Комплаенс-офицер- әдеп жөніндегі уәкіл
Архив
"Өрлеу" орталық аппараты
Posted 2 года ago
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ
комплаенс-офицер- әдеп жөніндегі уәкіл
бос лауазымына конкурс жариялайды
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі заңгерлік білім және корпоративтік басқару бойынша арнайы даярлық, лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін бағыт бойынша кемінде үш жыл жұмыс өтілі. Мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерін еркін меңгеру.
Білуге тиіс: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, комплаенс және этика саласын айқындайтын заңнамалық және басқа да нормативтік құқықтық актілерді, жарғыны және Қоғамдағы корпоративтік қатынастарды реттейтін өзге де құжаттарды, корпоративтік жанжалдарды реттеу тәртібін, ақпаратты алу, өңдеу және беру әдістері мен құралдарын, келіссөздерді ұйымдастыру және жүргізу тәртібін, корпоративтік мінез-құлықтың моральдық-этикалық стандарттарын, еңбек заңнамасын, ішкі еңбек тәртібі ережелерін, еңбекті қорғау қағидалары мен нормаларын, өрт қауіпсіздігінің талаптарын білу керек. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, комплаенс және этика мәселелері бойынша ішкі корпоративтік құжаттарды, стандарттарды, саясаттар мен рәсімдерді әзірлеу, сондай-ақ комплаенс-рәсімдер шеңберінде бизнес-процестер мониторингі бойынша іс-шаралар жүргізу, тергеп-тексерулер жүргізу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, этика және комплаенс саласында есептілікті қалыптастыру тәжірибесі мен дағдылары болу керек. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, этика және комплаенс, акционерлік қоғамдардағы корпоративтік мәдениетті реттеу бағдарламасын әзірлеу және іске асыру, халықаралық тәжірибелер мен стандарттарды, Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын, комплаенс пен этиканы жақсы білу. Ішкі және сыртқы (ауызша, жазбаша, көрнекі) қарым-қатынастың және тиімді тұлғааралық өзара іс-қимылдың жоғары деңгейі, келіссөздер жүргізу дағдылары болу керек.
Лауазымға тағайындау үшін Директорлар кеңесімен келісу керек.
Ұсынылатын құжаттар тізбесі
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамына электрондық түрде (құжаттардың сканерленген көшірмелерін) немесе төменде көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынады:
– Конкурстық комиссия төрағасының атына өтініш (сілтеме);
– фотосуреті бар ақпараттық түйіндеме;
– Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты;
қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады;
шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) не босқын куәлігі;
– қажетті кәсіптік білімін, жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттар (білім туралы, біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже беру туралы құжаттардың көшірмелері, еңбек кітапшасының немесе талап етілетін біліктілік конкурсының шарттары бойынша еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері);
Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.
Қажет болған жағдайда конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат береді.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 23.12.2022ж. дейін Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Достық көшесі 18, Москва БО, 22 қабат, 25 кабинет мекен-жайы бойынша немесе kuzhat@orleu-edu.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады, анықтамалар телефоны: 8(7172) 57-46-01, Құқықтық және әкімшілік-кадрлық жұмыс департаменті.
Сұхбат өткізу күні, уақыты және орны:
2022 жылғы 26 желтоқсанында сағат 11.00-де Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Достық көшесі 18, Москва БО, 22 қабат
Кандидаттың құжаттарды уақтылы немесе толық ұсынбауы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.