Бизнес-аналитик (өтемелі қызмет көрсету шарты бойынша)
Архив
"Өрлеу" орталық аппараты
Posted 2 месяца ago
Біліктілікке қойылатын талаптар: қажетті бағытта жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, ақпараттық технологиялар саласында немесе оған қатысты салаларда жұмыс тәжірибесі. Мемлекеттік және орыс тілдерін білу. Бизнестің процестерін және оларды оңтайландыруды түсіну, деректерді жинау және талдау, бизнес-талдау, презентацияларды модельдеу, келіссөздер жүргізу, ұсынылған шешімдерді сипаттау және негіздеу қабілеті.
Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Білім туралы», «Педагогтың мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы» және ақпараттық технологиялар саласындағы қызметті реттейтін басқа нормативтік құқықтық актілер, сондай-ақ еңбек заңнамасын білу қажет.
Бизнестің процестерін басқару негіздері, заманауи әзірлеу әдістемелері, жобаларды басқару негіздері және оларды бизнес-талдау саласында қолдану, талаптарды жинау әдістері, пайдаланушылармен сұхбат жүргізу, техникалық құжаттамаларды әзірлеу (техникалық тапсырмалар, спецификациялар, тестілеу хаттамалары, техникалық талаптар және т.б.), деректерді өңдеу және талдау әдістері.
Негізгі міндеттері:
- Мүдделі тараптармен (тапсырыс берушілермен, пайдаланушылармен, жетекшілермен) кездесулер өткізіп, талаптарды жинау және нақтылау.
- Бизнестің талаптарын, функционалдық және функционалдық емес талаптарды анықтау және құжаттау.
- Талаптардың басымдылығын анықтау, өзгерістер мен нақтылауларды басқару.
- Қазіргі бизнес процестерін зерттеу және модельдеу.
- Қолданыстағы процестердегі тар жерлер мен мәселелі аймақтарды анықтау.
- Процестерді оңтайландыру және автоматтандыру үшін шешімдер ұсыну.
- Процестердің тиімділігін және өнімділігін арттыру мақсатында ұсыныстар әзірлеу.
- Техникалық тапсырмаларды, жобалық спецификацияларды және процестердің модельдерін құрастыру.
- Болашақ шешімдер үшін use case, user stories және өзара әрекеттесу схемаларын жасау.
- Бизнестің талаптарын әзірлеушілер тобына арналған техникалық тапсырмаларға аудару.
- Әзірлеушілермен, тестілеушілермен және басқа мүдделі тараптармен үнемі байланыста болып, талаптарды нақтылау және тапсырмалардың орындалуын бақылау.
- Тестілеу процесіне қатысу, тест-кейстер жасау және шешімдердің талаптарға сәйкестігін тексеру.
- Қажетті құжаттамаларды әзірлеу және оның өзектілігін қамтамасыз ету, соның ішінде спецификациялар, есептер, схемалар және нұсқаулықтар.
- Барлық мүдделі тараптар үшін құжаттаманың түсінікті және айқын болуын қамтамасыз ету.
- Жобаның барлық кезеңдерінде тапсырыс берушілермен және пайдаланушылармен байланыс орнату, талаптарды жинаудан бастап шешімнің іске асырылуына дейін.
Ұсынылатын құжаттар тізбесі:
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамына электрондық түрде (құжаттардың сканерленген көшірмелерін) немесе төменде көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынады:
– конкурстық комиссия төрағасының атына сілтемеге сәйкес өтініш (сілтеме);
– фотосуреті бар ақпараттық сілтемеге сәйкес түйіндеме (сілтеме);
– дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім беру (сілтеме);
– Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты;
– қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады;
– шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) не босқын куәлігі;
– қажетті кәсіптік білімін, жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттар (білім туралы, біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже беру туралы құжаттардың көшірмелері, еңбек кітапшасының немесе талап етілетін біліктілік конкурсының шарттары бойынша еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері).
Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.
Қажет болған жағдайда конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат береді.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 2025 жылғы 6 сәуірді қоса есептегенде Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Достық көшесі 18, «Москва» БО, 22 қабат, 25 кабинет мекенжайы бойынша немесе kuzhat@orleu-edu.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады, анықтама телефоны: +7(7172)57-46-01, Құқықтық және кадрлық жұмыс департаменті.
Сұхбат өткізу күні және орны:
2025 жылғы 10 сәуір, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Достық көшесі 18, «Москва» БО, 22 қабат, 28 кабинет.
Конкурстың өткізілуі туралы ақпарат қатысушыларға телефон арқылы хабарланатын болады.
Кандидаттың құжаттарды уақтылы немесе толық ұсынбауы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.