Архив
Шымкент қаласы бойынша "Өрлеу"
Posted 3 года ago

«Өрлеу» БАҰО» АҚ «Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша Кәсіби даму» институты филиалы оқу ісі бөлімінің жетекші маманы бос лауазымына орналасу үшін конкурс жариялайды (1 бос бірлік)

Біліктілік талаптары

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары білім (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) және лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салалардағы жұмыс өтілі кемінде бір жыл.

Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының “Білім туралы”,”Педагог мәртебесі туралы”, “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы” Заңдарын, Қазақстан Республикасының қызмет бағытын реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерін, ішкі еңбек тәртіптемесінің қағидалары, еңбек қорғау нормалары мен ережелерін, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы күрес ережелерін, санитарлық нормалар мен ережелерді.

Жеке қасиеттері:

  • Көпшіл
  • Жауаптылық
  • Командада және көптапсырма режимінде жұмыс істей білу.

Бөлім (Топ) жетекші маманының міндеттері:

  • еңбек шартымен, Қоғам мен Филиалдың ішкі актілерімен және осы лауазымдық нұсқаулықпен жүктелген міндеттерді сапалы және уақытылы орындау;
  • атқаратын лауазымы бойынша құзыреті шегінде Бөлім бастығының (Өкілдік басшысының) тапсырмаларын орындау;
  • міндеттерді нәтижелі орындау үшін еңбек өнімділігін, өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыру;
  • өз қызметінің бағыттары бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде бұйрықтар, қызметтік хаттар, әдістемелік ұсынымдар жобаларын әзірлеу және тиісті құрылымдық бөлімшелермен келісу, оқу жүктемесін жоспарлау жөніндегі нормативтік құжаттарды және қажетті оқу құжаттамасын әзірлеуге қатысу;
  • оқу процесін регламенттейтін нормативтік құжаттардың электрондық қорын құру шеңберінде барлық оқу құжаттамасын автоматтандырылған дайындауды жүзеге асыру, сондай-ақ біліктілікті арттыру жүйесінің жай-күйі туралы деректер банкін қалыптастыру жөніндегі жұмысты үйлестіру (ақпаратты жинау, өңдеу және сақтау, талдау); ішкі нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес Қоғамның оқу процесін ұйымдастыруды қамтамасыз ету жөніндегі қызметіне қатысу;
  • білім беру қызметін ұйымдастырудағы жаңа тұжырымдамалық тәсілдерді әзірлеу және енгізу кезінде ұсыныстар, тәуекелдер мен мүмкіндіктерді талдау;
  • Филиалдың (Өкілдіктің)оқу ісі мәселелері бойынша деректер жинау, талдамалық есептер мен ақпараттық анықтамалар дайындау;
  • Филиалдың (Өкілдіктің)оқу ісі нормаларының жоспарлануына және орындалуына бақылау жасау.

Тапсырылатын құжаттар тізбесі

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар әкімшілік-ұйымдастырушылық мәселелер жөніндегі басқарманың кадр мәселелері жөніндегі бас маманына электронды түрде (құжаттардың сканерленген көшірмелерін) немесе көрсетілген құжаттардың көшірмелерін жеке өзі тапсырады:

  • конкурстық комиссия Төрағасының атына өтініш;
  • суреті бар түйіндеме;
  • ҚР азаматының жеке куәлігі немесе ҚР азаматының төлқұжаты. Қаңдастар жергілікті атқарушы органдар берген қаңдас куәлігін ұсынады;
  • шетелдіктің ҚР тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі (ҚР аумағында тұрақты тұратын  шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) не босқын куәлігі;
  • қажетті кәсіптік білімін, жұмыс тәжірбиесі мен біліктілігін растайтын құжаттар (білімі туралы, біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже беру туралы құжаттардың көшірмелері, еңбек кітапшасының немесе талап етілетін біліктілік конкурсының шарттары бойынша еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері.

Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген барлық құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.

Қажет жағдайда конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне және кәсіптік деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты тапсырады.

Конкурс өтетін күн, орны, уақыты: 2022 жыл  21 қыркүйек

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 2022 жылғы 19 қыркүйек дейін мына мекенжай бойынша қабылданады: Қазақстан Республикасы, Шымкент қ., Дулати к.,201, 20 каб. немесе: uko@orleu-edu.kz эл.почтасы.

Анықтама үшін телефон: +7 (7252)325135кадр бөлімі.

Үміткердің құжаттарды уақтылы емес немесе толық емес тапсыруы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тарту үшін негіздеме болып табылады.

Apply For This Job