Оқу ісі бөлімінің бас маман бос лауазымы(1 бос бірлік) (уақытша болмаған қызметкерді алмастыру уақытына (31.12.2023 ж. дейін))
Архив
Шымкент қаласы бойынша "Өрлеу"
Posted 2 года ago
«Өрлеу» БАҰО» АҚ «Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша Кәсіби даму» институты филиалы уақытша болмаған қызметкерді алмастыру уақытына Оқу ісі бөлімінің бас маман бос лауазымына орналасу үшін конкурс жариялайды (1 бос бірлік) уақытша болмаған қызметкерді алмастыру уақытына (31.12.2023 ж. дейін)
Жұмыс орны: Шымкент қ.
Біліктілік талаптары
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім, лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салалардағы жұмыс өтілі кемінде екі жыл.
Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Еңбек кодексін», “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы” заңдарын, Қазақстан Республикасының қызмет бағытын реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерін, ішкі еңбек тәртіптемесінің қағидалары, еңбек қорғау нормалары мен ережелерін, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы күрес ережелерін, санитарлық нормалар мен ережелерді.
Жеке қасиеттері:
·Көпшіл.
·Жауаптылық.
·Командада және көптапсырма режимінде жұмыс істей білу.
Оқу ісі бөлімінің бас маман міндеттері:
- еңбек шартымен, Қоғам мен Филиалдың ішкі актілерімен және осы лауазымдық нұсқаулықпен жүктелген міндеттерді сапалы және уақытылы орындау;
- атқаратын лауазымы бойынша құзыреті шегінде Бөлім бастығының тапсырмаларын орындау;
- міндеттерді нәтижелі орындау үшін еңбек өнімділігін, өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыру;
- біліктілікті арттыру курстарының жоспарына сәйкес кафедралар жүргізетін оқу жұмысын талдауға қатысу;
- статистикалық есептерді дайындауға қатысу оқу ісі жөнінде тоқсандық есеп);
- Филиалдың білім беру мәселелері жөніндегі облыстық (өңірлік) уәкілетті органның, жекелеген білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыруға арналған тапсырмаларын, өтінімдерін кейіннен тыңдаушылар санаттарына сәйкес кафедралар бойынша қайта бөле отырып тіркеу;
- Нормативтік құжаттардың орындалуын бақылау;
- білім беру бағдарламаларының, тыңдаушылартізімдерінің, курстық даярлықты қабылдау мен аяқтауға бұйрықтардың, біліктілікті арттыру туралы құжаттардың (сертификаттар), оқу-тақырыптық жоспарлардың, курстық даярлық журналының, оқу сабақтарының кестелерінің ресімделуі мен ұсынылуын бақылау;
- қатаң есептегі құжаттардың бланкілерін (сертификаттарды)есепке алу және сақтау;
- Қоғамға (Филиалға) тоқсан сайынғы есепті ұсына отырып, оқу қызметі бойынша барлық ақпаратты жинау және өңдеу.
Тапсырылатын құжаттар тізбесі
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар әкімшілік -кадрлық жұмыс басқармасы кадр мәселелері жөніндегі бас маманына көрсетілген құжаттардың көшірмелерін (нотариалды куәландырған) жеке өзі тапсырады:
- конкурстық комиссия Төрағасының атына өтініш;
- фотосуреті бар түйіндеме;
- ҚР азаматының жеке куәлігі немесе ҚР азаматының төлқұжаты. Қаңдастар жергілікті атқарушы органдар берген қаңдас куәлігін ұсынады;
- шетелдіктің ҚР тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі (ҚР аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) не босқын куәлігі;
- қажетті кәсіптік білімін, жұмыс тәжірбиесі мен біліктілігін растайтын құжаттар (білімі туралы, біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже беру туралы құжаттардың көшірмелері, еңбек кітапшасының немесе талап етілетін біліктілік конкурсының шарттары бойынша еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері.
Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген барлық құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.
Қажет жағдайда конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне және кәсіптік деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты тапсырады.
Конкурс өтетін күн, орны, уақыты: 2023 жыл 6 сәуір.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 2023 жылғы 4 сәуірге дейін мына мекенжай бойынша қабылданады: Қазақстан Республикасы, Шымкент қ., Дулати к.,201, 20 каб. немесе: uko@orleu-edu.kz эл.почтасы.
Анықтама үшін телефон: +7 (7252)325135 – кадр бөлімі.
Үміткердің құжаттарды уақтылы емес немесе толық емес тапсыруы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тарту үшін негіздеме болып табылады.