2022 жылдың 19 қазанында «Өрлеу» ББЖҚБАРИ аға оқытушысы Байболова Гүлжанат Габдулахметқызының жетекшілігімен Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жосалы кенті, Шоқан Уәлиханов атындағы №26 орта мектептің базасында «Жан басына қаржыландыруға өту жағдайындағы инновациялық менеджмент» курсы аясында білім беру ұйымдарының басшылары «Педагогтің» кәсіптік стандарты жобасын талқылады. Жоба бес топта жан-жақты қарастырылды. Тәжірибелі директорлар талқылау барысында «Педагог» кәсіптік стандарты: […]
Толығырақ2022 жылғы қазанның 18-ші жұлдызында Павлодар филиалының оқытушылары Ө. Ертісхан және Б. Жаукенова Павлодар облысының Тереңкөл және Ертіс аудандарының ұстаздармен «Педагог» кәсіби стандартын талқылады. Іс-шара көшпелі курс барысында жүзеге асырылды. Жалпы талқылауға 50 мұғалім қатысып, өзекті сұрақтар қойылып, өз ұсыныстарын жасады. Кәсіби стандарт ҚР Оқу-ағарту министрлігімен Президенттің 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына жолдауын іске […]
Толығырақ2022 жылдың 18 қазанында Өрлеу ББЖҚБАРИ аға оқытушысы Аюпова Назым Алиятовна Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы орта білім беру ұйымдары директорларының оқу ісі жөніндегі орынбасарларына арналған «Білім беруді цифрлық трансформациялау жағдайындағы инновациялық менеджмент» біліктілікті арттыру курсының аясында «Педагог» кәсіби стандарты» тақырыбында интерактивті сағатын өткізді. Интерактивті сағатын өткізу барысында тренер педагогтің кәсіби құзыреттілігінің бірыңғай түсінігін қамтамасыз […]
Толығырақ2022 жылдың 17 қазанында Өрлеу ББЖҚБАРИ аға оқытушысы Комекова Сандуғаш Оралханқызы орта білім беру ұйымдары басшыларымен «Жаңа буын «Педагог» кәсіби стандартын» қарастыруда топтық талқылаулар дөңгелек үстел форматында өткізілді. Дөңгелек үстел аясында педагог мамандығының құндылықтары, педагогтің кәсіби құзыреттілігінің нақты шеңбері, кәсіби білім, оқыту тәжірибесі/тәрбиелеу және оқыту, педагогтердің кәсіби өсуі (дамуы), біліктілік санаттары бойынша педагогтердің құзыреттілік критерийлері, […]
ТолығырақПавлодар педагогикалық университетінің қабырғасында екіжүзе жуық педагог қауымы мен болашақ ұстаздарға «Педагог» кәсіби стандартының жобасы жайында ақпарат берілді. Іс-шараны «Өрлеу» білікті арттыру ұлттық орталығының Павлодардағы филиалы ұйымдастырды. Елімізде ұстаздардың мәртебесін көтеру бойынша ауқымды іс-шаралардың жүргізіліп жатқаны баршамызға мәлім. Сондай шаралардың қатарында ҚР Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 2 наурыздағы бұйрығына сәйкес әзірленген «Педагог» жаңа […]
Толығырақ2022 жылдың 18 қазанында Түркістан қаласы, Б.Момышұлы атындағы №22 жалпы орта мектеп базасында Өрлеу ББЖҚБАРИ тренері Сабиханова Әсел Каирбековна мектеп директорларымен «Педагог»кәсіби стандартын талқылады. Кәсіби стандарттың қажеттілігі мен сапаға әсері, кәсіби дамуына әсерлері мен мәселе өрістері талданды. Талдау барысында кәсіби стандарттың құзыреттіліктері – кәсіби құндылықтар, кәсіби білім, оқыту тәжірибесі/тәрбиелеу және оқыту, кәсіби өсу (даму) бойынша […]
Толығырақ2022 жылдың 17 қарашасында «Өрлеу» ұлттық біліктілікті арттыру орталығы» АҚ филиалы Қазақстан Республикасы Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институты базасында «Педагог» кәсіби стандартының жобасы бойынша орта білім беру ұйымдарының басшыларымен талқылау жүргізілді. Педагогтер санаттары бойынша ақпараттық – түсіндіру семинарында ББЖҚБАРИ директоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Ж.Макатова жаңа буынның кәсіби стандартының […]
Толығырақ2022 жылғы 17 қазанда «Педагог» кәсіби стандартын талқылау үшін қаланың педагогикалық қызметкерлерінің қатысуымен түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру мақсатында ақпараттық-шолу вебинары өткізілді. Семинар жұмысына Астана қаласының орта білім беру ұйымдары директорларының орынбасарлары қатысты. Семинар спикері Гүлназ Мылтықбайқызы Есжанова стандарт жобасын таныстырды. Жаңа буын стандартында алғаш рет мұғалімнің кәсіби құзыреттілігінің нақты шеңбері, педагогикалық кәсіптің құндылықтары, еңбек құзіреттері анықталып, […]
Толығырақ2022 жылғы 17 қазанда «Педагог» кәсіби стандартын талқылау жұмысын жүргізу үшін қаланың педагогикалық қызметкерлері арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру мақсатында филиал қызметкерлері үшін семинар өткізілді. Өрлеу филиалының Астана қаласы бойынша директоры Гүлназ Мылтықбайқызы Есжанова «Педагог» кәсіби стандартының жобасын таныстырып, негізгі мазмұнын сипаттап, қолдану салаларына, педагогтардың кәсіби құзыреттілігі шеңберінде, педагогтардың біліктілік санаттары бойынша құзыреттілік өлшемдеріне назар аударды. […]
Толығырақ2022 жылдың 5 қазанында Өрлеу ББЖҚБАРИ аға оқытушысы Тен Алира Сунтаковна білім беру ұйымдарының басшыларына арналған біліктілікті арттыру курсы аясында Алматы қаласының №195 жалпы білім беретін мектебінде “Оқытудың және басқарудың инновациялық және интерактивті әдістері” тақырыбында семинар өткізді. Семинар танымдық және басқарушылық қызметтің нысаны ретінде, ең алдымен, мұғалімге, оқушыға дербестікті, бастамашылықты және оқыту мен басқарудың тиімділігін […]
Толығырақ