Басқарма Төрағысының көмекшісі
Архив
"Өрлеу" орталық аппараты
Posted 2 года ago
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Басқарма Төрағысының көмекшісі бос лауазымына конкурс жариялайды;
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптары: жоғары оқу орнынан кейінгі білім (магистратура) немесе жоғары білімі болған жағдайда лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде екі жыл жұмыс өтілі. Мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерін еркін меңгеру, сондай-ақ ағылшын тілін еркін меңгеруіне артықшылық беріледі.
Білуі керек: Заңнамалық, өзге де нормативтік құқықтық актілер мен экономикалық қызмет түрінің экономикалық және техникалық даму бағыттарын айқындайтын әдістемелік материалдарды; ұйымның және оның бөлімшелерінің жұмысын жедел басқару, техникалық-экономикалық жоспарлауды ұйымдастыру және талдау негіздерін; ұйымның өндірістік және басқару құрылымын; бөлімшелер арасындағы өндірістік және функционалдық байланыстарды; басқару әдістерін, менеджмент және маркетинг негіздерін; іс жүргізу жүйесінің негізгі ережелерін; орындауды бақылау нысандары мен әдістерін; біріздендірілген ұйымдық-өкімдік құжаттама жүйесінің стандарттарын; іскерлік келіссөздер жүргізу тәртібін; іскерлік қарым-қатынас этикасын; өндірісті, еңбекті және басқаруды ұйымдастыру негіздерін; еңбек заңнамасын, ішкі еңбек тәртібі ережелерін, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария қағидалары мен нормаларын, өрт қауіпсіздігінің талаптарын білу керек.
Негізгі міндеттері:
3) міндеттерді нәтижелі орындау үшін еңбек өнімділігін, өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыру;
4) Қоғам Басқармасы мүшелерінің жұмыс күнін жоспарлау: кездесулер, сапарлар, қоңыраулар, қабылдаулар және басқа да іс-әрекеттер кестесін әзірлеу және келісу;
5) Басқарма мүшелерін техникалық қамтамасыз етуді жүргізу: авиа-теміржол билеттеріне тапсырыс беру, келіссөздерді, кездесулерді және т. б. ұйымдастыру;
6) Басқарма Төрағасы өткізетін отырыстардың, кездесулердің, кеңестердің өткізілуін ұйымдастыру;
7) қажетті материалдарды дайындау, қатысушыларды олардың өткізілетін уақыты, орны, күн тәртібі туралы хабардар ету;
8) Басқарма мүшелері кездесулерінің, отырыстарының, келіссөздерінің барысы мен нәтижелерін тіркейтін хаттамалар мен басқа да құжаттарды жүргізу;
9) Қоғамның құрылымдық бөлімшелері басшыларының назарына Басқарма Төрағасының нұсқауларын, өкімдерін жеткізу және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
10) ақпаратты жинау, Басқарма Төрағасына талдамалық, ақпараттық, анықтамалық және басқа да есептерді дайындау және ұсыну;
11) Басқарма мүшелерінің телефон арқылы келіссөздерін өткізуді ұйымдастыру, олар болмаған кезде әртүрлі байланыс арналары арқылы алынған ақпаратты жазу және оның мазмұнын Басқарма мүшелеріне жеткізу;
12) Басқарма мүшелерінің жеке және заңды тұлғаларды қабылдау кестесін құру және бақылау;
13) келушілерді Қоғам Басқармасы мүшелерінің жеке қабылдауына жазуды жүзеге асыру;
15) Басқарма мүшелеріне қол қоюға кіріс хат-хабарлар бойынша жұмысты ұйымдастыруды жүзеге асыру, есепке алуды жүргізу және орындаушыларға кері беру;
15) хаттар, сұрау салулар және басқа да қажетті құжаттар жасау;
16) Басқарма мүшелерінің жұмыс орындарын ұйымдастыру техникасының қажетті құралдарымен, кеңсе керек-жарақтарымен қамтамасыз ету;
17) сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді өзіне қабылдау;
18) мұрағатқа белгіленген тәртіпте құжаттарды тапсыру және қабылдау бойынша жұмысты үйлестіру;
19) Департаменттің бас маманы (іс жүргізушісі) уақытша болмаған жағдайда олардың міндеттерін орындау (демалыс, іссапар, еңбекке уақытша жарамсыздық және т.б.);
20) жұмыс берушінің және жұмыскерлердің мүлкіне ұқыпты қарау;
Ұсынылатын құжаттар тізбесі
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамына электрондық түрде (құжаттардың сканерленген көшірмелерін) немесе төменде көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынады:
– Конкурстық комиссия төрағасының атына өтініш (сілтеме);
– фотосуреті бар ақпараттық түйіндеме;
– Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты;
қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады;
шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) не босқын куәлігі;
– қажетті кәсіптік білімін, жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттар (білім туралы, біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже беру туралы құжаттардың көшірмелері, еңбек кітапшасының немесе талап етілетін біліктілік конкурсының шарттары бойынша еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері);
Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.
Қажет болған жағдайда конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат береді.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 24.05.2023ж. дейін Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Достық көшесі 18, Москва БО, 22 қабат, 25 кабинет мекен-жайы бойынша немесе kuzhat@orleu-edu.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады, анықтамалар телефоны: 8(7172) 57-46-01, Құқықтық және әкімшілік-кадрлық жұмыс департаменті.
Сұхбат өткізу күні, уақыты және орны:
2023 жылғы 25 мамырда Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Достық көшесі 18, Москва БО, 22 қабат
Кандидаттың құжаттарды уақтылы немесе толық ұсынбауы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.