Оқу жұмысы жөніндегі департаментінің маманы, уақытша болмаған қызметкерді алмастыру уақытына
Архив
"Өрлеу" орталық аппараты
Posted 3 года ago
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Оқу жұмысы жөніндегі департаментінің маманы, уақытша болмаған қызметкерді алмастыру уақытына бос лауазымына конкурс жариялайды;
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптары: тиісті бағыт бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, білім беру ұйымдарындағы лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салалардағы жұмыс өтілі кемінде бір жыл болғаны жөн. Мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерін еркін меңгеру.
Білуі керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Ғылым туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарын, біліктілікті арттыру, оқыту және білім беру саласын, педагогика мен психологияның әдіснамалық негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, менеджмент негіздерін, педагогикалық ғылым мен тәжірибенің жетістіктерін реттейтін нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ Қоғамның осы лауазымға белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін;
Негізгі міндеттері:
3) міндеттерді нәтижелі орындау үшін еңбек өнімділігін, өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыру;
4) Қоғамның филиалдарын оқу жұмысының басым бағыттары бойынша қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету;
5) өз қызметінің бағыттары бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде бұйрықтар, қызметтік хаттар, әдістемелік ұсынымдар жобаларын әзірлеу және тиісті құрылымдық бөлімшелермен келісу, оқу жүктемесін жоспарлау жөніндегі нормативтік құжаттарды және қажетті оқу құжаттамасын әзірлеуге қатысу;
6) оқу үдерісін реттейтін нормативтік құжаттардың электрондық базасын құру шеңберінде барлық оқу құжаттамасын автоматтандырылған түрде дайындауды жүзеге асыру, сондай-ақ біліктілікті арттыру жүйесінің жай-күйі туралы деректер банкін қалыптастыру бойынша жұмысты үйлестіру (ақпаратты жинау, өңдеу және сақтау, талдау);
7) педагог пен маманның қоғамдық жағдайына сәйкес мінез-құлықтың этикалық нормаларын сақтау;
8) Қоғамның ішкі нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес оқу үдерісін ұйымдастыруды қамтамасыз ету жөніндегі қызметіне қатысу;
9) білім беру қызметін ұйымдастырудағы жаңа тұжырымдамалық тәсілдерді әзірлеу және енгізу кезінде ұсыныстар беру, тәуекелдер мен мүмкіндіктерді талдау;
10) Қоғамның оқу қызметі мәселелері бойынша деректерді жинауды, талдамалық есептерді және ақпараттық анықтамаларды дайындауды жүзеге асыру;
11) Қоғамның оқу қызметі нормаларының жоспарлануына және орындалуына бақылауды жүзеге асыру;
12) біліктілікті арттыру мәселелері бойынша филиалдардың мамандарына консультациялық көмек ұйымдастыруға, біліктілікті арттырудың түрлері мен нысандарын айқындауға қатысу;
13) өз қызметінің бағыттары бойынша құжаттама жүргізу және құжаттардың сақталуын және олардың белгіленген тәртіппен мұрағатқа тапсырылуын қамтамасыз ету;
14) өзінің тікелей басшысының лауазымдық өкілеттігі шегінде берілген өзге де тапсырмаларын орындау;
15) атқарушылық және еңбек тәртібін, еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау;
16) аудиториялық қорды ұтымды пайдалану және оқу жүктемесі бойынша ұсынымдар дайындауға қатысу;
17) Қоғам филиалдарының оқу-тақырыптық жоспарларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
18) білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бойынша мемлекеттік сатып алу шеңберінде мемлекеттік тапсырманың, қызметтердің орындалуына бақылауды жүзеге асыру;
19) Қоғам филиалдарының оқу құжаттамаларына жүйелі талдау және бақылау жүргізу;
20) уақытша болмаған жағдайда (демалыс, іссапар, еңбекке уақытша жарамсыздық және т. б.) Департаменттің жетекші маманының және (немесе) бас маманының міндеттерін орындау, сондай-ақ белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес Қоғамның Басқарма Төрағасы айқындаған, олар уақытша болмаған жағдайда Қоғамның басқа да қызметкерлерінің міндеттерін орындау;
21) сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді өзіне қабылдау;
22) жұмыс берушінің және жұмыскерлердің мүлкіне ұқыпты қарау;
23) келтірілген залалды Қазақстан Республикасының қолданыстағы еңбек заңнамасында және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген шектерде жұмыс берушіге өтеу;
24) атқаратын лауазымы бойынша өкілеттіктері мен құзыреттері шеңберіндегі мәселелер бойынша Қоғамның жұмыс топтарының, комиссияларының жұмысына, сондай-ақ кеңестеріне қатысу;
25) мүгедектіктің белгіленгені немесе еңбек міндеттерін жалғастыруға кедергі келтіретін денсаулық жағдайының өзге де нашарлауы туралы жұмыс берушіге хабарлау;
26) адамдардың өмірі мен денсаулығына, жұмыс беруші мен жұмыскерлер мүлкінің сақталуына қатер төндіретін ахуал туындағаны, сондай-ақ бос тұрып қалу туындағаны туралы жұмыс берушіге хабарлау;
27) жұмыс берушінің талабы бойынша жұмыс берушінің актісінде көзделген жағдайларда, сондай-ақ басқа жұмысқа ауыстыру кезінде профилактикалық медициналық қарап-тексеруден өту;
28) жұмыс беруші беретін жеке және ұжымдық қорғану құралдарын мүлтіксіз қолдану және мақсаты бойынша пайдалану;
29) еңбек міндеттерін орындауға байланысты өзіне мәлім болған қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етпеу;
30) Қоғамның еңбек тәртібін, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартын және қызметтік әдеп ережелерін, сондай-ақ жұмыс орнында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі және өндірістік санитария жөніндегі нормалардың, қағидалардың және нұсқаулықтардың талаптарын сақтау;
31) атқаратын лауазымы бойынша өкілеттіктер мен құзыреттер шеңберінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген өзге де міндеттерді орындау.
Ұсынылатын құжаттар тізбесі
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамына электрондық түрде (құжаттардың сканерленген көшірмелерін) немесе төменде көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынады:
– Конкурстық комиссия төрағасының атына өтініш (сілтеме);
– фотосуреті бар ақпараттық түйіндеме;
– Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты;
қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады;
шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) не босқын куәлігі;
– қажетті кәсіптік білімін, жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттар (білім туралы, біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже беру туралы құжаттардың көшірмелері, еңбек кітапшасының немесе талап етілетін біліктілік конкурсының шарттары бойынша еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері);
Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.
Қажет болған жағдайда конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат береді.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 22.08.2022ж. дейін Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Достық көшесі 18, Москва БО, 22 қабат, 25 кабинет мекен-жайы бойынша немесе kuzhat@orleu-edu.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады, анықтамалар телефоны: 8(7172) 57-46-01, Құқықтық және әкімшілік-кадрлық жұмыс департаменті.
Сұхбат өткізу күні, уақыты және орны:
2022 жылғы 24 тамызында сағат 11.00-де Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Достық көшесі 18, Москва БО, 22 қабат, 31-кабинет
Кандидаттың құжаттарды уақтылы немесе толық ұсынбауы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.