Ақпараттық технологиялар және СММ департаменті директорының орынбасары
Архив
"Өрлеу" орталық аппараты
Posted 3 года ago
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Ақпараттық технологиялар және СММ департаменті директорының орынбасары
лауазымына конкурс жариялайды, лауазым 2022 жылдың 1 тамызынан бастап күшіне енеді;
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптары: тиісті бағыт бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі кемінде төрт жыл. Мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерін еркін меңгеру.
Білуі керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Ғылым туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы», «Жарнама туралы», «Ақпараттандыру туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарын, біліктілікті арттыру, оқыту және білім беру саласын, педагогика мен психологияның әдіснамалық негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, менеджмент негіздерін, педагогикалық ғылым мен тәжірибенің жетістіктерін реттейтін нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ Қоғамның осы лауазымға белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін.
Негізгі міндеттері:
2) атқаратын лауазымы бойынша құзыреті шегінде Қоғам басшылығының тапсырмаларын орындау;
3) міндеттерді нәтижелі орындау үшін еңбек өнімділігін, өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыру;
4) Департамент жұмыскерлерінің қызметін, оның ішінде еңбек тәртібін үйлестіру, бағынысты жұмыскерлердің лауазымдық міндеттерді орындауына бақылау жасау;
5) басқару, оқу және әдістемелік жұмыстың барлық салаларына ақпараттық технологияларды енгізу үшін жағдай жасау;
6) Департамент директорының қарауына филиалдардың ақпараттық технологиялар және қоғаммен байланыс саласындағы қызметін ағымдағы және перспективалық жоспарлау бойынша ұсыныстар енгізу;
7) БАҚ-та, әлеуметтік желілерде және Қоғамның интернет-ресурстарында Қоғам қызметін жариялау мәселелерін шешу жолдарын айқындау;
8) Қоғамның интернет-ресурстарының жұмыс істеуін қамтамасыз етуді үйлестіру;
9) курстық және курсаралық іс-шараларды оқу және әдістемелік сүйемелдеуді виртуалдық-интерактивтік технологияландырудың әзірленуін қамтамасыз ету;
10) Қазақстан Республикасының біліктілікті арттыру жүйесін әлемдік білім беру кеңістігіне интеграциялау, білім беруді ақпараттандыру мәселелері бойынша жақын және алыс шетелдердің жетекші оқу орындарымен, ғалымдарымен өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейту бойынша жұмысты ұйымдастыру, қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды белсенді пайдалану және дамыту;
11) біліктілікті қашықтықтан арттыру, орталық сервер порталын мультимедиялық және виртуалды-интерактивті, бейне оқыту материалдарымен толтыру бойынша оқу іс-шараларын әзірлеу және бекіту процесіне жетекшілік ету;
12) кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау курстарының ұйымдастырылуын, филиалдардың ақпараттандырылуын бақылау;
13) қазақстандық және шетелдік жетекші жоғары оқу орындарымен және ғылыми-зерттеу орталықтарымен ынтымақтастыққа бастамашылық жасау және қолдау көрсету;
14) сервердегі деректер қоры бойынша жұмыс процесінің, барлық деңгейдегі білім беру ұйымдарының, білім беруді басқару органдарының және әдістемелік қызметтердің басшы, ғылыми-педагогикалық және әдістемелік кадрлар сабақтастығының, үздіксіз біліктілігін арттырудың қамтамасыз етілуін реттеу;
15) Қоғамның барлық құрылымдары жұмыскерлерінің ақпараттық технологияларды пайдалануы бойынша ұсыныстар жасау, тәжірибелік көмек көрсету;
16) есептілік үшін цифрлық форматта құжат айналымы желісі бойынша ақпараттың жинақталуын, жүйеленуін, өңделуін және талдау жасалуын үйлестіру;
17) бұқаралық ақпарат құралдарымен, қоғамдық, коммерциялық ұйымдармен, мемлекеттік органдармен және ұйымдармен, сондай-ақ жеке тұлғалармен өзара іс-қимыл кезінде Қоғамның ресми өкілі ретінде әрекет ету;
18) Қоғамның қоғаммен байланыс саласындағы сыртқы және ішкі саясатының қолданыстағы жоспарларын, бағдарламаларын және тұжырымдамасын түзету мақсатында қоғамдық пікірге зерттеу жүргізу орындылығын негізге ала отырып, бекіту;
19) қоғамдық пікірді зерттеу нәтижелері негізінде Қоғам қызметінің тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстарды дайындау және жалпылау;
20) Қоғамның қоғаммен байланыс саласындағы қызметінің тиімділігін қадағалау немесе тиімділігіне мониторинг жүргізу;
21) филиалдармен, сыртқы ұйымдармен құжат айналымын және ақпарат алмасуды жетілдіру жөніндегі жұмыс процесін реттеу;
22) Қоғам басшылығына, сондай-ақ Қоғамның қоғаммен байланыс саласындағы қызметіне, ақпараттық-жарнамалық саясатына, қызметтің жаңа бағыттарын ілгерілету және оларды ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі ұзақ мерзімді бағдарламаларға байланысты барлық мәселелер бойынша Қоғамның құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына жедел хабарлау;
23) ақпараттандыру және қоғаммен байланыс саласындағы озық технологияларды енгізу негізінде Қоғам қызметін жетілдіру процесін қолдау;
24) іс қағаздарын жүргізу, құжаттардың сақталуын және олардың белгіленген тәртіпте мұрағатқа тапсырылуын қамтамасыз ету;
25) келіп түскен құжаттарды, өкімдер мен хабарламаларды орындау, сондай-ақ ақпараттық-нормативтік құжаттарды алу процесін басқару;
- Департамент қызметінің функционалдық бағыттарына қатысты мәселелер бойынша негізгі қызмет бойынша бұйрықтар жобаларын әзірлеу;
27) Департамент директоры уақытша болмаған жағдайда (демалыс, іссапар, еңбекке уақытша жарамсыздық және т.б.) оның міндеттерін орындау;
28) өзіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдау;
29) жұмыс берушінің және жұмыскерлердің мүлкіне ұқыпты қарау;
38) атқаратын лауазымы бойынша өкілеттіктер мен құзыреттер шеңберінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген өзге де міндеттерді орындау.
Ұсынылатын құжаттар тізбесі
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамына электрондық түрде (құжаттардың сканерленген көшірмелерін) немесе төменде көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынады:
– Конкурстық комиссия төрағасының атына өтініш (сілтеме);
– фотосуреті бар түйіндеме (сілтеме);
– Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты;
қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады;
шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) не босқын куәлігі;
– қажетті кәсіптік білімін, жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттар (білім туралы, біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже беру туралы құжаттардың көшірмелері, еңбек кітапшасының немесе талап етілетін біліктілік конкурсының шарттары бойынша еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері);
Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.
Қажет болған жағдайда конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат береді.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 02.08.2022ж. дейін Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Достық көшесі 18, Москва БО, 22 қабат, 25 кабинет мекен-жайы бойынша немесе kuzhat@orleu-edu.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады, анықтамалар телефоны: 8(7172) 57-46-01, Құқықтық және әкімшілік-кадрлық жұмыс департаменті.
Сұхбат өткізу күні, уақыты және орны:
2022 жылғы 4 тамызында сағат 11.00-де Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Достық көшесі 18, Москва БО, 22 қабат, 31-кабинет
Кандидаттың құжаттарды уақтылы немесе толық ұсынбауы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.