жоғары сапалы білім беру кеңістігі» атты облыстық семинар өткізілді.Семинар «Сөйлейтін қабырғалар» әдістемесін балабақшаның заттық-кеңістіктік ортасына біріктіру тәжірибесін тарату мақсатында ұйымдастырылды.Іс-шараға Мамлют, Қызылжар, Есіл, Тимирязев аудандарының педагогтері қатысты. Сонымен қатар онлайн режимінде […]

Толығырақ

Аққулы ауданында көшпелі семинар ұйымдастырылды

Жаңа аптаның басталысымен Өрлеу-Павлодар оқытушыларымен қатарынан бірнеше облыстық семинар ұйымдастырылуда. Оның бірі ақпанның 7-ші жұлдызында Аққулы ауданының Потанин, Малыбай және Аққулы ауылдарының орта мектептерінде ұйымдастырылды. Модераторлары филиалдың педагогика және пәндік әдістер кафедрасының оқытушылары А. Ахметниязова мен Ө. Ертісхан болды. Семинар-практикум «Lesson Study зерттеулері – шағын жинақталған мектеп мұғалімінің тәжірибесін жетілдіру тәсілі» тақырыбында өтті. Іс-шараларға ауданның […]

Толығырақ

Педагогтерді Институттың курстарымен таныстыру

2023 жылдың 7 ақпанында Өрлеу РКДИ аға оқытушысы Нарсеитова Фатима Алматы қаласы білім басқармасының Қожа Ахмет Яссауи атындағы №123 мектеп-гимназиясының ұжымымен кездесіп, Республикалық кәсіби даму институтының 2023 жылға бағытталған  жұмыс жоспарымен таныстырып өтті. Таныстырылым аясында орта білім беру ұйымдарының педагогтері мен басшылары,  жаратылыстану-математикалық және гуманитарлық пәндерді оқыту үшін біліктілікті арттыру курстарының бағыттары мен контингенті  және […]

Толығырақ

Білім беру ұйымдарымен бірлескен жұмыс жасасу

2023 жылдың 3 ақпанында Өрлеу РКДИ аға оқытушылары Ибраева Жанар және Карабалаева Назерке Алматы қаласының жалпы білім беру мектептері мен Білім берудегі жаңа технологиялардың қалалық ғылыми-әдістемелік орталығына барды. Білім беру саласы бойынша атқарылатын жұмыстарды жоспарлау және өзекті мәселелерді анықтау мақсатында іскерлік кездесу ұйымдастырылды. Қазақ тілі пәнінің әдіскерлерімен кездесу кезінде пән мұғалімдерінің мәселелері мен атқарылып жатқан […]

Толығырақ

Флеш-семинар: LS – сабақты зерттеу

Қостанай облысы бойынша біліктілікті арттыру институтының “Өрлеу” БАҰО АҚ филиалы білім беру ұйымдарын әдістемелік қолдау жоспарына сәйкес Қостанай қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің педагог-сарапшыларымен бірлесіп, Қостанай ауданы білім бөлімінің Жданов жалпы білім беретін мектебінде флеш-семинар өткізілді.Флеш-семинарға гуманитарлық және жаратылыстану бағытындағы пән мұғалімдерінен құрылған екі топ қатысты. Флеш-семинарда қарастырылған өзекті мәселелер: негізгі пәндер бойынша оқушылардың білім деңгейін […]

Толығырақ

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар