Өрлеу РКДИ мен Мәскеу қалалық педагогикалық университеті жанындағы Урбанистика және жаһандық білім беру ғылыми-зерттеу институты арасындағы ынтымақтастық аясында №131 пилоттық балабақша мен “Березка” жеке балабақшасымен жұмыс басталды. Урбанистика және жаһандық білім беру ғылыми-зерттеу институтының баланы дамыту зертханасы “Балабақшадағы ойын мен шығармашылықты дамыту шарттары” тақырыбында мәдениетаралық зерттеу жүргізіп, Өрлеу РКДИ аға оқытушысы Кайдакова Виктория диагност ретінде […]
ТолығырақАуылдық мектептерге әдістемелік қолдау көрсету аясында 4-6 қаңтар аралығында Меркі ауданы №6 ЖББМ педагогтерінің сұранысы бойынша үш күндік оқу-әдістемелік семинар ұйымдастырылды. Жоспарланған 3 күндік семинардың бірінші күні «Lesson study – сабақты зерттеу», екінші және үшінші күндері «Сабақ жоспарын жаңа форматта құрылымдау және тиімді оқыту» тақырыптарына арналды. «Өрлеу» – Жамбыл филиалының Жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту […]
ТолығырақТараз қаласындағы №54 орта мектебінің базасында «Ұшқын» фокус тобының жұмысы жалғасуда. «Өрлеу» – Жамбыл филиалының жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы, филология магистрі Карымбаева Сағадат фокус тобымен бірге Lesson study-дің бірінші циклын өткізді. Модератор ретінде алғашқы циклдың сабағы жоспарланды. Сабақ жоспарлану барысында сыныпты зерттеу тақырыбына негізделген тиімді оқытудың бірлескен оқу тәсілі таңдалды. […]
Толығырақ«Өрлеу» – Жамбыл филиалының ұйымдастыруымен 7 желтоқсан күні фейсбук парақшасының тікелей эфирінде «Сабақты зерттеу – мұғалім тәжірибесін дамыту негізі» тақырыбында республикалық тәжірибелік семинар өткізді. Семинар барысында Нұр-Сұлтан қаласының С.Садуақасұлы атындағы №78 мектеп гимназиясының үйлестірушісі Гулиза Абдикадырова «Мұғалімдердің кәсіби деңгейін дамытудағы бірлескен жұмыстың тиімділігі» тақырыбында серіктес мектеп қоғамдастығындағы сабақты зерттеу бойынша жұмыс барысымен және өз тәжірибесімен бөлісті. […]
Толығырақ