Басқарма Төрағасының көмекшісі
Архив
"Өрлеу" орталық аппараты
Posted 2 года ago
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Құқықтық және әкімшілік-кадрлық жұмыс департаментінің
Басқарма Төрағасының көмекшісі бос лауазымына конкурс жариялайды
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптары: жоғары оқу орнынан кейінгі білім (магистратура) немесе жоғары білімі болған жағдайда лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде екі жыл жұмыс өтілі. Мемлекеттік және (немесе) орыс тіл-дерін еркін меңгеру, сондай-ақ ағылшын тілін еркін меңгеруіне артықшылық беріледі.
Білуі керек: Заңнамалық, өзге де нормативтік құқықтық актілер мен экономикалық қызмет түрінің экономикалық және техникалық даму бағыттарын айқындай-тын әдістемелік материалдарды; ұйымның және оның бөлімшелерінің жұмысын жедел басқару, техникалық-экономикалық жоспарлауды ұйымда-стыру және талдау негіздерін; ұйымның өндірістік және басқару құрылы-мын; бөлімшелер арасындағы өндірістік және функционалдық байланыстарды; басқару әдістерін, менеджмент және маркетинг негіздерін; іс жүргізу жүйесінің негізгі ережелерін; орындауды бақылау нысандары мен әдістерін; біріздендірілген ұйымдық-өкімдік құжаттама жүйесінің стандарт-тарын; іскерлік келіссөздер жүргізу тәртібін; іскерлік қарым-қатынас этикасын; өндірісті, еңбекті және басқаруды ұйымдастыру негіздерін; еңбек заңнамасын, ішкі еңбек тәртібі ережелерін, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария қағидалары мен нормаларын, өрт қауіпсіздігінің талаптарын білу керек.
Негізгі міндеттері:
1) еңбек шартымен, Қоғамның ішкі актілерімен және осы лауазымдық нұсқаулықпен жүктелген міндеттерді сапалы және уақытылы орындау;
2) атқаратын лауазымы бойынша құзыреті шегінде Қоғам Басқармасы мүшелерінің, сондай-ақ Департамент директорының тапсырмаларын орындау;
3) міндеттерді нәтижелі орындау үшін еңбек өнімділігін, өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыру;
4) Қоғам Басқармасы мүшелерінің жұмыс күнін жоспарлау: кездесулер, сапарлар, қоңыраулар, қабылдаулар және басқа да іс-әрекеттер кестесін әзірлеу және келісу;
5) Басқарма мүшелерін техникалық қамтамасыз етуді жүргізу: авиа-теміржол билеттеріне тапсырыс беру, келіссөздерді, кездесулерді және т. б. ұйымдастыру;
6) Басқарма Төрағасы өткізетін отырыстардың, кездесулердің, кеңестердің өткізілуін ұйымдастыру;
7) қажетті материалдарды дайындау, қатысушыларды олардың өткізілетін уақыты, орны, күн тәртібі туралы хабардар ету;
8) Басқарма мүшелері кездесулерінің, отырыстарының, келіссөздерінің барысы мен нәтижелерін тіркейтін хаттамалар мен басқа да құжаттарды жүргізу;
9) Қоғамның құрылымдық бөлімшелері басшыларының назарына Басқарма Төрағасының нұсқауларын, өкімдерін жеткізу және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
10) ақпаратты жинау, Басқарма Төрағасына талдамалық, ақпараттық, анықтамалық және басқа да есептерді дайындау және ұсыну;
11) Басқарма мүшелерінің телефон арқылы келіссөздерін өткізуді ұйымдастыру, олар болмаған кезде әртүрлі байланыс арналары арқылы алынған ақпаратты жазу және оның мазмұнын Басқарма мүшелеріне жеткізу;
12) Басқарма мүшелерінің жеке және заңды тұлғаларды қабылдау кестесін құру және бақылау;
13) келушілерді Қоғам Басқармасы мүшелерінің жеке қабылдауына жазуды жүзеге асыру;
14) Басқарма мүшелеріне қол қоюға кіріс хат-хабарлар бойынша жұмысты ұйымдастыруды жүзеге асыру, есепке алуды жүргізу және орындаушыларға кері беру;
15) хаттар, сұрау салулар және басқа да қажетті құжаттар жасау;
16) Басқарма мүшелерінің жұмыс орындарын ұйымдастыру техникасының қажетті құралдарымен, кеңсе керек-жарақтарымен қамтамасыз ету;
17) сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді өзіне қабылдау;
18) мұрағатқа белгіленген тәртіпте құжаттарды тапсыру және қабылдау бойынша жұмысты үйлестіру;
19) Департаменттің бас маманы (іс жүргізушісі) уақытша болмаған жағдайда олардың міндеттерін орындау (демалыс, іссапар, еңбекке уақытша жарамсыздық және т.б.);
20) жұмыс берушінің және жұмыскерлердің мүлкіне ұқыпты қарау;
21) келтірілген залалды Қазақстан Республикасының қолданыстағы еңбек заңнамасында және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген шектерде жұмыс берушіге өтеу;
22) атқаратын лауазымы бойынша өкілеттіктері мен құзыреттері шеңберіндегі мәселелер бойынша Қоғамның жұмыс топтарының, комиссияларының жұмысына, сондай-ақ кеңестеріне қатысу;
23) мүгедектіктің белгіленгені немесе еңбек міндеттерін жалғастыруға кедергі келтіретін денсаулық жағдайының өзге де нашарлауы туралы жұмыс берушіге хабарлау;
24) адамдардың өмірі мен денсаулығына, жұмыс беруші мен жұмыскерлер мүлкінің сақталуына қатер төндіретін ахуал туындағаны, сондай-ақ бос тұрып қалу туындағаны туралы жұмыс берушіге хабарлау;
25) жұмыс берушінің талабы бойынша жұмыс берушінің актісінде көзделген жағдайларда, сондай-ақ басқа жұмысқа ауыстыру кезінде профилактикалық медициналық қарап-тексеруден өту;
26) жұмыс беруші беретін жеке және ұжымдық қорғану құралдарын мүлтіксіз қолдану және мақсаты бойынша пайдалану;
27) еңбек міндеттерін орындауға байланысты өзіне мәлім болған қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етпеу;
28) Қоғамның еңбек тәртібін, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартын және қызметтік әдеп ережелерін, сондай-ақ жұмыс орнында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі және өндірістік санитария жөніндегі нормалардың, қағидалардың және нұсқаулықтардың талаптарын сақтау;
29) атқаратын лауазымы бойынша өкілеттіктер мен құзыреттер шеңберінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген өзге де міндеттерді орындау.
Ұсынылатын құжаттар тізбесі
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамына электрондық түрде (құжаттардың сканерленген көшірмелерін) немесе төменде көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынады:
– Конкурстық комиссия төрағасының атына өтініш (сілтеме);
– фотосуреті бар ақпараттық түйіндеме;
– Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе Қазақстан
Республикасы азаматының төлқұжаты;
қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады;
шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) не босқын куәлігі;
– қажетті кәсіптік білімін, жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттар (білім туралы, біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже беру туралы құжаттардың көшірмелері, еңбек кітапшасының немесе талап етілетін біліктілік конкурсының шарттары бойынша еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері);
Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.
Қажет болған жағдайда конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат береді.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 21.04.2023 ж. дейін Астана қаласы, Достық көшесі 18, Москва БО, 22 қабат, 25 кабинет мекен-жайы бойынша немесе kuzhat@orleu-edu.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады, анықтамалар телефоны: 8(7172) 57-46-01, Құқықтық және әкімшілік-кадрлық жұмыс департаменті.
Сұхбат өткізу күні, уақыты және орны:
2023 жылғы 24 сәуірінде Астана қаласы, Достық көшесі 18, Москва БО, 22 қабат
Кандидаттың құжаттарды уақтылы немесе толық ұсынбауы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.