Метка: Өрлеу

Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы

Алматы қаласы бойынша «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында «Ұйымшыл команда – келешек мектеп» тақырыбында бір күндік оқу тренингін өткізді. Іс-шара Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы акционерлік қоғамының ұйымдастыруымен 2026 жылғы 8–23 қаңтар аралығында өтті. Тренингтің негізгі мақсаты – педагогтердің командалық жұмыс дағдыларын дамыту, кәсіби өзара ынтымақтастықты нығайту және мектеп ұжымында қолайлы, […]

Толығырақ

Өнер мен ұстаздықты ұштастырған «Өнерлі ұстаз» байқауы

2025 жылдың 23–29 желтоқсан аралығында «Көркем еңбек» және «Музыка» пәні мұғалімдеріне арналған «Өнерлі ұстаз» қалалық байқауы өтті. Қалалық байқауға «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша Кәсіби даму институтының «Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы» кафедрасының аға оқытушысы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің докторанты, педагогика ғылымдарының магистрі Ибраева Жанар, сондай-ақ аталған кафедраның аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі, тренер Фатима […]

Толығырақ

STEM-БІЛІМ БЕРУДІҢ ҮЗДІКТЕРІ АНЫҚТАЛДЫ: РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

2025 жылғы 12 желтоқсанда Алматы қаласында білім беру саласындағы маңызды іс-шаралардың бірі – «STEM–педагог» республикалық байқауы өз мәресіне жетті. Аталған байқауды «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы – «Алматы қаласы бойынша Кәсіби даму институты» ұйымдастырды. Дода орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері арасында өтті. Байқаудың басты мақсаты – заманауи білім берудің өзекті бағыты болып саналатын […]

Толығырақ

«Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» пәндері бойынша жоғары ойлау дағдыларына негізделген курстан кейінгі қолдау ұйымдастырылды

2025 жылдың 14 қарашасында Алматыдағы «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған мазмұны терең, тәжірибеге бағытталған шебер-сынып өтті. Бұл іс-шара «Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» пәндері бойынша жоғары ойлау дағдыларына негізделген тапсырмалар құрастыруды жетілдіруді мақсат еткен курстан кейінгі қолдау алаңы ретінде ұйымдастырылды. Шебер-сыныпты Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы кафедраның аға оқытушысы Есентаева Айжан […]

Толығырақ

«Педагогикалық идеялар панорамасы» байқауының республикалық кезеңі жалғасуда!

Байқауға қатысушы педагогтердің 140-қа жуық бейнематериалы «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының YouTube арнасында жарияланды. Осы орайда әр бағыт бойынша «YouTube-та ең көп қаралған бейнематериал» номинациясы қарастырылғанын естеріңізге саламыз. Әрбір қаралым, лайк пен пікір — педагог үшін үлкен қолдау. Бұл олардың еңбегінің бағаланғанын білдіріп, жаңа идеяларға тың серпін береді. Өз ұстаздарыңызды қолдаңыз!Төмендегі сілтеме арқылы өтіп, бейнероликтерді […]

Толығырақ

ЖИ курсы: педагогтерге арналған жаңа мүмкіндіктер

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы ұйымдастырған онлайн курс мұғалімдерге жасанды интеллектпен жұмыс істеудің базалық дағдыларын меңгеруге мүмкіндік берді. Курстан өткен педагогтер цифрлық платформалардағы түрлі құралдарды оқу процесіне тиімді енгізіп, бұл бағытта білімін өз бетінше жетілдіруді жалғастыруда. Айта кетейік, соңғы екі айда еліміздің барлық өңірінен 300 мыңға жуық мұғалім жасанды интеллектіні сабақта қолдану бойынша онлайн курстан […]

Толығырақ

Жас педагогтердің кәсіби дамуына арналған қалалық семинар өтті

2025 жылдың 10 қарашасында «Жас педагогтің кәсіби дамуындағы тәлімгерлік» тақырыбында жалпы орта білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған біліктілікті арттыру курсы аясында «Алматыкітап» баспасында «Педагог тәжірибесінде күрделіліктің 5–6 деңгейлерінің функционалдық сауаттылығын дамыту үшін тапсырмаларды әзірлеу және қолдану» тақырыбында қалалық семинар өтті. Семинар аясында: Семинар барысында педагогтер жалпы орта білім беру ұйымдарына арналған өзекті ақпараттармен, жасанды интеллект, […]

Толығырақ

«Педагогикалық идеялар панорамасы – 2025» байқауының республикалық кезеңіне өтініш қабылдау аяқталды

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы жыл сайын ұйымдастыратын байқаудың республикалық кезеңіне бейнеформатта өтініш қабылдау рәсімі өз мәресіне жетті. Қатысушылардың бейнематериалдары сараптамалық бағалау комиссиясына жолданды. Байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімі 20 желтоқсанда Астана қаласында өтеді. Жеңімпаздар ТМД елдері арасында өтетін Педагогикалық шеберлік халықаралық фестиваліне қатысуға мүмкіндік алады. Сонымен қатар, байқау нәтижелері педагогтерді аттестаттау кезінде ескеріледі. Айта кетсек, […]

Толығырақ

«Өрлеу» Сассекс университетінің профессорымен педагогтердің кәсіби дамуын талқылады

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығында Ұлыбританияның Сассекс университетінің (University of Sussex) халықаралық қатынастар жөніндегі проректордың орынбасары, профессор Саймон Томпсонмен кездесу өтті. Кездесу барысында педагогтердің үздіксіз кәсіби дамуы мен бірлескен білім беру бастамаларын іске асыру бағытындағы ынтымақтастықтың болашағы талқыланды. Бұл бағыттар академиялық алмасуды дамытуға, инновациялық тәжірибелерді енгізуге және халықаралық байланыстарды нығайтуға кең мүмкіндік береді. «Өрлеу» қазақстандық […]

Толығырақ

Басқарма төрағасы Айдана Шилибекова Қазақстан Республикасының «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

 Республика күні қарсаңында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының Басқарма төрағасы Айдана Шилибекова Қазақстан Республикасының «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Жоғары мемлекеттік награданы ҚР Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова салтанатты түрде табыс етті. Министр ұстаздар мен білім саласы қызметкерлерін келе жатқан мерекемен құттықтап, олардың еңбегіне жоғары баға берді. Педагогика саласында 38 жылдық тәжірибесі бар, «Өрлеу» Батыс Қазақстан […]

Толығырақ

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар