Батыс Қазақстан облысы бойынша “Өрлеу” Ақпараттық жүйелер және СММ тобының жүйе әкімшісі
Архив
Posted 3 года ago
«Өрлеу» БАҰО» АҚ «Батыс Қазақстан облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалы бос лауазымдық орынға орналасуға конкурс жариялайды
2022 жылдың 1 тамыз айынан бастап Ақпараттық жүйелер және СММ тобының жүйе әкімшісі – 1 бірлік
Үміткерлерге қойылатын талаптар: тиісті кадрлар даярлау бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі ) білім, тиісті мамандық (біліктілік) бойынша жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе орта білімнен кейінгі ( арнайы орта,кәсіптік орта) білімі және мамандығы бойынша жұмыс өтілі бір жылдан кем емес болуы тиіс;
Ақпараттық және бағдарламалық құралдардың жұмыс істеу мен құрылымының жалпы қағидаттарын, желілік әкімшілендіруді ұйымдастыру негіздерін, бағдарлау негіздерін, ақпаратты өңдеу кезінде есептеу техникасын бағдарлау және пайдалану әдістерін,серверлік желілік ресурстарды қамтамасыз етуді, қауіпсіздік техникасы мен өрт қауіпсіздігі ережері мен нормаларын, санитарлық ережелердің сақталуын білуі тиіс.
Конкурсқа қатысуға ниет білдіруші тұлға төмендегідей құжаттарды ұсынады:
- Конкурс комиссиясы төрағасының атына өтініш;
- Фотосуреті бар түйіндеме;
- Жеке басын куәландыратын құжат көшірмесі;
- Қажетті кәсіптік білімін, жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттар (білімі туралы, біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже беру туралы құжаттардың көшірмелері, еңбек кітапшасының немесе талап етілетін біліктілік конкурсының шарттары бойынша еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері).
Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген барлық құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар берілген құжаттар тізбесіне сәйкес хабарландыру берілген күннен бастап 5(бес) жұмыс күні ішінде мына мекенжай бойынша тапсырылуы тиіс:
Орал қаласы, Абай даңғылы 238/2, 203 кабинет
Анықтама үшін телефондар: 25-15-55, 25-15-72
Электрондық пошта: kadr_zkoipk@mail.ru