Бос лауазымға орналасу туралы конкурс
Current , Актуалды, Актуальный
"Өрлеу" по Карагандинской области, “Өрлеу” по Карагандинской области, Қарағанды облысы бойынша "Өрлеу"
Posted 3 дня ago
Мекеме атауы: «Өрлеу» БАҰО» АҚ-ның «Қарағанды облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалы
Бос орын түрі: бос лауазымға орналасу туралы конкурс
Құжаттарды қабылдау күні: 02.09.2025ж.
Құжаттарды қабылдаудың аяқталу күні: 06.09.2025ж.
Жауапты: әкімшілік-кадр жұмысы бөлімі
Байланыс e-mail: abuharbaeva@orleu-edu.kz
Телефон: 8(7212)41-87-10, 87753749512, 87753145227
Бос орын атауы:
Жетекші маман-баспасөз хатшысы – 1-бос жұмыс орны
Жұмыс уақыты: 5 күндік жұмыс аптасы, дүйсенбі-жұма 8.30-ден 18.00-ға дейін, түскі үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптар: тиісті мамандық бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім (журналистика, жұртшылықпен байланыс) немесе жұртшылықпен және бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс саласындағы қосымша даярлық және кемінде бір жыл жұмыс өтілі.
Білуі тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңдары, қоғамдық пікірмен байланыс мәселелеріне қатысты қаулылар, өкімдер, бұйрықтар және өзге де басшылық және нормативтік құжаттар; бұқаралық ақпарат құралдары мен жарнама саласындағы заңнама негіздері; қоғаммен байланыс саласындағы халықаралық және ұлттық кәсіби-этикалық қағидалар кодекстері; ұйымның мамандануы, қызметінің ерекшеліктері мен даму перспективалары; әлеуметтану, психология негіздері; сапалық және сандық социологиялық зерттеулер жүргізудің негізгі әдістері; бұқаралық ақпарат құралдарын мониторингтеу әдістемесі; жарнамалық хабарламалардың, мақалалардың, үндеулердің, көпшілік алдында сөйлеудің композициясы мен стилінің заңдылықтары; статистикалық ақпаратты талдау әдістері; іс жүргізу негіздері; ұйымның деректер базасын қалыптастыру мен пайдаланудың әдістері мен құралдары; заманауи техникалық құралдар мен компьютерлік технологияларды қолдана отырып, ақпарат жинау және өңдеу әдістері; маркетинг негіздері, іскерлік қатынас этикасы, қоғаммен байланыс саласындағы отандық және шетелдік озық тәжірибе, мемлекеттік, қызметтік және коммерциялық құпия болып табылатын ақпаратты ұсыну тәртібі, оны қорғау және пайдалану тәртібі, еңбекті қорғау, ақпараттық қауіпсіздік, қауіпсіздік техникасы мен өрт қауіпсіздігі, санитарлық ережелер мен нормалар.
Ұсынылатын құжаттар тізбесі
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының «Қарағанды облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалына электрондық түрде (құжаттардың сканерленген көшірмелерін) немесе төменде көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынады:
– Конкурстық комиссия төрағасының атына өтініш (сілтеме);
– түсті фотосуреті бар түйіндеме (сілтеме);
– Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты;
қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады;
шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) не босқын куәлігі;
– білімі туралы, біліктілігін арттыру туралы құжаттардың көшірмелері, жұмыс орны бойынша кадр қызметімен немесе нотариуспен расталған еңбек кітапшасының көшірмесі). Кандидаттың жеке өзі құжаттардың түпнұсқасын ұсынған кезде, көшірмесін куәландыру талап етілмейді;
Сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің болуы немесе болмауы туралы анықтама;
Қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;
Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.
Қажет болған жағдайда конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат береді.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 06.09.2025 ж. дейін Қазақстан Республикасы, Қарағанды қаласы, Жанибекова 42, 1-қабат, 12-кабинет немесе e-mail: a abuharbaeva@orleu-edu.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады, анықтамалар телефоны: 8(7212)41-87-10, 87753749512, 87753145227
Сұхбат өткізілетін орын:
Қарағанды қаласы, Жанибекова 42, 1 қабат, 12 кабинет.
Кандидаттың құжаттарды уақтылы немесе толық ұсынбауы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.