Актуальный
"Өрлеу" по Северо-Казахстанской области
Posted 1 неделя ago

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ «Солтүстік Қазақстан облысы кәсіби даму институты» жаратылыстану-математикалық бағыттағы кафедрасының аға оқытушы бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

Конкурс «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының бос лауазымдарына орналасу үшін «Кадрларды іріктеу, жұмысқа қабылдау және бейімдеу туралы» ереженің негізінде өткізіледі жаратылыстану-математикалық бағыттағы кафедрасының аға оқытушы лауазымына қойылатын біліктілік талаптары:

Біліктілікке қойылатын талаптар: Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білімі немесе тиісті бейін бойынша өзге де кәсіптік білімі болуы, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 3 жыл болуы тиіс.

Ғылыми дәрежесі немесе PhD докторы дәрежесі болған жағдайда педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 2 жыл болуы тиіс.

Білу керек:  Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Ғылым туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдарын және біліктілікті арттыру жүйесінің жұмыс істеуі мен дамуын реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерді, еңбек заңнамасын; еңбекті қорғау, ақпараттық қауіпсіздік, техника қауіпсіздігі және өрт қауіпсіздігі қағидалары мен нормаларын, қарым-қатынас мәдениетін және қызметтік әдепті; педагогикалық әдеп нормаларын, оқу жоспарларын жасау тәртібін, оқу жұмысы бойынша құжаттаманы жүргізу қағидаларын; педагогика, психология, андрагогика, қаржылық сауаттылық негіздерін; білім берудегі стратегиялық жоспарлау мен басқару қағидаттарын; ғылыми-зерттеу қызметіне қойылатын тәсілдерді; өмір бойы білім алу және педагогтердің үздіксіз кәсіби дамуы тұжырымдамасын; заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен білім беру платформаларын; білім беру бағдарламалары мен әдістемелік материалдарды әзірлеу әдіснамасын және олардың тиімділігін бағалау тәсілдерін; инновациялық білім беру технологияларын, оның ішінде қашықтан оқыту технологияларын; оқыту барысында және курстан кейінгі қызметте педагогтердің өзара әрекеттесуін ұйымдастырудың формаларын, әдістерін, құралдары мен ресурстарын білуі тиіс.           

Конкурсты өткізу мерзімі:  26 наурыз 2026 жыл.

Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттар ұсынылады:

  • дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім беру;
  • конкурс комиссиясы Төрағасының атына өтініш;
  • фотосуреті бар ақпараттық түйіндеме;
  • ҚР азаматының жеке куәлігі немесе ҚР азаматының төлқұжаты. Қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады;
  • қажетті кәсіптік білімін, жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттар (білімі немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі, ғылыми дәрежесі (ғылым докторы немесе ғылым кандидаты немесе PhD докторы) ғылыми атағы (профессор, доцент туралы құжаттардың көшірмелері), қайта даярлау және біліктілікті арттыру, қосымша оқыту туралы құжаттардың көшірмелері; ғылыми еңбектер мен өнертабыстардың тізбесі (бар болса); еңбек кітапшасының көшірмесі немесе талап етілетін біліктілікке сәйкес еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері, біліктілк санаттарына қатысты қосымша ақпарат қажет болған жағдайда-алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар.

Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.

              Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік 5 күн ішінде қолма-қол немесе пошта арқылы мына мекенжайға ұсынылуы тиіс: 150007, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Труд көш., 36, «Өрлеу» БАҰО» АҚ «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша кәсіби даму институты» филиалы, Әкімшілік-қадр жұмысы бөліміне, № 201 кабинет. Құжаттар sko@orleu-edu.kz электрондық поштасы арқылы жіберілген жағдайда құжаттарын белгіленген мерзімде конкурсқа келген кезде жоғарыда аталған құжаттардың түпнұсқаларын ұсыну қажет. Анықтама үшін телефон 8(7152) 55-97-02.

              Конкурстың өтетін орны, уақыты және шарттары конкурсқа 1 күн қалғанда қосымша хабарланады.

Apply For This Job