2023 жылғы 26 қазанда «Өрлеу» Республикалық кәсіби даму институтының базасында «Үздіксіз кәсіби білім беру жағдайындағы педагогтердің құзыреттілігінің деңгейлік мазмұны және оны бағалау тетіктері» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының «Информатика және білім беруді цифрландыру бойынша педагогтің кәсіби құзыреттілігін қамтамасыз ету тетіктері» секция отырысы өтті. Секция отырысының модераторы Институттың «Менеджмент және инклюзивті білім беру» кафедрасының меңгерушісі Сәуле Мұхамбетжанова болды. […]
Толығырақ2023 жылдың 10-19 мамыры аралығында Өрлеу Республикалық кәсіби даму институтының аға оқытушысы Жақсым Орынбек физика пәні мұғалімдеріне арналған біліктілікті арттыру курсын өткізді. Курстың бағдарламалық мазмұны негізінде физика пәні мұғалімдерінің пәндік құзыреттіліктерін дамытуға барынша қолдау көрсетілуде. Курс барысында орта білім беру жүйесіндегі мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары мен принциптері, «Физика» пәнінің күрделі тақырыптары және Lesson Study технологиясы […]
ТолығырақӨрлеу Республикалық кәсіби даму институтының аға оқытушысы Нарсеитова Фатима Алматы қаласы, №1 оқушылар үйінің ұйымдастыруымен «Үздік тәлімгер» байқауына қазылар алқасының төрайымы ретінде қатысты. Байқау аясында мектеп мұғалімдері «Мен және менің мамандығым», «Мен өз ісімнің шеберімін», «Мен болашақ ұрпақ тәлімгерімін» бағыттары бойынша үш кезеңнен бәйгеге қатысты. Байқаудың мақсаты «Жас ұлан», «Жас қыран» жасөспірімдер ұйымдарына бағыт-бағдар беріп, […]
ТолығырақБүгін, Өрлеу Республикалық кәсіптік даму институтының қызметкерлері үшін Алматы қаласы Әуезов ауданы төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы азаматтық қорғау майоры Дәренұлы Рауан және азаматтық қорғау аға лейтенанты Байлеов Исламбек басшылығымен төтенше жағдайлар бойынша оқу-жаттығулары өтті. Мемлекеттік кәсіпорында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау мен табиғи және техногендік жағдайлар қаупі жағдайында жұмыскерлердің іс-әрекеттері бойынша профилактикалық жұмыс жүргізілді. Жиналыс […]
ТолығырақКеше, «Өрлеу» РКДИ өкілдері Инклюзивті және арнайы білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығында болып, орталық директоры Кудерина Айкеріммен кездесті. Тараптар инклюзивті білім беру кеңістігінде серіктестікті дамыту саласындағы басым міндеттерді жүзеге асыруда өзара ынтымақтастықтың бірқатар бағыттарын белгіледі. Кездесу қорытындысы бойынша меморандумға қол қойылды.
Толығырақ2023 жылдың 10 ақпанында Өрлеу РКДИ аға оқытушысы Ибраева Жанар Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті ұйымдастырған «Тіл білімінің жаңа парадигмалары: теориялық және әдістемелік ізденістер» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысты. Конференция филолог ұстаздардың инновациялық, педагогикалық тәжірибелерін отандық, халықаралық жаңа мазмұнды білім беру ресурстары ретінде оқу үдерісінде жүзеге асыру бағыттарын […]
Толығырақ2023 жылдың 16 қаңтарында Өрлеу РКДИ аға оқытушысы Сабиханова Асель орта білім беру ұйымдары басшыларына арналған «Ұлттық құндылыққа бағдарланған функционалдық сауаттылық дағдылары бар бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру» тақырыбында вебинар өткізді. Вебинардың мақсаты – заманауи басшы ретінде бәсекеге қабілетті көшбасшы тұлғаны қалыптастыруда мұғалімдердің сабақ жоспарлауында ұлттық құндылықтардың белгілі элементтерін ескеру, тиімді жоспарлау мәселелерін талқылау, зерделеу және анықтау. […]
Толығырақ