Ваканттық лауазым: әкімшілік-кадр жұмысы бөліміне жүргізуші – 1 вакансия;
Актуалды
Қарағанды облысы бойынша "Өрлеу"
Posted 6 дня ago
Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті санаттағы жүргізуші куәлігінің (B және D1) болуы, көлік құралын басқару өтілі кемінде үш жыл.
Жүргізушінің негізгі функциялары:
- еңбек шартымен, Қоғамның ішкі актілерімен және осы лауазымдық нұсқаулықпен жүктелген міндеттерді сапалы әрі белгіленген мерзімде орындау;
- өз құзыреті мен лауазымдық міндеттері шегінде Филиал директоры мен бөлім басшысының тапсырмаларын орындау;
- қызметтік автокөліктің техникалық жарамдылығын және сақталуын қамтамасыз ету, қажетті жөндеу және техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру және бақылау;
- қызметтік автокөлікті жол қозғалысы ережелеріне сәйкес жүргізу, жолаушылардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
- бағыттарды жол уақытына, кептелістерге және басқа да факторларға сәйкес жоспарлау, межелі жерге уақытылы жетуді қамтамасыз ету, бағыттар мен қызмет көрсету процестерін оңтайландыру;
- қызметтік автокөліктің жүріп өткен жолын, жанармай шығынын және басқа да пайдалану сипаттамаларын есепке алу және бөлім басшысына есеп беру;
- еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарын сақтау, өзіне және айналасындағыларға қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сапар барысында жолаушылардың тәртібін бақылау және қауіп төндіретін әрекеттердің алдын алу;
- қызметтік автокөлікті пайдалану кезінде болған кез келген оқиғалар, апаттар немесе басқа да инциденттер туралы басшылықты уақтылы хабардар ету;
- филиалдың оң имиджін қалыптастыру, жолаушылармен және өзге ұйымдардың өкілдерімен кәсіби және сыпайы қарым-қатынас жасау;
- жол қозғалысы ережелері саласында біліктілікті арттыру және көлік құралдарын пайдалану мен жол қозғалысын реттейтін нормативтік құжаттардағы өзгерістерді бақылау;
- қызметтік міндеттерді орындау барысында белгілі болған қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияларды жария етпеу;
- ақпараттық қауіпсіздік пен ақпаратты қорғау, жеке деректерді қорғау саласындағы барлық нормативтік және заңнамалық талаптарды, сондай-ақ Қоғамның Ақпараттық қауіпсіздік саясаты мен ішкі құжаттарында көрсетілген міндеттемелерді, стандарттар мен рәсімдерді сақтау;
- ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша оқудан өту, оның ішінде тренингтерге, семинарларға және біліктілікті арттыру курстарына қатысу;
- басшылықтың тапсырмасы бойынша құзыреті мен Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді орындау.
Өтініштерді қабылдау мерзімі: Хабарландыру жарияланған күннен бастап 5 жұмыс күн ішінде қаралады.
Қажетті құжаттар тізімі:
1. Конкурстық комиссия төрағасының атына өтініш
2. Кадрларды есепке алудың жеке парағы;
3. 3*4 фотосурет (2 дана);
4. Жеке басын куәландыратын құжат;
5.Қажетті кәсіби білімін, еңбек өтілін және біліктілік тәжірибесін растайтын құжаттар;
6. Медициналық анықтама (Ф075);
7. Соттылығының болуы немесе болмауы туралы анықтама;
8. Туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан справка;
9. Наркологиялық ұйымнан справка;
10. Әскери тіркеуді растайтын құжат (болған жағдайда)
11.Сыбайлас жемқорлық қылмысына қатысы жоқ екендігі жөнінде анықтама.
Хабарландырудың жарияланған күні: 02.02.2026 ж.
Конкурс өтетін күн: 09.02.2026 ж.
Телефон: 8 (7212) 41-87-10, 41-70-13

