Архив
"Өрлеу" орталық аппараты
Posted 11 месяца ago

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Оқу жұмысын ұйымдастыру департаменті

директорының орынбасары (уақытша болмаған жұмыскерді алмастыру уақытына) лауазымына орналасуға конкурс

жариялайды.

Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті бағыт бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, білім беру ұйымдарындағы лауазымның функционалдық бағыттарына сәй-кес келетін салаларда кемінде төрт жыл жұмыс өтілі, ғылым докторы немесе ғылым кандидаты ғылыми дәрежесі немесе философия (PhD) докторы дәрежесі болған жағдайда, лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде екі жыл жұмыс өтілі. Мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерін еркін меңгеру.

Білуге тиіс: білім беру қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік құқықтық актілері, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі заңнамалық актілер, педагогика және психология негіздері, педагогика, педагогикалық психология, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктері, білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары, басқарудың инновациялық әдістері, еңбек заңнамасы, ішкі еңбек тәртібі қағидалары,еңбекті қорғау қағидалары мен нормалары, өрт қауіпсіздігі талаптары.

Негізгі міндеттері:

  • Қазақстан Республикасы педагогтерінің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру бойынша мемлекеттік тапсырма мен мемлекеттік тапсырыс негізінде оқу жұмысын жоспарлауға қатысуға;
  • филиалдарда курстық іс-шаралар жоспарын және профессор-оқытушылар құрамының оқу жүктемесін орындау бойынша оқу іс-әрекетін бақылауды жүзеге асыруға;
  • филиалдардың мамандарына оқу іс-әрекетін ұйымдастыру мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсетуге;
  • Қоғам филиалдарының ағымдағы жылғы қызметі туралы жартыжылдық және жылдық талдамалық есептер үшін сұратылған нысан бойынша материалдар дайындауға;
  • Қоғам филиалдарының ағымдағы жылғы оқу іс-әрекеті мәселелері бойынша жартыжылдық және жылдық талдамалық есептерге (кестелермен, слайдтармен, диаграммалармен) және ақпараттық анықтамаларға материалдарды сұралатын нысан бойынша дайындауға;
  • Департамент директорымен бірлесіп жоспарланған тапсырмалардың жасалуын және орындалуын бақылауды жүзеге асыруға, жұмыстың нәтижелілігін талдауға, есептіліктің уақтылы жасалуын қамтамасыз етуге;
  • Қоғам басшылығына ұсынылатын нормативтік құқықтық, ұйымдастырушылық, ақпараттық-техникалық және өзге де құжаттаманы талдауға;
  • Департамент қызметінің функционалдық бағыттарына қатысты мәселелер бойынша негізгі қызмет бойынша бұйрықтардың жобаларын әзірлеуге;
  • Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігімен, атап айтқанда, Орта білім комитетімен және Мектепке дейінгі білім беру департаментімен курстарды жоспарлау және ұйымдастыру бойынша өзара
    іс-қимыл жасауға;
  • мемлекеттік тапсырма мен мемлекеттік тапсырыс бойынша орындалған жұмыстар актісіне материалдарды келісу үшін дайындауға;
  • Департамент директоры уақытша болмаған жағдайда (демалыс, іссапар, еңбекке уақытша жарамсыздық және т. б.) оның міндеттерін атқаруға;
  • атқаратын лауазым құзыреттерінің шегінде іс қағаздарды жүргізуге және құжаттардың сақталуын және оларды белгіленген тәртіппен архивке тапсыруды қамтамасыз етуге.

Ұсынылатын құжаттар тізбесі

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамына электрондық түрде (құжаттардың сканерленген көшірмелерін) немесе төменде көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынады:

  • Конкурстық комиссия төрағасының атына өтініш (сілтеме);
  • фотосуреті бар ақпараттық түйіндеме (сілтеме);
  • Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты;
  • қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады;
  • шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) не босқын куәлігі;
  • қажетті кәсіптік білімін, жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттар (білім туралы, біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже беру туралы құжаттардың көшірмелері, еңбек кітапшасының немесе талап етілетін біліктілік конкурсының шарттары бойынша еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері);

Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.

Қажет болған жағдайда конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат береді.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 2024 ж. 28.06. қоса есептегенде Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Достық көшесі 18, Москва БО, 22 қабат, 25 кабинет мекенжайы бойынша немесе kuzhat@orleu-edu.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады, анықтама телефоны:
8 (7172) 57-46-01, құқықтық және әкімшілік-кадрлық жұмыс департаменті.

Сұхбат өткізу күні және орны:

2024 жылғы 1 шілде, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Достық көшесі 18, Москва БО, 22 қабат, 31 кабинет.

Кандидаттың құжаттарды уақтылы немесе толық ұсынбауы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.

Apply For This Job