Метка: Алматыоблысы

“Мақсатты мектеп” жобасы аясында әдістемелік қолдау көрсетілді

2025 жылдың 22 қаңтарында Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Т.Рысқұлов атындағы орта мектебінде “Мақсатты мектеп” жобасы аясында әдістемелік көмек көрсету жұмыстары жүргізілді. Өрлеу Алматы облысы бойынша кәсіби даму институтының тренерлері Ғалым Іркітбай мен Ринад Көшербаев мектеп ұжымымен бірлесіп, оқу-тәрбие жұмыстарының тиімділігін арттыруға бағытталған бірқатар іс-шаралар ұйымдастырды.  Мектептің оқу-тәрбие жоспары мен даму жоспары жан-жақты талданып, тренерлер тарапынан […]

Толығырақ

Жайлы мектептерге арналған 2 күндік семинар-тренинг аяқталды

2025 жылдың 5-6 қаңтары аралығында жайлы мектептердің ұжымдары үшін «Жайлы мектептің педагогикалық ұжымы: ынтымақтастық, даму және қолдау» атты екі күндік семинар-тренинг аяқталды. Шараның мақсаты — мектептерде қолайлы білім беру ортасын қалыптастыру және әрбір педагогтің кәсіби дамуын қамтамасыз ету. Өрлеу Алматы облысы бойынша кәсіби даму институтының тренерлері Қарасай ауданының Көкөзек, Елтай, Долан жайлы мектептерінде және Алатау […]

Толығырақ

Бастауыш сыныпта зерттеушілік және жобалау іс-әрекетін дамыту

2024 жылдың 12 қарашасында Өрлеу Алматы облысы бойынша кәсіби даму институтының тренері Айгүл Байузакованың ұйымдастыруымен бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Бастауыш сынып  пәндерін оқытуда оқушылардың зерттеушілік және  жобалау іс-әрекетін қалыптастыру» тақырыбында шеберлік-сынып  өтті. Іс-шараға Алматы облысы Ұйғыр ауданы білім бөлімінің аға әдіскері Рысмендиева Э.Н. және облыстың 30 бастауыш сынып мұғалімі қатысып, білімдерін жетілдірді. Шеберлік-сыныптың мақсаты – бастауыш […]

Толығырақ

Республикалық байқаудың өңірлік кезеңінің жеңімпаздары марапатталды

2024 жылдың 12 қарашасында Өрлеу Алматы облысы бойынша кәсіби даму институтында дәстүрлі «Педагогикалық идеялар панорамасы» Республикалық бейне-сабақтар мен бейне-дәрістер байқауының өңірлік кезеңі өтті. Жалпы алғанда байқауға қатысуға 222 өтінім қабылданды. Бейнематериалдар лекция, сабақ, практикалық/зертханалық жұмыс, шеберлік сыныбы, бейне-подкаст және сандық білім беру ресурсы түрінде болды. 12 номинация бойынша өңірлік кезеңнің жеңімпаздары атанды. Оның ішінде І […]

Толығырақ

География пәнінде электронды картографиялық ресурстарды қолдану мүмкіндіктері

Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылындағы орта мектепте Институттың аға оқытушысы Ләззат Адыбаеваның ұйымдастыруымен «География пәнін оқытуда электронды картографиялық ресурстардың мүмкіндіктерін пайдалану» тақырыбында облыстық  шебер сынып өтті. Іс-шараға Жамбыл, Қарасай, Іле, Ұйғыр аудандарынан 36 мұғалім қатысты. География пәні бойынша лицейден – 2, аралас мектептен – 9, жалпы орта мектептен – 16, география пәні мұғалімдері қатысып, […]

Толығырақ

Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

2024 жылдың 24 қазанында Өрлеу Алматы облысы бойынша кәсіби даму институтында «Ұлттық құндылықтар және қазақстандық білім беру жүйесіндегі этнопедагогика: бүгінгі жағдайы мен келешегі» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Іс-шараны Институт директоры Қайсар Нұрлыбаев ашты. Конференцияның мақсаты — ұлттық құндылықтар мен этнопедагогика саласындағы зерттеулермен танысу, озық ғылыми тұжырымдамалар бойынша пікір алмасу. Отандық және шетелдік педагог-ғалымдар, жоғары […]

Толығырақ

Ұстаздар күніне орай мерекелік шара өтті

Іс-шараға Өрлеу Алматы облысы бойынша кәсіби даму институтының қызметкерлері мен біліктілікті арттыру курстарынан өтіп жатқан педагогтар қатысты. Мерекелік шараны құттықтау сөзімен Институт директоры Қайсар Нұрлыбаев ашып, қатысушыларды кәсіби мерекелерімен құттықтады. Ол ұстаздардың қоғамдағы рөлі мен білім беру саласындағы маңызды қызметін атап өтіп, шығармашылық табыс, жаңа идеялар мен кәсіби даму тіледі. Өрлеу Жетісу облысы бойынша өкілдігінің […]

Толығырақ

Бастауыш сынып оқушыларын оқытуда функционалдық сауаттылығын дамыту

Қоршаған әлемде және табиғатта болып жатқан құбылыстарды түсіну, салыстыру, талдау, жіктеу, жүйелеу, жалпылау білік, дағдыларын меңгерту мақсаттары көзделгенде ғана оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға болады. Ол үшін күнделікті оқыту үдерісінде әрбір пәннен берілетін теориялық білімді өмірдегі жағдайлармен байланыстырып, практикалық жағына бағыттап отыру керек. Сондықтан теория мен практиканың байланыста болуын қамтамасыз ету үшін әрбір пән бойынша берілетін […]

Толығырақ

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар