Архив
"Өрлеу" орталық аппараты
Posted 3 года ago

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Оқу жұмысы жөніндегі департаментінің маманы лауазымына конкурс жариялайды;   

Лауазымға қойылатын біліктілік талаптары: тиісті бағыт бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, білім беру ұйымдарындағы лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салалардағы жұмыс өтілі кемінде бір жыл. Мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерін еркін меңгеру.

Білуі керек: Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы қатынастарды реттейтін заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі заңнамалық актілерді, ішкі еңбек тәртібінің қағидаларын, еңбекті қорғау қағидалары мен нормаларын, өрт қауіпсіздігінің талаптарын.

Ұсынылатын құжаттар тізбесі

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамына электрондық түрде (құжаттардың сканерленген көшірмелерін) немесе төменде көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынады:

– Конкурстық комиссия төрағасының атына өтініш (сілтеме);

– фотосуреті бар түйіндеме (сілтеме);

– Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты;

қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады;

шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) не босқын куәлігі;

– қажетті кәсіптік білімін, жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттар (білім туралы, біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже беру туралы құжаттардың көшірмелері, еңбек кітапшасының немесе талап етілетін біліктілік конкурсының шарттары бойынша еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері);

Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.

Қажет болған жағдайда конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат береді.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 29.06.2022ж. дейін Қазақстан Республикасы,  Нұр-Сұлтан қаласы, Достық көшесі 18, Москва БО, 22 қабат, 25 кабинет мекен-жайы бойынша немесе kuzhat@orleu-edu.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады, анықтамалар телефоны: 8(7172) 57-46-01, Құқықтық және әкімшілік-кадрлық жұмыс департаменті.

Сұхбат өткізу күні, уақыты және орны:

2022 жылғы 30 маусымында сағат 11.00-де Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Достық көшесі 18, Москва БО, 22 қабат, 31-кабинет

Кандидаттың құжаттарды уақтылы немесе толық ұсынбауы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.

Apply For This Job