««Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ «Жамбыл облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалы Әкімшілік-кадрлық жұмыс басқармасына жүргізуші қызметіне конкурс жариялайды
Архив
Жамбыл облысы бойынша "Өрлеу"
Posted 2 года ago
Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар:
Жүргізуші куәлігінің тиісті (В және D) санатының болуы, көлік құралын басқару өтілі кемінде үш жыл.
Білуі тиіс: жол қозғалысы және автокөліктерді техникалық пайдалану ережелерін; қызмет көрсетілетін автокөліктер агрегаттарының, механизмдері мен аспаптарының мақсаты, құрылысы, жұмыс істеу қағидаты мен жұмысын; автокөлікті пайдалану барысында туындаған ақаулықтардың себептерін, оларды анықтау және жою тәсілдерін; гараждарда және ашық тұрақтарда автокөліктерге техникалық қызмет көрсетуді жүргізу тәртібі және сақтау ережелерін; аккумулятор батареялары мен автокөлік шиналарын пайдалану ережелерін; ауа-райының автокөлік жүргізу қауіпсіздігіне әсерін; жол-көлік оқиғаларын болдырмау тәсілдерін; жол-көлік оқиғалары кезінде жолаушыларды шұғыл эвакуациялау тәртібін; қызмет көрсетілетін автокөліктің жұмысын есепке алу бойынша бастапқы құжаттарды толтыру ережелерін, ішкі еңбек тәртібі ережелерін, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы мен өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын, санитарлық ережелер мен нормаларды.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
- Конкурстық комиссиясы Төрағасының атына өтініш;
- Суреті бар түйіндеме;
- ҚР азаматының жеке куәлігі немесе ҚР азаматының төлқұжаты. Қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады;
- Қажетті кәсіптік білімін, жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттар (білімі туралы, еңбек кітапшасының немесе талап етілетін біліктілік конкурсының шарттары бойынша еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері).
Құжаттарконкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күн ішінде қабылданады.
Мекен-жайы: Тараз қ., Төле би даңғылы, 69А
Эл.почта: zhambylipk@orleu-edu.kz
Анықтама үшін: 8(7262)-54-61-81