Архив
Маңғыстау облысы бойынша "Өрлеу"
Posted 12 месяца ago

«ӨРЛЕУ» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы»  акционерлік қоғамының Маңғыстау облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалы оқу ісі бөлімінің бас маманы лауазымына конкурс жариялайды

Біліктілікке қойылатын талаптар:  жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім, лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салалардағы жұмыс өтілі кемінде екі жыл.

Білуі тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Еңбек кодексін», “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы” заңдарын, Қазақстан Республикасының қызмет бағытын реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерін, ішкі еңбек тәртіптемесінің қағидалары, еңбек қорғау нормалары мен ережелерін, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы күрес ережелерін, санитарлық нормалар мен ережелерді.

Негізгі міндеттері: еңбек шартымен, Қоғам мен Филиалдың ішкі актілерімен және осы лауазымдық нұсқаулықпен жүктелген міндеттерді сапалы және уақытылы орындау;

атқаратын лауазымы бойынша құзыреті шегінде Бөлім бастығының тапсырмаларын орындау;

статистикалық есептерді дайындауға қатысу (Филиалдағы оқу ісі жөнінде тоқсандық есеп);

Филиалдың, білім беру мәселелері жөніндегі облыстық (өңірлік) уәкілетті органның, жекелеген білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыруға арналған тапсырмаларын, өтінімдерін кейіннен тыңдаушылар санаттарына сәйкес кафедралар бойынша қайта бөле отырып тіркеу;

білім беру бағдарламаларының, тыңдаушылар тізімдерінің, курстық даярлықты қабылдау мен аяқтауға бұйрықтардың, біліктілікті арттыру туралы құжаттардың (сертификаттар), оқу-тақырыптық жоспарлардың, курстық даярлық журналының, оқу сабақтарының кестелерінің ресімделуі мен ұсынылуын бақылау;

тыңдаушылардың сабаққа қатысуын бақылау;

қатаң есептегі құжаттардың бланкілерін (сертификаттарды) есепке алу және сақтау;

Қоғамға (Филиалға) тоқсан сайынғы есепті ұсына отырып, оқу қызметі бойынша барлық ақпаратты жинау және өңдеу.

Ұсынылатын құжаттар тізбесі:

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының Маңғыстау облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалына электрондық түрде (құжаттардың сканерленген көшірмелерін) немесе төменде көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынады:

– Конкурстық комиссия төрағасының атына өтініш (сілтеме);

– түсті фотосуреті бар түйіндеме (сілтеме);

– Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты;

қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады;

шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) не босқын куәлігі;

– білімі туралы, біліктілігін арттыру туралы құжаттардың көшірмелері, жұмыс орны бойынша кадр қызметімен немесе нотариуспен расталған еңбек кітапшасының көшірмесі). Кандидаттың жеке өзі құжаттардың түпнұсқасын ұсынған кезде, көшірмесін куәландыру талап етілмейді;

Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.

Қажет болған жағдайда конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат береді.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 07.06.2024ж. дейін Қазақстан Республикасы,  Ақтау қаласы, 17 шағынаудан, 48 ғимарат мекен-жайы бойынша немесе e-mail: mandystauipk@orleu-edu.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады, анықтамалар телефоны: 87012628616, 87754889370

Сұхбат өткізу күні, уақыты және орны:

2024 жылғы 10 маусым сағат 16.00-де Қазақстан Республикасы, Ақтау қаласы, 17-шағынаудан, 48 ғимарат, 5-қабат.

Кандидаттың құжаттарды уақтылы немесе толық ұсынбауы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.

Apply For This Job