Архив
"Өрлеу" орталық аппараты
Posted 3 года ago

      «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Маркетинг және қоғаммен байланыс департаментінің маркетинг жөніндегі бас маманы

 бос лауазымына конкурс жариялайды;     

Лауазымға қойылатын біліктілік талаптары: тиісті бағыт бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім және менеджмент саласындағы қосымша дайындық, маркетинг саласындағы мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде екі жыл. Мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерін еркін меңгеру.

        Білуі керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Ғылым туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы», «Жарнама туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Ақпараттандыру туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», Заңдарын, сондай-ақ Қоғамның осы лауазымға белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін.

Негізгі міндеттері:

1) еңбек шартымен, Қоғамның ішкі актілерімен және осы лауазымдық нұсқаулықпен жүктелген міндеттерді сапалы және уақытылы орындау;

        2) атқаратын лауазымы бойынша құзыреті шегінде Қоғам басшылығының, сондай-ақ Департамент директорының тапсырмаларын орындау;

        3) міндеттерді нәтижелі орындау үшін еңбек өнімділігін, өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыру;

        4) мазмұнмен жұмыс жасау;

        5) Қоғамның сайтын мазмұнмен (контентпен) толықтыруды жүзеге асыру;

        6) Қоғам сайты мазмұнының өзектілігін және онда орналастырылған ақпараттың анықтығын бақылау;

        7) Қоғам сайтының негізгі тұжырымдамасын қолдау, сайт мазмұны мен тұжырымдамасын жетілдіру, сайтқа кірушілер үшін жаңа сервисті енгізу бойынша ұсыныстар енгізу;

        8) келушілердің интернет желісінің қауымдастықтарында қабылданған Қоғам сайты ережелері мен этикалық мінез-құлық ережелерін сақтауын бақылау;

        9) Қоғам бәсекелестерінің сайттарына талдау жасау;

        10) Қоғам сайтына кірушілерден алынған ақпаратқа талдау жасау, сайт жұмысының тиімділігін арттыратын жаңа сервистерді әзірлеу және енгізу;

        11) PR-жарнаманы, Қоғам сайтын ілгерілету;

        12) веб-шебермен бірлесіп Қоғамның сайтын безендіру;

        13) Интернет желісінің іздеу жүйелерінің жұмыс тетігін зерделеу;

        14) SMM (әлеуметтік маркетинг) жүргізу;

        15) Қоғамның сайтын әлеуметтік желілерде ілгерілету;

16) ілгерілету стратегиясын әзірлеу;

        17) әлеуметтік желілерде Қоғам және (немесе) оның өнімдері туралы пікірлерді іздеу және кейіннен талдау;

18) өнімдерге қатысты жағымсыздықты жою, нысаналы аудиториямен байланыс жасау;

19) өнімдер туралы ақпаратты басым алаңдарда орналастыру;

20) нысаналы аудиторияны тарту;

21) SERM (бедел маркетинг) жүргізу:

22) өнімдер туралы оң пікірлер жазу;

23) бөгде веб-ресурстарда баспасөз хабарламалары мен мақалаларды жазу және орналастыру;

24) Интернеттегі негізгі іздеу жүйелерінің алғашқы парақшаларында өнімдер туралы оң пікірлерді насихаттау;

25) іс қағаздарын жүргізу, құжаттардың сақталуын және олардың белгіленген тәртіпте мұрағатқа тапсырылуын қамтамасыз ету;

26) сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді өзіне қабылдау;

        27) баспасөз хатшысы және(немесе) PR/SMM бас маманы уақытша болмаған жағдайда (демалыс, іссапар, уақытша еңбекке жарамсыздық және т.б.) олардың міндеттерін орындау;

         28) жұмыс берушінің және жұмыскерлердің мүлкіне ұқыпты қарау;

         29) келтірілген залалды Қазақстан Республикасының қолданыстағы еңбек заңнамасында және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген шектерде жұмыс берушіге өтеу;

         30) атқаратын лауазымы бойынша өкілеттіктері мен құзыреттері шеңберіндегі мәселелер бойынша Қоғамның жұмыс топтарының, комиссияларының жұмысына, сондай-ақ кеңестеріне қатысу;

         31) мүгедектіктің белгіленгені немесе еңбек міндеттерін жалғастыруға кедергі келтіретін денсаулық жағдайының өзге де нашарлауы туралы жұмыс берушіге хабарлау;

          32) адамдардың өмірі мен денсаулығына, жұмыс беруші мен жұмыскерлер мүлкінің сақталуына қатер төндіретін ахуал туындағаны, сондай-ақ бос тұрып қалу туындағаны туралы жұмыс берушіге хабарлау;

          33) жұмыс берушінің талабы бойынша жұмыс берушінің актісінде көзделген жағдайларда, сондай-ақ басқа жұмысқа ауыстыру кезінде профилактикалық медициналық қарап-тексеруден өту;

          34) жұмыс беруші беретін жеке және ұжымдық қорғану құралдарын мүлтіксіз қолдану және мақсаты бойынша пайдалану;

     35) еңбек міндеттерін орындауға байланысты өзіне мәлім болған қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етпеу;

          36) Қоғамның еңбек тәртібін, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартын және қызметтік әдеп ережелерін, сондай-ақ жұмыс орнында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі және өндірістік санитария жөніндегі нормалардың, қағидалардың және нұсқаулықтардың талаптарын сақтау;

     37) атқаратын лауазымы бойынша өкілеттіктер мен құзыреттер шеңберінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген өзге де міндеттерді орындау.

Ұсынылатын құжаттар тізбесі

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамына электрондық түрде (құжаттардың сканерленген көшірмелерін) немесе төменде көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынады:

– Конкурстық комиссия төрағасының атына өтініш (сілтеме);

– фотосуреті бар түйіндеме (сілтеме);

– Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты;

қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады;

шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) не босқын куәлігі;

– қажетті кәсіптік білімін, жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттар (білім туралы, біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже беру туралы құжаттардың көшірмелері, еңбек кітапшасының немесе талап етілетін біліктілік конкурсының шарттары бойынша еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері);

Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.

Қажет болған жағдайда конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат береді.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 20.09.2022ж. дейін Қазақстан Республикасы,  Нұр-Сұлтан қаласы, Достық көшесі 18, Москва БО, 22 қабат, 25 кабинет мекен-жайы бойынша немесе kuzhat@orleu-edu.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады, анықтамалар телефоны: 8(7172) 57-46-01, Құқықтық және әкімшілік-кадрлық жұмыс департаменті.

Сұхбат өткізу күні, уақыты және орны:

2022 жылғы 22 қыркүйекте сағат 11.00-де Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Достық көшесі 18, Москва БО, 22 қабат, 31-кабинет

Кандидаттың құжаттарды уақтылы немесе толық ұсынбауы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады. 

Apply For This Job