Білім беру бағдарламалары және курстан кейінгі қолдау департаменті директорының орынбасары
Архив
"Өрлеу" орталық аппараты
Posted 3 года ago
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Білім беру бағдарламалары және курстан кейінгі қолдау департаменті директорының орынбасары лауазымына конкурс жариялайды, лауазым 2022 жылдың 1 тамызынан бастап күшіне енеді;
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптары: тиісті бағыт бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес білім мекемелерінде жұмыс өтілі кемінде төрт жыл, ғылым докторы немесе ғылым кандидаты ғылыми дәрежесімен немесе философия докторы (PhD) дәрежесімен білім мекемелерінде жұмыс өтілі кемінде екі жыл. Мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерін еркін меңгеру.
Білуі керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Ғылым туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарын, біліктілікті арттыру, оқыту және білім беру саласын, педагогика мен психологияның әдіснамалық негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, менеджмент негіздерін, педагогикалық ғылым мен тәжірибенің жетістіктерін реттейтін нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін.
Негізгі міндеттері:
- ;
- ;
- ;
- Департамент жұмыскерлерінің тапсырмаларды орындауына бақылау жасау;
- Қазақстан Республикасы педагогтерінің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру бойынша мемлекеттік тапсырма мен мемлекеттік тапсырыс негізінде оқу жұмысын жоспарлауға қатысу;
- Профессорлар мен оқытушылар құрамының оқу жүктемесінің және курстық іс-шаралар жоспарының орындалуы бойынша филиалдардағы оқу қызметіне бақылау жасау;
- филиалдардың мамандарына оқу қызметін ұйымдастыру мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсету;
- сұратылып отырған нысан бойынша Қоғам филиалдарының ағымдағы жылғы қызметі туралы жартыжылдық және жылдық талдамалық есептер үшін материалдар дайындау;
- ағымдағы жылғы Қоғам филиалдарының оқу қызметі мәселелері бойынша жартыжылдық және жылдық талдамалық есептер (кестелермен, слайдтармен, диаграммалармен) және ақпараттық анықтамалар үшін сұратылып отырған нысан бойынша материалдар дайындау;
- Департамент директорымен бірлесіп жоспарлы тапсырмалардың жасалуын және орындалуын бақылау, жұмыстың нәтижелілігін талдау, есептіліктің уақтылы жасалуын қамтамасыз ету;
- Қоғам басшылығына ұсынылатын нормативтік-құқықтық, ұйымдастырушылық, ақпараттық-техникалық және өзге де құжаттаманы талдау;
- Департамент қызметінің функционалдық бағыттарына қатысты мәселелер бойынша негізгі қызмет бойынша бұйрықтар жобаларын әзірлеу;
- Қазақстан Республикасының Ағарту министрлігімен, атап айтқанда, курстарды жоспарлау және ұйымдастыру жөніндегі мектепке дейінгі және орта білім комитетімен өзара іс-қимыл жасау;
- мемлекеттік тапсырма және мемлекеттік тапсырыс бойынша орындалған жұмыстар актісіне материалдарды келісу үшін дайындау;
- өз қызметінің бағыттары бойынша құжаттама жүргізу және құжаттардың сақталуын және олардың белгіленген тәртіппен мұрағатқа тапсырылуын қамтамасыз ету;
- бағынысты құрылымдық бөлімшеде қолайлы моральдық-психологиялық ахуалды қолдап тұру;
- Департамент директоры және бас маман уақытша болмаған жағдайда (демалыс, іссапар, еңбекке уақытша жарамсыздық және т.б.) олардың міндеттерін орындау;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді, сондай-ақ өзіне сеніп тапсырылған құрылымдық бөлімшеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шараларды қабылдау;
- жұмыс берушінің және жұмыскерлердің мүлкіне ұқыпты қарау;
- келтірілген залалды Қазақстан Республикасының қолданыстағы еңбек заңнамасында және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген шамада жұмыс берушіге өтеу;
- ;
- ;
- ;
- ;
- жұмыс беруші ұсынатын жеке және ұжымдық қорғану құралдарын мүлтіксіз қолдану және мақсаты бойынша пайдалану;
- ;
- ;
- .
Ұсынылатын құжаттар тізбесі
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамына электрондық түрде (құжаттардың сканерленген көшірмелерін) немесе төменде көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынады:
– Конкурстық комиссия төрағасының атына өтініш (сілтеме);
– фотосуреті бар түйіндеме (сілтеме);
– Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты;
қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады;
шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) не босқын куәлігі;
– қажетті кәсіптік білімін, жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттар (білім туралы, біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже беру туралы құжаттардың көшірмелері, еңбек кітапшасының немесе талап етілетін біліктілік конкурсының шарттары бойынша еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері);
Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.
Қажет болған жағдайда конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат береді.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 05.08.2022ж. дейін Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Достық көшесі 18, Москва БО, 22 қабат, 25 кабинет мекен-жайы бойынша немесе kuzhat@orleu-edu.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады, анықтамалар телефоны: 8(7172) 57-46-01, Құқықтық және әкімшілік-кадрлық жұмыс департаменті.
Сұхбат өткізу күні, уақыты және орны:
2022 жылғы 9 тамызында сағат 11.00-де Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Достық көшесі 18, Москва БО, 22 қабат, 31-кабинет
Кандидаттың құжаттарды уақтылы немесе толық ұсынбауы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.