Актуалды
Қарағанды облысы бойынша "Өрлеу"
Posted 1 день ago

Біліктілікке қойылатын талаптар: Тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде үш жыл.

Өкілдік басшысының негізгі функциялары:

  1. еңбек шартымен, Қоғам мен Филиалдың ішкі актілерімен және осы лауазымдық нұсқаулықпен жүктелген міндеттерді сапалы және уақытылы орындау;
  2. атқаратын лауазымы бойынша құзыреті шегінде Филиал директоры орынбасарының тапсырмаларын орындау;
  3. міндеттерді нәтижелі орындау үшін еңбек өнімділігін, өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыру;
  4. Өкілдік жұмысының перспективалық және ағымдағы жоспарларын ұйымдастыру;
  5. Өкілдіктің барлық оқу қызмет түрлеріне бақылау жасау;
  6. негізгі бағыттарды іске асыру, оның ішінде біліктілікті арттыру жүйесінде ақпараттандыруды дамыту, білім беруді және ғылымды басқару процесін автоматтандыру, білім беруді цифрландыру жағдайында педагог қызметкерлердің кәсіптік қызметке дайындығын қалыптастыру бойынша олардың біліктілігін арттыру шараларын қамтамасыз ету;
  7. білім беру процесін жетілдіру, жаңа оқыту технологияларын әзірлеу және кіріктіру бойынша ұсыныстар енгізу;
  8. Өкілдіктің әдістемелік, инновациялық даму және цифрландыру жөніндегі қызметін бақылау мен үйлестіру;
  9. оқу-тақырыптық жоспарларды, бағдарламаларды, сабақтар кестесін және оқу қызметінің басқа да түрлерін әзірлеуге басшылық жасау;
  10. оқытушылардың оқу жүктемесін орындауын, дәрістер мен тәжірибелік сабақтардың сапасын бақылау;
  11. Филиалдың Ғылыми кеңесінің отырыстарына, білім беру мәселелері жөніндегі уәкілетті органдардың алқаларына, Қоғам және ҚР Ағарту министрлігі кеңестеріне материалдар дайындау;
  12. білім беру мәселелері жөніндегі уәкілетті органдарға және облыстың қалалары мен аудандарының әдістемелік кабинеттеріне әдістемелік көмек көрсету жөніндегі процесті басқару;
  13. кафедраның және оқу ісі жөніндегі бөлімнің қызметіне жетекшілік ету;
  14. инновациялық және эксперименттік режимде жұмыс істейтін мектептерге ғылыми-әдістемелік көмек ұйымдастыру;
  15. қалалық, облыстық және республикалық конкурстарды дайындау және өткізу;
  16. Өкілдіктің оқытушылар құрамымен әдістемелік сағаттар өткізу;
  17. жетекші жоғары оқу орындарымен және ғылыми-зерттеу орталықтарымен ынтымақтастықты ұйымдастыру;
  18. білім беру ұйымдарының басшы, ғылыми-педагогикалық және әдістемелік кадрларының біліктілігін арттыру сабақтастығының, үздіксіздігінің қамтамасыз етілуін бақылау;
  19. Өкілдіктің жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшелері үшін кадрларды іріктеуге қатысу және оларды Филиал директорына ұсыну;
  20. қажетті есептіліктің жасалуын және ұсынылуын қамтамасыз ету;
  21. атқаратын лауазымы бойынша өкілеттіктер мен құзыреттер шеңберіндегі мәселелер бойынша жобаларға, жұмыс топтарына, комитеттердің жұмысына, сапалы білім беру бағдарламалары (ББ) мен оқу-әдістемелік кешендерді (ОӘК) әзірлеуге, ББ сараптамасына, отырыстарға, кеңестерге, әдістемелік семинарларға қатысу;
  22. өзінің тікелей қарамағындағы Өкілдіктің құрылымдық бөлімшелерінің атқарушылық және еңбек тәртібіне бақылау жасау;
  23. Өкілдік жұмыскерлерін еңбек тәртібін сақтамағаны үшін жауаптылыққа тарту мәселелері жөніндегі комиссиялардың жұмысына қатысу;
  24.       Өкілеттілік шегінде Өкілдікте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру;
  25.       профессорлар мен оқытушылар құрамын конкурстық іріктеу рәсімі кезінде ашықтық пен әділдікті қамтамасыз ету және Өкілдіктегі рәсімдердің транспаренттілігін бақылау;
  26. кафедраның бас әдіскері, оқу ісі жөніндегі топтың бас маманы уақытша болмаған жағдайда (демалыс, іссапар, еңбекке уақытша жарамсыздық және т.б.) олардың міндеттерін орындау;
  27. Өкілдіктің алдына қойылған, Өкілдік орындайтын міндеттер мен функциялардың іске асырылуын қамтамасыз ету;
  28.      кафедраның барлық оқыту нысандары бойынша барлық оқу сабақ түрлерінің өткізілуін ұйымдастыру;
  29.     курстардың жұмыс бағдарламаларымен және әдістемелік нұсқаулармен уақтылы қамтамасыз етілуін бақылау;
  30.     кафедраның жұмыс жоспарын, оқытушылардың жеке жұмыс жоспарларын бекіту;
  31.     басқа кафедралар жасайтын оқу бағдарламалары бойынша қорытындылар дайындау;
  32.     кафедра жұмыскерлері арасында педагогикалық жүктемені және функционалдық міндеттерді бөлу және олардың уақтылы және сапалы орындалуын бақылау;
  33.     оқытушылардың педагогикалық жүктемені орындауы туралы жартыжылдық және жылдық есептер дайындау;
  34.     оқытушылардың жеке жұмыс жоспарларының орындалуын есепке алу және бақылау;
  35.    оқу жоспарларының, оқу бағдарламаларының орындалуын, Кафедраға бекітілген оқу сабақтарын, консультацияларды, қорғауды өткізу кестелерінің сақталуын жалпы бақылау;
  36.    келмеген оқытушының алмастырылуын қамтамасыз ету;
  37.    оқу процесіне жаңа білім беру технологияларының енгізілуін қамтамасыз ету;
  38.   бекітілген жоспарға сәйкес кафедрада ғылыми-зерттеу жұмыстарының, ғылыми-әдістемелік іс-шараларының жүргізілуін ұйымдастыру;
  39.    кафедра оқытушыларының жұмыс тәжірибесін зерделеу, қорытындылау және тарату;
  40.    кафедраның Филиалдың және Өкілдіктің басқа құрылымдық бөлімшелерімен, басқа кәсіпорындармен және ұйымдармен ынтымақтастығын ұйымдастыру;
  41.    Өкілдіктің материалдық-техникалық базасын нығайту және дамыту бойынша жұмыс жүргізу;
  42.    Өкілдік жұмыскерлерінің біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;
  43.    тыңдаушылардың дербес деректерін тыңдаушылардың бірыңғай дерекқорына енгізілуін қамтамасыз ету;
  44.    жүктелген портфолионы есепке алу және бақылау, талаптарға сәйкестігін тексеру;
  45.    Өкілдіктің үй-жайларында санитарлық-гигиеналық нормалардың, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы, өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
  46.    Филиал басшылығына Өкілдік жұмыскерлеріне қатысты көтермелеу және тәртіптік жазалау шараларын қолдану туралы ұсыныстар енгізу;
  47.    Өкілдікке бекітілген жабдықтардың, мүкәммалдың, сондай-ақ оқу үй-жайларының сақталуын қамтамасыз ету;
  48.    Өкілдік қызметінің қорытындылары бойынша Кафедра ұжымына (тоқсан сайын), Филиалдың Ғылыми кеңесіне (жыл сайын), Филиалдың басшылығына және Қоғамның жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшесіне (талап ету бойынша және белгіленген кесте бойынша) есеп беру;
  49. біліктілікті арттыру жүйесінде оқу жұмысын дамыту стратегиясын, мақсаты мен міндеттерін айқындау жөнінде ұсыныстар енгізу;
  50. оқу қызметін басым дамыту бағыттары бойынша қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету;
  51. мемлекеттік және орыс тілдерінде оқу қызметінің басым бағыттары бойынша бұйрықтар, қызметтік хаттар, шарттар, нормативтік актілер, оқу құжаттамаларының жобаларын әзірлеу және тиісті құрылымдық бөлімшелермен келісу;
  52. білім беру ұйымдары педагогтерінің біліктілігін арттыру бойынша тыңдаушының қаражаты есебінен мемлекеттік тапсырманың, мемлекеттік сатып алу шеңберінде көрсетілетін қызметтердің, білім беру қызметтерінің орындалуын бақылау;
  53. орындалған жұмыстар актілерінің, талдамалы және статистикалық есептердің, біліктілікті арттыру туралы мәліметтердің уақтылы дайындалуын және тапсырылуын қамтамасыз ету;
  54. Филиалдағы оқу қызметіне курстық іс-шаралар жоспарының, оқу жүктемесінің орындалуын бақылау;
  55. Филиалдың перспективалық және жылдық жұмыс жоспарларының жобаларын әзірлеуге қатысу және оларды басшылыққа ұсыну;
  56. ішкі нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес Қоғамның оқу процесін ұйымдастыруды қамтамасыз ету жөніндегі қызметіне қатысу;
  57. білім беру қызметін ұйымдастыруда жаңа тұжырымдамалық тәсілдерді әзірлеу және енгізу кезінде ұсыныстар беру, тәуекелдер мен мүмкіндіктерді талдау;
  58. оқу процесінің, халықаралық тәжірибенің мазмұнын талдау, нәтижелерді қорытындылау және озық технологиялардың енгізілуіне бақылау жасау;
  59. Филиалдардың оқу-тақырыптық жоспарларын жетілдіру бойынша ұсынымдар дайындауға, аудиториялық қорды және оқу жүктемесін ұтымды пайдалану бойынша ұсынымдар әзірлеуге қатысу;
  60. Өкілдік мамандары арасында функционалдық міндеттерді бөлу, құжаттардың уақтылы және сапалы орындалуын бақылау;
  61. бөлімнің қызметі туралы қажетті (апта сайынғы, тоқсандық, жылдық) есептілік пен ақпараттың дайындалуын, ұсынылуын және сақталуын қамтамасыз ету;
  62. Филиалдың құрылымдық бөлімшелерінің басшыларымен білім беру үдерісі мәселелері бойынша бірлескен қызметті үйлестіру;
  63. оқу құжаттамасының ресімделуіне (сынақ тізімдемелерін, оқытушылардың топтардың журналдарын толтыруына) бақылау жасау;
  64. профессорлар мен оқытушылар құрамының бекітілген оқу сабақ кестелерін орындауын бақылау;
  65. мемлекеттік тапсырманы орындау бойынша білім беру саласындағы өңірлік уәкілетті органның әдістемелік қызметімен бірлескен қызметті жүргізу;           
  66. тыңдаушылардың бірыңғай дерекқоры модераторының функцияларын жүзеге асыру;
  67. қатаң есептілік құжаттарының бланкілерін есепке алу және сақтау;                                                                             
  68. кафедраның біліктілікті арттыру курстарының жоспарын әзірлеуін үйлестіру және оның орындалуына бақылау жасау;
  69. оқу-тақырыптық жоспарлардың оқу сабақ кестесіне, журналына сәйкестігін қадағалау;
  70. штаттағы, шақырылған оқытушылар мен мамандарға оқу-тақырыптық жоспарларды, курстық даярлық журналдарын, ақы төлеу табельдерін тексеру және бақылау;    

Өтініштерді қабылдау мерзімі: Хабарландыру жарияланған күннен бастап 5 жұмыс күн ішінде қаралады.

Қажетті құжаттар тізімі:

1. Конкурстық комиссия төрағасының атына өтініш

2. Кадрларды есепке алудың жеке парағы;

3. 3*4 фотосурет (2 дана);

4. Жеке басын куәландыратын құжат;

5.Қажетті кәсіби білімін, еңбек өтілін және біліктілік тәжірибесін растайтын құжаттар;

6. Медициналық анықтама (Ф075);

7. Соттылығының болуы немесе болмауы туралы анықтама;

8. Туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан справка;

9. Наркологиялық ұйымнан справка;

10. Әскери тіркеуді растайтын құжат (болған жағдайда)

11.Сыбайлас жемқорлық қылмысына қатысы жоқ екендігі жөнінде анықтама.

 Хабарландырудың жарияланған күні: 15.01.2026 ж.

Конкурс өтетін күн: 22.01.2026 ж.

Телефон: 8 (7212) 41-87-10, 41-70-13

Apply For This Job