Актуалды
"Өрлеу" по Северо-Казахстанской области
Posted 7 дня ago

Бос лауазымдық орынға конкурс  өткізу туралы

Хабарландыру

Бос лауазымды орынға конкурс өткізу туралы
Хабарландыру

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының
«Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалы
ӘКЖ бөлімінің электрик лауазымына конкурс жариялайды.

Конкурс «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының
бос лауазымдарға персоналды іріктеу, жұмысқа қабылдау және бейімдеу туралы
Ережесіне сәйкес өткізіледі.

Электрик лауазымына қойылатын біліктілік талаптары:

Тиісті бейіні бойынша техникалық немесе кәсіптік, немесе орта арнаулы білімінің болуы;
кернеуі 1000 Вольтқа (В) дейінгі электр қондырғыларында жұмыс істеуге арналған
электр қауіпсіздігі бойынша IV топтан төмен емес рұқсаттың болуы, Қазақстан
Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен расталған;
мамандығы бойынша еңбек өтілі – кемінде 1 (бір) жыл.

Білуі тиіс:

электр қауіпсіздігі, еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі, ақпараттық қауіпсіздік
саласындағы нормативтік-құқықтық құжаттарды;
тұрмыстық, кеңселік және өндірістік электр техникасын қауіпсіз пайдалану
қағидаларын;
бекітілген электр қондырғылары мен жабдықтарының құрылысын, жұмыс
принципін және техникалық сипаттамаларын;
кернеуі 1000 В-қа дейінгі және 1000 В-тан жоғары электр қондырғыларын
пайдалану қағидаларын;
кернеу толық ажыратылған жағдайда қорғаныш құрылғыларын алу және орнату
талаптарын;
электрмен жабдықтау жүйелерінің негізгі сызбаларын және электр энергиясын
есепке алу жүйелерін;
электрқорғаныш құралдарын қолдану қағидаларын;
электр қондырғыларында жұмыстарды орындауға персоналды жіберу тәртібін;
электр тогының әсеріне ұшыраған адамды босату және алғашқы медициналық
көмек көрсету қағидаларын.

            Конкурсты өткізу мерзімі:  6 қаңтар 2026 жыл.

– дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім;
– конкурстық комиссия төрағасының атына өтініш (1-қосымша);
– фотосуреті бар түйіндеме;
– Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе паспорты
(он алты жасқа толмаған адамдар үшін – туу туралы куәлік).
Қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады;
– Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхат немесе босқын куәлігі;
– қажетті кәсіби білімін, жұмыс тәжірибесін және біліктілігін растайтын
құжаттар (білім туралы құжаттардың, біліктілікті арттыру туралы
құжаттардың, ғылыми дәрежені беру туралы құжаттардың көшірмелері,
еңбек кітапшасының көшірмесі немесе конкурс шарттарына сәйкес талап
етілетін біліктілік бойынша еңбек қызметін растайтын құжаттар).

              Конкурсқа келген кезде жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары
ұсынылады.

Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.

              Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік 5 күн ішінде қолма-қол немесе пошта арқылы мына мекенжайға ұсынылуы тиіс: 150007, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Труд көш., 36, «Өрлеу» БАҰО» АҚ «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша кәсіби даму институты» филиалы, Әкімшілік-қадр жұмысы бөліміне, № 201 кабинет. Құжаттар sko@orleu-edu.kz электрондық поштасы арқылы жіберілген жағдайда құжаттарын белгіленген мерзімде конкурсқа келген кезде жоғарыда аталған құжаттардың түпнұсқаларын ұсыну қажет. Анықтама үшін телефон 8(7152) 55-97-02.

              Конкурстың өтетін орны, уақыты және шарттары конкурсқа 1 күн қалғанда қосымша хабарланады.

Конкурс комиссиясының төрағасына

тегі, аты,әкесінің аты

__________________________

мекен-жайы ____________________________________________________________

Өтініш

Бос лауазымдық орындағы конкурсқа қатысуыма рұқсат етіңіз

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

Өтінімге қоса:

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________                ____________________________________

(қолы)                     (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда ) «____»_______________ 20__ ж.

Apply For This Job