Жаратылыстану-математика бағыты кафедрасының меңгерушісі және іс жүргізу жөніндегі жетекші маман лауазымдарына конкурс жариялау туралы хабарландыру
"Өрлеу" по Северо-Казахстанской области
Posted 5 дня ago
28.07.2025ж.
Бос лауазымдық орынға конкурс өткізу туралы
Хабарландыру
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ «Солтүстік Қазақстан облысы кәсіби даму институты» филиалы жаратылыстану-математикалық бағыттағы кафедра меңгеруші және әкімшілік-кадр жұмысы бөлімінің іс қағаздарын жүргізу жөніндегі жетекші маман бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.
Конкурс «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының бос лауазымдарына орналасу үшін «Кадрларды іріктеу, жұмысқа қабылдау және бейімдеу туралы» ереженің негізінде өткізіледі жаратылыстану-математика кафедрасының меңгерушісі лауазымына қойылатын біліктілік талаптары:
Біліктілікке қойылатын талаптар:
- жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білімі немесе тиісті бейін бойынша өзге де кәсіптік білімі, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде бес жыл болуы тиіс;
- ғылыми дәрежесі немесе PhD докторы дәрежесі болған жағдайда педагогикалық жұмыс өтілі кемінде екі жыл;
Білу керек:
- Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасының тіл туралы» Заңдарын және біліктілікті арттыру жүйесінің жұмыс істеуі мен дамуын реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерді, еңбек заңнамасын;
- еңбекті қорғау, ақпараттық қауіпсіздік, техника қауіпсіздігі және өрт қауіпсіздігі, қарым -қатынас мәдениеті мен еңбек этикасы ережелері мен нормаларын;
- педагогикалық әдеп нормаларын, оқу жоспарларын жасау тәртібін, тәрбие жұмысы бойынша құжаттаманы жүргізу ережелерін, педагогика, психология, андрогика, қаржылық сауаттылық негіздерін;
- білім берудегі стратегиялық жоспарлау және басқару принциптері;
- ғылыми-зерттеу іс-әрекетінің тәсілдері;
- үздіксіз білім алу және мұғалімдердің үздіксіз кәсіби дамуы тұжырымдамасы;
- қазіргі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен білім беру платформалары;
- бағдарлармаларды әзірлеу және білім беру бағдарламалары мен оқу-әдістемелік кешендердің тиімділігін бағалау әдістемесі;
- инновациялық білім беру технологиялары, оның ішінде қашықтықтан оқыту;
- оқыту және курстан кейінгі іс-әрекеттер кезінде мұғалімдердің өзара әрекетін ұйымдастырудың нысандары, әдістері, құралдары мен ресурстарын.
Әкімшілік-кадр жұмысы бөлімінің іс қағаздарын жүргізу жөніндегі жетекші маман лауазымына қойылатын біліктілік талаптары:
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім және лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда бір жылдан астам жұмыс өтілі.
Білу керек:
– Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының әкімшілік іс жүргізу кодексі, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңдары, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», ұйымдағы іс қағаздарын жүргізу бойынша әдістемелік және нормативтік материалдар, іс қағаздарын жүргізу және мұрағат жүйесінің негізгі ережелері, ұйымның және оның бөлімшелерінің құрылымын, ұйымдық-өкімдік құжаттаманың бірыңғай жүйесінің стандарттарын, қызметтік құжаттар мен материалдардың өтуін бақылау тәртібін, еңбекті ұйымдастыру негіздерін, еңбекті қорғау ережелері мен нормаларын, ақпараттық қауіпсіздікті, санитарлық ережелер мен нормаларды.
Конкурсты өткізу мерзімі: 4 тамыз 2025 жыл.
Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттар ұсынылады:
- дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім беру;
- конкурс комиссиясы Төрағасының атына өтініш;
- фотосуреті бар ақпараттық түйіндеме;
- ҚР азаматының жеке куәлігі немесе ҚР азаматының төлқұжаты. Қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады;
- қажетті кәсіптік білімін, жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттар (білімі немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі, ғылыми дәрежесі (ғылым докторы немесе ғылым кандидаты немесе PhD докторы) ғылыми атағы (профессор, доцент туралы құжаттардың көшірмелері), қайта даярлау және біліктілікті арттыру, қосымша оқыту туралы құжаттардың көшірмелері; ғылыми еңбектер мен өнертабыстардың тізбесі (бар болса); еңбек кітапшасының көшірмесі немесе талап етілетін біліктілікке сәйкес еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері, біліктілк санаттарына қатысты қосымша ақпарат қажет болған жағдайда-алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар.
Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік 5 күн ішінде қолма-қол немесе пошта арқылы мына мекенжайға ұсынылуы тиіс: 150007, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Труд көш., 36, «Өрлеу» БАҰО» АҚ «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша кәсіби даму институты» филиалы, Әкімшілік-қадр жұмысы бөліміне, № 201 кабинет. Құжаттар sko@orleu-edu.kz электрондық поштасы арқылы жіберілген жағдайда құжаттарын белгіленген мерзімде конкурсқа келген кезде жоғарыда аталған құжаттардың түпнұсқаларын ұсыну қажет. Анықтама үшін телефон 8(7152) 55-97-02.
Конкурстың өтетін орны, уақыты және шарттары конкурсқа 1 күн қалғанда қосымша хабарланады.
Конкурс комиссиясының төрағасына
тегі, аты,әкесінің аты
__________________________
мекен-жайы ____________________________________________________________
Өтініш
Бос лауазымдық орындағы конкурсқа қатысуыма рұқсат етіңіз
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Өтінімге қоса:
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________ ____________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда ) «____»_______________ 20__ ж.