Ваканттық лауазым: Ұлытау облысы бойынша өкілдікке IT-маман – 1 вакансия;
Актуалды
Қарағанды облысы бойынша "Өрлеу"
Posted 2 недели ago
Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті кадрларды даярлау бағыты бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім және портфолио ұсына отырып, мамандығы бойынша кемінде 1 (бір) жыл жұмыс өтілі.
IT-маманның негізгі функциялары:
- ақпараттық жүйелердің, бағдарламалық қамтамасыз ету мен жабдықтардың тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге;
- пайдаланушыларға корпоративтік сервистермен және ақпараттық жүйелермен жұмыс істеуде сүйемелдеу көрсетуге, оларды қолдану жөніндегі нұсқаулықтарды әзірлеуге және өзектендіруге;
- бекітілген жабдықтар (жұмыс станциялары, перифериялық құрылғылар, мультимедиялық техника, фото және бейне техникасы, өзге де мүлік) үшін материалдық жауапкершілікті өзіне алуға, олардың сақталуын қамтамасыз етуге, инвентаризациялауға қатысуға, қабылдау-тапсыру актілерін ресімдеуге, есептен шығару және есепке алу процедураларын бақылауға;
- онлайн-іс-шараларды, бейнеконференцияларды және онлайн-кездесулерді ұйымдастыруға және техникалық тұрғыдан қамтамасыз етуге;
- мультимедиялық контентті жасауға және өңдеуге, соның ішінде фото және бейне түсірілімге, материалдарды монтаждауға қатысуға;
- Қызметтің жүйелік әкімшісі уақытша болмаған жағдайда оның міндеттерін атқаруға;
- өз құзыреті шеңберінде іс қағаздарын жүргізуге, құжаттардың сақталуын және олардың архивке тапсырылуын қамтамасыз етуге;
- жұмыс берушіге келтірілген залалды Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында және өзге де заңдарында белгіленген шектерде өтеуге;
- өз құзыреті шеңберіндегі мәселелер бойынша жұмыс топтарының, комиссиялардың жұмысына, сондай-ақ Қоғамның кеңестеріне қатысуға;
- лауазымдық міндеттерін орындау барысында белгілі болған қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияға жататын мәліметтердің құпиялылығын қамтамасыз етуге;
- еңбек тәртібін, Қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметті реттейтін ішкі құжаттарының талаптарын, Корпоративтік әдеп кодексін, еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі және өндірістік санитария нормаларын сақтауға;
- Қызметтің IT маманы уақытша болмаған жағдайда оның міндеттерін атқаруға;
- Қызмет құзыреті шеңберіндегі өзге де міндеттерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген міндеттерді орындауға.
Өтініштерді қабылдау мерзімі: Хабарландыру жарияланған күннен бастап 5 жұмыс күн ішінде қаралады.
Қажетті құжаттар тізімі:
1. Конкурстық комиссия төрағасының атына өтініш
2. Кадрларды есепке алудың жеке парағы;
3. 3*4 фотосурет (2 дана);
4. Жеке басын куәландыратын құжат;
5.Қажетті кәсіби білімін, еңбек өтілін және біліктілік тәжірибесін растайтын құжаттар;
6. Медициналық анықтама (Ф075);
7. Соттылығының болуы немесе болмауы туралы анықтама;
8. Туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан справка;
9. Наркологиялық ұйымнан справка;
10. Әскери тіркеуді растайтын құжат (болған жағдайда)
11.Сыбайлас жемқорлық қылмысына қатысы жоқ екендігі жөнінде анықтама.
Хабарландырудың жарияланған күні: 26.03.2026 ж.
Конкурс өтетін күн: 02.04.2026 ж.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 02.04.2026 ж. дейін Қазақстан Республикасы, Қарағанды қаласы, Жанибекова 42, 1-қабат, 12-кабинет немесе e-mail: a abuharbaeva@orleu-edu.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады, анықтамалар телефоны: 8(7212)41-87-10, 87753749512, 87753145227

