Архив
"Өрлеу" орталық аппараты
Posted 2 года ago

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Құқықтық және әкімшілік-кадрлық жұмыс департаментінің

      Білім беру бағдарламалары және курстан кейінгі қолдау            департаментінің директоры бос лауазымына конкурс жариялайды;   

         Лауазымға қойылатын біліктілік талаптары:  жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары педагогикалық білім, кемінде бес жыл педагогикалық жұмыс өтілі, ғылым докторы немесе ғылым кандидаты ғылыми дәрежесі немесе филосо-фия докторы (PhD) дәрежесі болған жағдайда, кемінде үш жыл педагогика-лық жұмыс өтілі. Мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерін еркін меңгеру.

– сабырлылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметтерді тұты-нушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлық, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық сияқты құзыреттер бойында болу керек.

        Білуі керек: Қазақстан Республикасының білім беру қызметін реттейтін заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі заңнамалық актілерді, педагогика және психология негіздерін, педагогиканы, педагогикалық психологияны, педагогикалық ғылым мен тәжірибенің жетістіктерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, инновациялық басқару әдістерін, еңбек заңнамасын, ішкі еңбек тәртібі ережелерін, еңбекті қорғау қағидалары мен нормаларын, өрт қауіпсіздігінің талаптарын білу керек.

Негізгі міндеттері:

1) еңбек шартымен, Қоғамның ішкі актілерімен және осы лауазымдық нұсқаулықпен жүктелген міндеттерді сапалы және уақытылы орындау;

           2) атқаратын лауазымы бойынша құзыреті шегінде атқаратын лауазымы бойынша құзыреті шегінде Қоғам басшылығының, сондай-ақ Департамент директоры – бас бухгалтерінің және оның орынбасарының тапсырмаларын орындау;

           3) міндеттерді нәтижелі орындау үшін еңбек өнімділігін, өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыру;

4) жеткізушілерден және орындаушылардан, мердігерлерден тауарларды, қызметтер мен жұмыстарды сатып алу бойынша жұмысты жүзеге асыру;

5) мемлекеттік сатып алу бойынша азаматтық-құқықтық мәмілелерді әзірлеуге және жасасуға қатысу;

6) жеткізушілердің шарттық міндеттемелерді орындауын, түсетін тауарлардың және материалдық ресурстар мен көрсетілетін қызметтердің басқа да түрлерінің саны мен сапасын бақылау;

          7) мемлекеттік сатып алу жоспарының орындалуы туралы есептілік жасау;

          8) бюджетте ескертулер анықталған жағдайда, оларды бюджетке және тиісінше мемлекеттік сатып алу жоспарына өзгерістер, түзетулер енгізу мақсатында тиісті бөлімшелердің назарына жеткізу;

          9) сатып алынатын өнім, қызмет және жұмыс бағаларына мониторинг жүргізу;

10) өз қызметінде Қоғам Департаменті қызметінің қаржы-экономикалық бағыты бойынша мамандармен өзара іс-қимыл жасау;

11) шарттардың есебін жүргізу және сақтау;

12) өзіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдау;

13) іс қағаздарын жүргізу, құжаттардың сақталуын және олардың белгіленген тәртіпте мұрағатқа тапсырылуын қамтамасыз ету;

          14) Департаменттің мемлекеттік сатып алу жөніндегі бас маманы уақытша болмаған жағдайда (демалыс, іссапар, еңбекке уақытша жарамсыздық және т. б.) оның міндеттерін орындау; 

          15) жұмыс берушінің және жұмыскерлердің мүлкіне ұқыпты қарау;

          16) келтірілген залалды Қазақстан Республикасының қолданыстағы еңбек заңнамасында және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген шектерде жұмыс берушіге өтеу;

          17) мүгедектіктің белгіленгені немесе еңбек міндеттерін жалғастыруға кедергі келтіретін денсаулық жағдайының өзге де нашарлауы туралы жұмыс берушіге хабарлау;

          18) адамдардың өмірі мен денсаулығына, жұмыс беруші мен жұмыскерлер мүлкінің сақталуына қатер төндіретін ахуал туындағаны, сондай-ақ бос тұрып қалу туындағаны туралы жұмыс берушіге хабарлау;

          19) жұмыс берушінің талабы бойынша жұмыс берушінің актісінде көзделген жағдайларда, сондай-ақ басқа жұмысқа ауыстыру кезінде профилактикалық медициналық қарап-тексеруден өту;

          20) жұмыс беруші беретін жеке және ұжымдық қорғану құралдарын мүлтіксіз қолдану және мақсаты бойынша пайдалану;

21) еңбек міндеттерін орындауға байланысты өзіне мәлім болған қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етпеу;

          22) Қоғамның еңбек тәртібін, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартын және қызметтік әдеп ережелерін, сондай-ақ жұмыс орнында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі және өндірістік санитария жөніндегі нормалардың, қағидалардың және нұсқаулықтардың талаптарын сақтау;

23) атқаратын лауазымы бойынша өкілеттіктер мен құзыреттер шеңберінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген өзге де міндеттерді орындау.

Ұсынылатын құжаттар тізбесі

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамына электрондық түрде (құжаттардың сканерленген көшірмелерін) немесе төменде көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынады:

     – Конкурстық комиссия төрағасының атына өтініш (сілтеме);

     – фотосуреті бар ақпараттық түйіндеме;

     – Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе Қазақстан

     Республикасы азаматының төлқұжаты;

     қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады;

     шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) не босқын куәлігі;

     – қажетті кәсіптік білімін, жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттар (білім туралы, біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже беру туралы құжаттардың көшірмелері, еңбек кітапшасының немесе талап етілетін біліктілік конкурсының шарттары бойынша еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері);

     Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.

     Қажет болған жағдайда конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат береді.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 21.04.2023 ж. дейін Астана қаласы, Достық көшесі 18, Москва БО, 22 қабат, 25 кабинет мекен-жайы бойынша немесе kuzhat@orleu-edu.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады, анықтамалар телефоны: 8(7172) 57-46-01, Құқықтық және әкімшілік-кадрлық жұмыс департаменті.

Сұхбат өткізу күні, уақыты және орны:

2023 жылғы 24 сәуірінде Астана қаласы, Достық көшесі 18, Москва БО, 22 қабат

Кандидаттың құжаттарды уақтылы немесе толық ұсынбауы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.

Apply For This Job