Метка: Өрлеу

Көпшілік дәрістер циклін жалғастыру

Өрлеу» БАҰО» АҚ Қостанай филиалында тыңдаушылардың сұраныстарына негізделген білім беруді дамытудың өзекті мәселелері бойынша дәрістер циклінің кезекті жария дәрісі өтті.

Толығырақ

Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған біліктілікті арттыру курсының тыңдаушылары Тобыл қ. №1 жалпы білім беретін мектеп базасында көшпелі практикалық сабаққа қатысты

«Өрлеу» Қостанай филиалының бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған біліктілікті арттыру курстарының тыңдаушылары көшпелі практикалық сабақ шеңберіндегі «Қостанай ауданының білім бөлімінің Тобыл қаласының №1 жалпы білім беретін мектебі» КММ базасында ұйымдастырылған, «Қазақ және орыс тілдерінде оқытатын бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған бастауыш мектептің оқу жоспарындағы пәндердің күрделі тақырыптарын меңгеру» облыстық семинарына қатысты.

Толығырақ

Мектепке дейінгі ұйымдарында көптілді оқыту мен тәрбиелеу әдістемесі

Алматы қаласының мектепке дейінгі ұйымдарында көптілді оқыту және тәрбиелеу әдістемесі бойынша ЕҚЫҰ ММК-мен бірлескен жобаны іске асыру шеңберінде 10 пилоттық алаң жұмыс істейді. Жақында халықаралық сарапшылар – Стоянова Атанасия Петровна, Гүлназ Саирова және Өрлеу-Алматы кәсіби даму институтының аға оқытушысы, халықаралық жаттықтырушы Виктория Кайдакова, қалалық әдістемелік орталықтың мектепке дейінгі білім беру бөлімінің басшысы Гүлбану Кәкенқызы № […]

Толығырақ

Функционалдық сауаттылық: уақыт талабы және тиімді тәжірибе

2022 жылдың 19-жұлдызында «Өрлеу»-Павлодар аға оқытушысы Б.А. Жаукенова курстан кейінгі сүйемелдеу аясында «Функционалдық сауаттылық: уақыт талабы және тиімді тәжірибе» тақырыбында вебинар өткізді. Іс-шара қатысушыларының қатарында ү.ж. сәуір айында өткен математика пәні бойынша біліктілікті арттыру курсының қазақ тілінде оқытатын орта білім беру ұйымдарының математика пәні мұғалімдері болды. Онлайн-вебинардың басты мақсаты – заман талабына сай пәнаралық байланысты […]

Толығырақ

Әлеуметтік педагогтерге арналған көшпелі тәжірибелік сабақ

Қазақ және орыс тілдерінде оқытатын орта білім беру ұйымдарының әлеуметтік педагогтеріне арналған «Балалардың өмір қауіпсіздігін және әлеуметтенуін ұйымдастыру бойынша әлеуметтік педагогтің кәсіби құзыреттілігін дамыту» көшпелі тәжірибелік сабақтар (КТС) аясында ҚОӘББ «Қостанай ауданының ББ Заречный мектеп-лицейі» КММ базасында

Толығырақ

Тренинг «Тұрақты даму мақсатында білім беру»

16 мамырда ЮНЕСКО жобасы аясында «Тұрақты даму мақсатында білім беру» тренингі басталды, оған «Өрлеу «БАҰО» АҚ Қостанай филиалының қызметкерлері белсенді қатысуда.

Толығырақ

«Шалқар» радиосына сұхбат

Білім және ғылым жаңалықтары, тәрбие мен ұлттық құндылықтар дәріптелетін «Шалқар» радиосының  журналисі Нұржамал Янгибаеваның «Құтты білік» авторлық бағдарламасына «Өрлеу» БАҰО АҚФ Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлері біліктілігін арттыратын Республикалық институты  «Менеджмент және инклюзивті білім беру» кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты А.А.Маханбетова курс тыңдаушыларымен бірге арнайы сұхбат берді. «Білім беру ұйымдарында кәмелетке толмаған балалар […]

Толығырақ

Онлайн орталықтың жұмысына басты назар аударылады

АҚШ университеттері мен білім беру орталықтарындағы “Digital Education in the United States” бағдарламасы бойынша курс тыңдаушыларының тобы Айова штатының білім департаментіне барып қайтты. Кездесу нәтижелі әрі қызықты өтті. Департамент өкілі Тиффани Морган білім беру жобаларын шолуда онлайн-орталықтың жұмысына басты назар аударды. Әлем COVID-19 туралы әлі білмеген және дүниежүзілік індет болуы мүмкін деп күдіктенбеген кезде штаттың […]

Толығырақ

Облысымыздың биология пәнінің ұстаздары біліктілігін арттырды

«Өрлеу»-Павлодар филиалының қабырғасында қазақ тілінде оқытатын орта білім беру ұйымдарының биология пәні мұғалімдеріне арналған біліктілікті арттыру курсы өз мәресіне жетті. Курс «Биология пәні мұғалімінің кәсіби құзыреттілігін дамыту» тақырыбында өтті. Оған Павлодар облысының Ақтоғай, Шарбақты, Успен, Тереңкөл, Май, Баянауыл, Ертіс аудандары мен Екібастұз қаласының ұстаздары қатысты. (курс жетекшілері Р.Т. Нұрсейіт, А.Б. Алдабергенова) Екі апта бойы өткен […]

Толығырақ

Эстонияның білім беру жүйесінің тәжірибесі

Таллин университетінің профессорлары мен ғылыми қызметкерлері Zoom платформасында онлайн семинар өткізіп, Эстония білім беру жүйесіне бағдар жасап, жетістікке жетелейтін негізгі факторлармен таныстырды. Таллин университетінің стратегия менеджері Микк Касесалк мырза семинарға қатысушыларға арнаған сөзінде Эстония жоғары білімінің стратегиялық мақсаттарына тоқталды. Эстонияның білім беру жүйесіне жан-жақты бағдар жасап, PISA бойынша табысты факторлары туралы университет профессоры Мати Хайдметс, […]

Толығырақ

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар