Архив
Posted 3 года ago

«Өрлеу» БАҰО» АҚ «Батыс Қазақстан облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалы бос лауазымдық орынға орналасуға конкурс жариялайды.

2022 жылдың 1 тамыз айынан бастап Кәсіби даму кафедрасының аға оқытушысы( орыс тілінен тренері 0,25 бірлік жүктеме белгілі бір жұмыстың орындалу уақытына)

Үміткерлерге қойылатын талаптар: тиісті бейін бойынша  жоғары және (немесе)жоғары  оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе өзге де кәсіптік білім , педагогикалық еңбек өтілі кемінде үш жылу болуы тиіс;

Білім беру жүйелерін басқару теориясы мен әдістерін, оқу жоспарларын жасау тәртібін, оқу жұмысы бойынша құжаттаманы жүргізу ережелерін, кәсіптік оқыту әдістемесін, педагогикалық этика нормаларын, заманауи оқыту мен тәрбиелеу нысандары мен әдістерін, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, оқу жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу және бекіту тәртібін, тыңдаушыларды заманауи оқыту әдістерін білуі тиіс.

Конкурсқа қатысуға ниет білдіруші тұлға төмендегідей құжаттарды ұсынады:

  1. Конкурс комиссиясы төрағасының атына өтініш;
  2. Фотосуреті бар түйіндеме;
  3. Жеке басын куәландыратын құжат көшірмесі;
  4. Қажетті кәсіптік білімін, жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттар (білімі туралы, біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже беру туралы құжаттардың көшірмелері, еңбек кітапшасының немесе талап етілетін біліктілік конкурсының шарттары бойынша еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері).

 Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген барлық құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар берілген құжаттар тізбесіне сәйкес хабарландыру берілген күннен бастап 5(бес) жұмыс күні ішінде мына мекенжай бойынша тапсырылуы тиіс:

Орал қаласы, Абай даңғылы 238/2,  203 кабинет

Анықтама үшін телефондар: 25-15-55, 25-15-72

Электрондық пошта: kadr_zkoipk@mail.ru

Apply For This Job