«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша біліктілікті арттыру институты» филиалы Жетісу облысы бойынша өкілдікке Өкілдік басшысы бос лауазымына конкурс жариялайды
Конкурс «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» Акционерлік Қоғамының бос лауазымдарына орналасуға (профессорлық-оқытушылық құрамнан басқа) конкурс өткізу туралы ереженің негізінде өткізіледі.
Өкілдік басшысы лауазымына қойылатын біліктілік талаптары: тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде бес жыл.
Білуі тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңдары, «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» және білім беру ұйымдарының қызметі бойынша басқа да нормативтік құқықтық актілерін, дидактика қағидаттарын, педагогика және психология негіздері, инновациялық басқару әдістерін, әдістемелік және ақпараттық материалдарды жүйелеу қағидатттарын, баспалармен жұмыс істеу негіздерін, оқу-бағдарламалық құжаттаманы әзірлеу тәртібін, пән бойынша жаңа және балама оқулықтардың мазмұнын, ғылыми-зерттеу және эксперименттік жұмыс, озық білім беру технологиялары бойынша тәжрибені жалпылау және тарату әдістемесін, ішкі еңбек тәртібі ережелерін, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өрт қауіпсіздігі ережелері мен, нормаларын, санитарлық ережелер мен нормаларды білуі керек.
Конкурсты өткізу күні: 07 наурыз 2023 жыл.
Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттарды ұсынады:
– конкурс комиссиясының төрағасына өтінім
( қосымша1);
– суреті бар түйіндемесі;
– Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты (он алты жасқа толмаған адамдар үшін туу туралы куәлік). Қандас жергілікті атқарушы органдар берген қандас сертификатын ұсынады;
– шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты немесе босқын куәлігі;
– қажетті кәсіптік білімін, жұмыс тәжірибесін және біліктілігін растайтын құжаттар (білім туралы, біліктілігін арттыру туралы, ғылыми дәреже беру туралы құжаттардың көшірмелері, еңбек кітапшасының көшірмесі немесе конкурс шарттарында талап етілетін біліктілікке сәйкес еңбек қызметін растайтын құжаттар ).
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар құжаттарды қабылдау мерзімінде құжаттарды қолма-қол не пошта арқылы не электронды түрде электрондық пошта мекенжайына ұсынады.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар хабарландыру жарияланған күннен бастап жұмыс 5 күн ішінде қолма-қол немесе пошта арқылы мына мекенжайға ұсынылуы тиіс: 050000, Алматы қаласы, Амангелді көшесі, 61, «Өрлеу» БАҰО» АҚ «Алматы облысы бойынша кәсіби даму институты» филиалы, Әкімшілік-ұйымдастыру мәселелері жөніндегі басқарма № 208 кабинет. Құжаттар : almatyregionipk@orleu-edu.kz электрондық поштасы арқылы жіберілген жағдайда құжаттарын белгіленген мерзімде конкурсқа келген кезде жоғарыда аталған құжаттардың түпнұсқаларын ұсыну қажет.
Байқаудың өтетін орны, уақыты және шарттары конкурсқа 1 күн қалғанда қосымша хабарланады.