«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Баспасөз-қызметінің басшысы бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.
Архив
"Өрлеу" орталық аппараты
Posted 1 месяц ago
Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті бағыт бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде екі жыл жұмыс өтілі. Мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерін еркін меңгеру.
Білуге тиіс: жарнама жөніндегі қызметті реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік құқықтық актілері, бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңнаманың негіздері, қоғаммен байланыс, авторлық және сабақтас құқықтар саласындағы кәсіби және этикалық қағидаттардың халықаралық және ұлттық кодекстері, маркетингті ұйымдастыру және нарықтың қаржылық-экономикалық жай-күйі мен сыйымдылығын Бағалау жөніндегі әдістемелік материалдар, нарықтық көрсетілетін білім беру қызметтеріне қажеттіліктің конъюнктурасы мен болжамдарын әзірлеу, жарнама ісін ұйымдастыру, тұтынушылардың көрсетілетін қызметтерге, бұқаралық ақпарат құралдарына деген көзқарасын ынталандыруды зерделеу әдістері, өткізу және жарнамалық құжаттаманы ресімдеу тәртібі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі заңнамалық актілер, еңбек заңнамасы, ішкі еңбек тәртібі қағидалары, еңбекті қорғау қағидалары мен нормалары, өрт қауіпсіздігі талаптары.
Негізгі міндеттері:
1) құрылымдық бөлімшенің құзыреті шегінде Қоғамның стратегиялық міндеттерін әзірлеуге және іске асыруды қамтамасыз етуге;
5) Басқарма жұмыскерлерінің қызметін үйлестіруге, қарамағындағы жұмыскерлердің лауазымдық міндеттерін орындауын қамтамасыз етуге;
6) филиалдармен әлеуметтік желілерде қауымдастықтар мен топтардың құрылуын, жүргізілуін және дамуын бақылауға;
7) жұмысты тексеруге және әлеуметтік желілер үшін мазмұнды (мәтіндер, фотосуреттер, бейнелер, аудио) іздеуге, жасауға және орналастыруға;
8) контент-жоспар құруға, тексеруге және филиалдарға жіберуге;
9) филиал директорларымен және PR-мамандармен кеңес өткізуге;
10) әлеуметтік желілерде жарияланған материалдар бойынша контент-жоспар бойынша шешім қабылдауға және кері байланыс беруге;
11) ірі іс-шараларды ұйымдастыруға және түсірілім процесін жүргізуге;
12) бұқаралық ақпарат құралдарымен, қоғамдық және коммерциялық ұйымдармен, сондай-ақ жеке тұлғалармен өзара іс-қимыл жасау кезінде өкілдік ету функцияларын орындауға;
13) Қоғам қызметінің әрекеттері мен аспектілеріне түсініктеме беруге және түсіндіруге;
14) Қоғам қызметінің жұртшылықпен байланыс саласындағы тиімділігіне бақылауды жүзеге асыруға;
15) Қоғамның беделіне теріс әсер ететін Қоғам қызметіндегі кемшіліктерді уақтылы жоюды қамтамасыз етуге;
16) сайттың мәтіндік толықтырылуын, ақпараттың үнемі жаңартылуын қадағалауға;
17) мәтіндерді ресімдеу дизайнын қоса алғанда, материалдарды редакциялау мен түзету және оларды құрылымдау жөніндегі жұмыстарды орындауға;
Ұсынылатын құжаттар тізбесі
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамына электрондық түрде (құжаттардың сканерленген көшірмелерін) немесе төменде көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынады:
Конкурстық комиссия төрағасының атына өтініш (сілтеме);
фотосуреті бар ақпараттық түйіндеме (сілтеме);
Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты;
қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады;
шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) не босқын куәлігі;
қажетті кәсіптік білімін, жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттар (білім туралы, біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже беру туралы құжаттардың көшірмелері, еңбек кітапшасының немесе талап етілетін біліктілік конкурсының шарттары бойынша еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері);
Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.
Қажет болған жағдайда конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат береді.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 2025 ж. 11.04. қоса есептегенде Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Достық көшесі 18, Москва БО, 22 қабат, 25 кабинет мекенжайы бойынша немесе kuzhat@orleu-edu.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады, анықтама телефоны:
8 (7172) 57-46-01, Персоналды басқару қызметі.
Сұхбат өткізу күні және орны:
2025 жылғы 14 сәуір, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Достық көшесі 18, Москва БО, 22 қабат, 31 кабинет.
Кандидаттың құжаттарды уақтылы немесе толық ұсынбауы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.