Архив
Алматы облысы бойынша "Өрлеу"
Posted 3 года ago

Өрлеу “біліктілікті арттыру ұлттық орталығы” АҚ филиалы Алматы облысы бойынша кәсіби даму институты бос лауазымға уақытша, оқу жұмысы және мониторингтік қызмет бөлімінің баспа ісі жөніндегі бас маманының негізгі қызметкер жұмысқа шыққанға дейін конкурс жариялайды – 1 бірлік.

Лауазымға қойылатын біліктілік талаптары:      

Бөлімнің баспа ісі жөніндегі бас маманы лауазымына гуманитарлық ғылымдар және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат бағыттары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, мамандығы бойынша кемінде үш жыл жұмыс өтілі бар адам тағайындалады.Мемлекеттік және орыс тілдерін еркін меңгеру

Білуі керек: Қазақстан Республикасының қоғаммен байланыс, бұқаралық ақпарат құралдары және жарнама саласындағы мәселелерді реттейтін заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі заңнамалық актілерді, бәсекелес ортамен жұмыс істеудің негізгі қағидаттарын, бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс істеу әдістерін, риторика негіздерін және көпшілік алдында сөйлеу техникасын, ұйымның жеке деректер қорын қалыптастыру және пайдалану әдістері мен құралдарын, қазіргі заманғы байланыс құралдарын, аппараттық-техникалық құралдар мен компьютерлік технологияларды қолдана отырып, ақпаратты жинау және өңдеу әдістерін,  ақпаратты көрсету мен берудің техникалық құралдарының түрлерін, ұйымның мамандануын, қызметінің ерекшеліктері мен даму стратегиясын, іскерлік қарым-қатынас этикасын, еңбек заңнамасын, ішкі еңбек тәртібінің қағидаларын, еңбекті қорғау қағидалары мен нормаларын, өрт қауіпсіздігінің талаптарын.

Ұсынылатын құжаттар тізбесі

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамына электрондық түрде (құжаттардың сканерленген көшірмелерін) немесе төменде көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынады:

– Конкурстық комиссия төрағасының атына өтініш (сілтеме);

– түсті фотосуреті бар түйіндеме (сілтеме);

– кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (сілтеме);

– фотосурет (3*4 форматы) /немесе оның электрондық форматы;

– Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты;

– тиісті білімді, шеберлікті және дағдыларды талап ететін білімі, біліктілігі, арнайы білімінің немесе кәсіптік даярлығының болуы туралы құжат;

– еңбек қызметін растайтын құжат.

* (білімі туралы, біліктілігін арттыру туралы құжаттардың көшірмелері, жұмыс орны бойынша кадр қызметімен немесе нотариуспен расталған еңбек кітапшасының көшірмесі). Кандидаттың жеке өзі құжаттардың түпнұсқасын ұсынған кезде, көшірмесін куәландыру талап етілмейді);

– алдын ала медициналық куәландырудан өткені туралы құжат (№075 нысандағы анықтама);

– қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің болуы немесе болмауы туралы анықтама;

– сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің болуы немесе болмауы туралы анықтама

– әскери міндеттілер тұрғылықты жері бойынша әскери есепке қойылғанын растайтын құжатты ұсынады.

Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.

Қажет болған жағдайда конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат береді.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар Хабарландырудың жарияланған күні: 11.03.2022 ж.

Конкурс өтетін күн: 24.03.2022 ж.

Кандидаттың құжаттарды уақтылы немесе толық ұсынбауы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.

Apply For This Job