Маркетинг және қоғаммен байланыс департаментінің баспасөз-хатшысы
Архив
"Өрлеу" орталық аппараты
Posted 3 года ago
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Маркетинг және қоғаммен байланыс департаментінің баспасөз-хатшысы лауазымына конкурс жариялайды;
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптары: қоғаммен байланыс және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салалардағы жұмыс өтілі кемінде бір жыл. Мемлекеттік және орыс тілдерін еркін меңгеру
Білуі керек: Қазақстан Республикасының қоғаммен байланыс, бұқаралық ақпарат құралдары және жарнама саласындағы мәселелерді реттейтін заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі заңнамалық актілерді, бәсекелес ортамен жұмыс істеудің негізгі қағидаттарын, бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс істеу әдістерін, риторика негіздерін және көпшілік алдында сөйлеу техникасын, ұйымның жеке деректер қорын қалыптастыру және пайдалану әдістері мен құралдарын, қазіргі заманғы байланыс құралдарын, аппараттық-техникалық құралдар мен компьютерлік технологияларды қолдана отырып, ақпаратты жинау және өңдеу әдістерін, ақпаратты көрсету мен берудің техникалық құралдарының түрлерін, ұйымның мамандануын, қызметінің ерекшеліктері мен даму стратегиясын, іскерлік қарым-қатынас этикасын, еңбек заңнамасын, ішкі еңбек тәртібінің қағидаларын, еңбекті қорғау қағидалары мен нормаларын, өрт қауіпсіздігінің талаптарын.
Ұсынылатын құжаттар тізбесі
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамына электрондық түрде (құжаттардың сканерленген көшірмелерін) немесе төменде көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынады:
– Конкурстық комиссия төрағасының атына өтініш (сілтеме);
– түсті фотосуреті бар түйіндеме (сілтеме);
– кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (сілтеме);
– фотосурет (3*4 форматы) /немесе оның электрондық форматы;
– Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты;
қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады;
шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) не босқын куәлігі;
– тиісті білімді, шеберлікті және дағдыларды талап ететін білімі, біліктілігі, арнайы білімінің немесе кәсіптік даярлығының болуы туралы құжат;
– еңбек қызметін растайтын құжат.
* (білімі туралы, біліктілігін арттыру туралы құжаттардың көшірмелері, жұмыс орны бойынша кадр қызметімен немесе нотариуспен расталған еңбек кітапшасының көшірмесі). Кандидаттың жеке өзі құжаттардың түпнұсқасын ұсынған кезде, көшірмесін куәландыру талап етілмейді);
– алдын ала медициналық куәландырудан өткені туралы құжат (№075 нысандағы анықтама);
– қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің болуы немесе болмауы туралы анықтама;
– сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің болуы немесе болмауы туралы анықтама
– әскери міндеттілер тұрғылықты жері бойынша әскери есепке қойылғанын растайтын құжатты ұсынады.
Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.
Қажет болған жағдайда конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат береді.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 14.03.2022ж. дейін Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Достық көшесі 18, Москва БО, 22 қабат, 25 кабинет мекен-жайы бойынша немесе kuzhat@orleu-edu.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады, анықтамалар телефоны: 8(7172) 57-46-01, Құқықтық және әкімшілік-кадрлық жұмыс департаменті.
Сұхбат өткізу күні, уақыты және орны:
2022 жылғы 15 наурызында сағат 11.00-де Қазақстан Республикасы,Нұр-Сұлтан қаласы, Достық көшесі 18, Москва БО, 22 қабат, 31-кабинет
Кандидаттың құжаттарды уақтылы немесе толық ұсынбауы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.