Метка: Өрлеу

Шығыс Қазақстан облысындағы білім беру жүйесін дамыту

19 қараша күні, Өскемен қаласында мектепке дейінгі білім беру, мақсатты мектептер мен техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамыту мәселелеріне арналған маңызды кеңестер өтті. Іс-шараларға Қазақстан Республикасының Премьер-министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ербол Жолдасбекұлы Нұрғалиев, сондай-ақ аймақтың білім беру ұйымдарының басшылары қатысты. ШҚО бойынша «Өрлеу» филиалының атынан іс-шараға директор Жуманова Гаухар […]

Толығырақ

География пәнінде электронды картографиялық ресурстарды қолдану мүмкіндіктері

Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылындағы орта мектепте Институттың аға оқытушысы Ләззат Адыбаеваның ұйымдастыруымен «География пәнін оқытуда электронды картографиялық ресурстардың мүмкіндіктерін пайдалану» тақырыбында облыстық  шебер сынып өтті. Іс-шараға Жамбыл, Қарасай, Іле, Ұйғыр аудандарынан 36 мұғалім қатысты. География пәні бойынша лицейден – 2, аралас мектептен – 9, жалпы орта мектептен – 16, география пәні мұғалімдері қатысып, […]

Толығырақ

SMART оқытудың заманауи білім берудегі маңызы

Алматы облысы Іле ауданы №6 Ә.Молдабеков атындағы орта мектебінде «Педагогика және пәндік әдістер» кафедрасының меңгерушісі, PhD доктор Меруерт Бисенбаеваның ұйымдастыруымен қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған «SMART оқытудың заманауи білім берудегі маңызы» тақырыбында облыстық ашық сабақтар форумы өтті. Форумның мақсаты — жалпы білім беретін мектептерде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін арттырып, […]

Толығырақ

«Педагогикалық идеялар панорамасы» байқауының өңірлік кезеңінің жеңімпаздары марапатталды

Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» жыл сайын өткізетін «Педагогикалық идеялар панорамасы -2024» республикалық бейнесабақтар мен бейнедәрістер конкурсының өңірлік кезеңі аяқталды. «Өрлеу» Астана қаласы бойынша Кәсіби даму институты филиалы жыл сайынғы мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру ұйымдарына арналған бейне-сабақтар мен бейнедәрістердің «Педагогикалық идеялар панорамасы» республикалық […]

Толығырақ

Әріптесіміз Шалқар радиосына сұхбат берді

Өрлеу Алматы облысы бойынша кәсіби даму институтының «Педагогика және пәндік әдістер» кафедрасының аға оқытушысы Бақытжан Отарбаев «Қазіргі таңдағы білім беру ұйымдарындағы жастарға әскери-патриоттық тәрбие берудің негізгі бағыттары» тақырыбында Шалқар радиосының «Құтты білік» айдарына өз сұхбатын берді.

Толығырақ

Қостанай облысы алғашқы жайлы мектептің ашылуы өтті

4 қарашада Қостанай ауданы Заречный ауылында 900 оқушыға арналған мемлекеттік тілде оқытатын алғашқы жайлы мектептің ашылуы өтті. Бұл жоба әрбір баланың сапалы білімге қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін бастамашылық алған “Жайлы мектеп” Ұлттық бағдарламасы шеңберінде іске асырылды, осыған Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше рет назар аударған болатын. Қостанай облысы әкімінің орынбасары Ринат Зәкиұлы Мұхаметқали өз […]

Толығырақ

Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту

Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Ават ауылының И.Искандеров атындағы орта мектебінде Өрлеу Алматы облысы бойынша КДИ аға оқытушысы Мариям Мухамадиеваның ұйымдастыруымен «Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын сабақ барысында дамыту» тақырыбында облыстық шебер-сынып өтті. Бастауыш сыныптарда пәндерді оқытуда белсенді әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана отырып, білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту, бастауыш сынып мұғалімдеріне әдістемелік қолдау көрсету, педагогикалық тәжірибесін жетілдіру […]

Толығырақ

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы іске қосылды

2024 жылдың 30-31 қазанында Алматы облысы Қарасай ауданы Қошмамбет ауылындағы жайлы мектебінде «Топ құру және цифрлық сауаттылық» тақырыбында семинар тренинг өтті. Бұл іс-шара Ұлттық жоба шеңберінде орта білім беру ұйымдарында жайлы және қауіпсіз білім беру ортасын құру мақсатында, жайлы мектептердің педагогикалық ұжымына ұйымшылдықты, өзара сенімділікті және оқу үдерісінің сапасын арттыру үшін топ құру қағидаттарын енгізуді […]

Толығырақ

Жайлы мектеп ұжымына арналған 2-күндік тренинг

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Қарағанды қаласының №19 мектебі салынып, ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінде қолданысқа берілді. Жобаның негізгі мазмұны – балаларды оқыту және жан-жақты дамыту үшін қолайлы жағдайлар мен орта құру. Бүгін «Өрлеу» – Қарағанды филиалының оқытушылары мектеп ұжымы үшін 2 күндік тренингті бастады. Тренингке кәсіби даму, командалық білім беру, цифрлық дағдыларды дамыту, кәсіби құзыреттіліктерді […]

Толығырақ

Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

2024 жылдың 24 қазанында Өрлеу Алматы облысы бойынша кәсіби даму институтында «Ұлттық құндылықтар және қазақстандық білім беру жүйесіндегі этнопедагогика: бүгінгі жағдайы мен келешегі» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Іс-шараны Институт директоры Қайсар Нұрлыбаев ашты. Конференцияның мақсаты — ұлттық құндылықтар мен этнопедагогика саласындағы зерттеулермен танысу, озық ғылыми тұжырымдамалар бойынша пікір алмасу. Отандық және шетелдік педагог-ғалымдар, жоғары […]

Толығырақ

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар