Актуалды
Қарағанды облысы бойынша "Өрлеу"
Posted 4 дня ago

Біліктілікке қойылатын талаптар: Тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе өзге де кәсіби білім, педагогикалық жұмыс өтілі 3 (үш) жылдан кем емес.

Ғылыми дәрежесі немесе PhD докторы дәрежесі болған жағдайда, педагогикалық жұмыс өтілі 2 (екі) жылдан кем емес.

Аға оқытушының негізгі функциялары:

  1. Еңбек шартымен, Қоғам мен Филиалдың ішкі актілерімен, сондай-ақ осы лауазымдық нұсқаулықпен жүктелген міндеттерді сапалы және уақтылы орындауға.
  2. Атқаратын лауазымы бойынша өз құзыреті шеңберінде Филиал басшылығының және кафедра меңгерушісінің тапсырмаларын орындауға.
  3. Курстарда тыңдаушыларды оқыту сапасын қамтамасыз етуге, міндеттерін нәтижелі орындау үшін өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін үнемі арттырып отыруға.
  4. Андрагогика принциптері негізінде біліктілікті арттыру курстарын жоспарлауды және оқытуды жүзеге асыруға.
  5. Біліктілікті арттыру курстары бағдарламаларының оқу-әдістемелік кешенінің мазмұнына 30%-ға дейін өзгерістер енгізуге және бейімдеуге, оқу-әдістемелік материалдар әзірлеуге, заманауи педагогикалық технологияларды қолдануға және кәсібилікті арттыру үшін жеке тәжірибесіне рефлексия (зерттеу) жүргізуге.
  6. Педагогтердің қызметін курстан кейінгі қолдауды қамтамасыз етуге: тыңдаушылардың педагогикалық және зерттеу жұмыстарында, соның ішінде тәжірибе алмасу іс-шараларында оларға уақтылы әрі сапалы әдістемелік және консультациялық көмек көрсетуге, жарияланымдар дайындауға көмектесуге, кері байланыс бере отырып, нәтижелерге талдау жүргізуге, қолдау бойынша есептер өткізуге.
  7. Өзара іс-қимылдың цифрлық құралдарын және LMS-платформасын пайдалана отырып, педагогтерді курстан кейінгі қолдаудың техникалық сүйемелдеуін жүзеге асыруға.
  8. Тыңдаушылардың кәсіби құзыреттіліктерін тереңдету үшін біліктілікті арттыру курстарынан өту кезеңінде әдістемелік семинарлар (вебинарлар және т.б.) ұйымдастыруға және өткізуге.
  9. Шарттық негізде қысқа мерзімді оқыту семинарларын ұйымдастыруға және өткізуге.
  10. Әдістемелік жұмысқа қатысуға: оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеумен және сараптаумен айналысуға, аймақ педагогтерінің инновациялық тәжірибесін зерделеуге және таратуға, педагогтерді аттестаттау кезінде консультациялық көмек көрсетуге.
  11. Біліктілікті арттырудың аймақтық жүйесін зерттеуге қатысуға және олардың нәтижелерін оқу процесіне енгізуге; ғылыми-әдістемелік іс-шараларды ұйымдастыруға және басылымдарды дайындауға қатысуға.
  12. Филиал және Қоғам қызметкерлері үшін кәсіби даму іс-шараларын өткізуге қатысуға.
  13. Оқу жүктемесінің, әдістемелік және ғылыми жұмыстардың орындалуын есепке алуға; жеке жұмыс жоспарының орындалуы туралы тоқсандық, жартыжылдық және жылдық есептерді уақтылы ұсынуға.
  14. Біліктілікті арттыру курстарын, әдістемелік семинарларды (вебинарларды және т.б.), шарттық негіздегі оқыту семинарларын ұйымдастыру және өткізу үшін қажетті оқу құжаттамасын сауатты құрастыруға және ұсынуға.
  15. Білім беру бағдарламалары (ББ) мен оқу-әдістемелік кешендерді (ОӘК) әзірлеу және сараптау бойынша жобаларға, комитеттер мен жұмыс топтарына, сондай-ақ кеңестерге, кеңестер мен семинарларға қатысуға.
  16. Кәсіби қызметтің тиімділігін арттыру үшін Жасанды Интеллект (ЖИ) ресурстарын пайдалануға.
  17. Міндеттерді орындауға байланысты мәлім болған қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етпеуге.
  18. Еңбек тәртібін, академиялық адалдық талаптарын, Корпоративтік әтика кодексін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы нормаларды, сондай-ақ еңбекті қорғау, өрт және ақпараттық қауіпсіздік ережелерін сақтауға.
  19. Қазақстан Республикасының заңнамасында және Қоғамның ішкі құжаттарында көзделген кафедра құзыреті шеңберіндегі өзге де міндеттерді орындауға.

Өтініштерді қабылдау мерзімі: Хабарландыру жарияланған күннен бастап 5 жұмыс күн ішінде қаралады.

Қажетті құжаттар тізімі:

1. Конкурстық комиссия төрағасының атына өтініш

2. Кадрларды есепке алудың жеке парағы;

3. 3*4 фотосурет (2 дана);

4. Жеке басын куәландыратын құжат;

5.Қажетті кәсіби білімін, еңбек өтілін және біліктілік тәжірибесін растайтын құжаттар;

6. Медициналық анықтама (Ф075);

7. Соттылығының болуы немесе болмауы туралы анықтама;

8. Туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан справка;

9. Наркологиялық ұйымнан справка;

10. Әскери тіркеуді растайтын құжат (болған жағдайда)

11.Сыбайлас жемқорлық қылмысына қатысы жоқ екендігі жөнінде анықтама.

 Хабарландырудың жарияланған күні: 16.03.2026 ж.

Конкурс өтетін күн: 26.03.2026 ж.

Телефон: 8 (7212) 41-87-10, 41-70-13

Электрондық почта:

bukharbaeva_a@orleu.edu.kz

Apply For This Job