Ваканттық лауазым: әкімшілік-кадр жұмысы бөліміне электрик – 1 вакансия;
Актуалды
Қарағанды облысы бойынша "Өрлеу"
Posted 1 день ago
Біліктілікке қойылатын талаптар: Тиісті бейін бойынша техникалық немесе кәсіптік, не орта арнаулы білім; 1000 Вольтқа (В) дейінгі кернеудегі электр қондырғыларында жұмыс істеу үшін электрқауіпсіздігі бойынша IV-тен төмен емес рұқсат тобы болуы, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен расталған. Мамандығы бойынша жұмыс өтілі — кемінде 1 (бір) жыл.
Электриктің негізгі функциялары:
- электр қондырғыларына өз бетінше қызмет көрсету, тексеру, қосу, ауыстырып қосу және ажырату;
- лауазымдық міндеттері шеңберінде 1000 Вольтқа дейінгі кернеудегі электр қондырғылары мен жабдықтарды пайдалану;
- электр қондырғыларында, электр сымдарында, автоматика, есепке алу және тіркеу аспаптарында жөндеу, реттеу және іске қосу-реттеу жұмыстарын орындау;
- құрылыс-монтаж, жөндеу және іске қосу-реттеу жұмыстарын орындауға қатысу;
- жөндеу және реттеу персоналының электр қондырғыларында жұмыстарға жіберілуін айқындау;
- персоналдың электрқауіпсіздік талаптарын сақтауын бақылауды қамтамасыз ету;
- электр шаруашылығының жай-күйін тексеру, қарау және бақылау жүргізу;
- анықталған бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдау;
- электр қондырғыларында жұмыстардың қауіпсіз орындалуын қамтамасыз ету;
- электр қондырғыларында жұмыс істеп жүргендерге тұрақты бақылау жүргізу;
- жеке және ұжымдық қорғаныс құралдарын қолдану және олардың пайдаланылуын бақылау;
- авариялық жағдайлардың алдын алу бойынша шаралар қабылдау;
- қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына қауіп төнген жағдайда жұмыстарды дереу тоқтату;
- электрқауіпсіздік бойынша нұсқамалар өткізу;
- персоналды қауіпсіз жұмыс әдістеріне оқыту;
- электрқауіпсіздік талаптарын білуін және сақталуын бақылау.
Өтініштерді қабылдау мерзімі: Хабарландыру жарияланған күннен бастап 5 жұмыс күн ішінде қаралады.
Қажетті құжаттар тізімі:
1. Конкурстық комиссия төрағасының атына өтініш
2. Кадрларды есепке алудың жеке парағы;
3. 3*4 фотосурет (2 дана);
4. Жеке басын куәландыратын құжат;
5.Қажетті кәсіби білімін, еңбек өтілін және біліктілік тәжірибесін растайтын құжаттар;
6. Медициналық анықтама (Ф075);
7. Соттылығының болуы немесе болмауы туралы анықтама;
8. Туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан справка;
9. Наркологиялық ұйымнан справка;
10. Әскери тіркеуді растайтын құжат (болған жағдайда)
11.Сыбайлас жемқорлық қылмысына қатысы жоқ екендігі жөнінде анықтама.
Хабарландырудың жарияланған күні: 26.12.2025 ж.
Конкурс өтетін күн: 31.12.2025 ж.
Телефон: 8 (7212) 41-87-10, 41-70-13

