Оқу ісі бөлімінің жетекші маманы
Архив
Шығыс Қазақстан облысы бойынша “Өрлеу”
Posted 11 месяца ago
Хабарландыру
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ Шығыс Қазақстан облысы бойынша кәсіби даму институты филиалының оқу ісі бөлімінің жетекші маманы бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы
Мекеме атауы: «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ Шығыс Қазақстан облысы бойынша кәсіби даму институты филиалы
Бос орын түрі: бос лауазымға орналасуға конкурс
Құжаттарды қабылдау күні: 17.06.2024 ж.
Құжаттарды қабылдаудың аяқталу күні: 21.06.2024 ж.
Жауапты: әкімшілік-кадрлық жұмыс басқарма бастығы
Байланыс e-mail: vkoipk@mail.ru vkoipk@orleu-edu.kz
Телефон: 8/7232/740024
Бос орын атауы: оқу ісі бөлімінің жетекші маманы.
Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарын және Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдары қызметінің мәселелері жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілерін, әдістемелік және ақпараттық материалдарды жүйелеу қағидаттарын, баспалармен жұмыс істеу негіздерін, оқу-бағдарламалық құжаттаманы әзірлеу қағидаттары мен тәртібін,, озық білім беру технологиялары бойынша жұмыс тәжірибесін жинақтау және тарату әдістемесін, ішкі еңбек тәртібі ережелерін, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы мен өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын, санитарлық ережелер мен нормаларды.
Оқу ісі бөлімінің жетекші маманы лауазымдық міндеттеріне кіреді:
Міндеттерді нәтижелі орындау үшін еңбек өнімділігін, өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыру;
Өз қызметінің бағыттары бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде бұйрықтар, қызметтік хаттар, әдістемелік ұсынымдар жобаларын әзірлеу және тиісті құрылымдық бөлімшелермен келісу, оқу жүктемесін жоспарлау жөніндегі нормативтік құжаттарды және қажетті оқу құжаттамасын әзірлеуге қатысу;
Оқу процесін регламенттейтін нормативтік құжаттардың электрондық қорын құру шеңберінде барлық оқу құжаттамасын автоматтандырылған дайындауды жүзеге асыру, сондай-ақ біліктілікті арттыру жүйесінің жай-күйі туралы деректер банкін қалыптастыру жөніндегі жұмысты үйлестіру (ақпаратты жинау, өңдеу және сақтау, талдау); ішкі нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес Қоғамның оқу процесін ұйымдастыруды қамтамасыз ету жөніндегі қызметіне қатысу;
Білім беру қызметін ұйымдастырудағы жаңа тұжырымдамалық тәсілдерді әзірлеу және енгізу кезінде ұсыныстар
Тәуекелдер мен мүмкіндіктерді талдау;
Филиалдың (Өкілдіктің) оқу ісі мәселелері бойынша деректер жинау, талдамалық есептер мен ақпараттық анықтамалар дайындау;
Филиалдың (Өкілдіктің) оқу ісі нормаларының жоспарлануына және орындалуына бақылау жасау;
Аудиториялық қорды ұтымды пайдалану бойынша ұсынымдар дайындауға қатысу;
Филиалдың (Өкілдіктің) оқу-тақырыптық жоспарларының орындалуына бақылау жасау;
Білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бойынша мемлекеттік сатып алу шеңберінде мемлекеттік тапсырманың, қызметтердің орындалуына бақылау жасау;
Тыңдаушылардың жеке деректерінің бірыңғай дерекқорына енгізілуіне бақылау жасау;
Филиалдың (Өкілдіктің) оқу құжаттамасына жүйелі талдау және бақылау жасау;
Бөлімнің (Топтың) істер номенклатурасын жүргізу;
Сабақтарға қатысуды бақылау мен талдау жасау;
Іс қағаздарын жүргізуге, құжаттардың сақталуын және олардың белгіленген тәртіппен мұрағатқа тапсырылуын қамтамасыз ету.
Іссапарлар: жоқ
Жұмыс уақыты: 5 күндік жұмыс аптасы, дүйсенбі-жұма 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін.
Жұмыс орнының орналасқан жері: Өскемен қаласы
Қызметтік келісімшарттың түрі: еңбек шарты
Білім деңгейі: жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім.
Мамандығы бойынша жұмыс өтіліне қойылатын талаптар: лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес саладағы жұмыс өтілі кемінде бір жыл.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген Кандидат «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ-ның Шығыс Қазақстан облысы бойынша кәсіби даму институты филиалының әкімшілік-кадрлық жұмыс басқармасына электрондық түрде (құжаттардың сканерленген көшірмелерін) не көрсетілген құжаттардың көшірмелерін жеке өзі ұсынады:
– конкурстық комиссия төрағасының атына өтініш (сілтеме);
– түйіндеме фотомен;
– Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматының паспорты;
қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады;
шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ адамның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін) не босқын куәлігі;
– қажетті кәсіптік білімін, жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттар (білімі туралы, біліктілігін арттыру туралы, ғылыми дәреже беру туралы құжаттардың көшірмелері, еңбек кітапшасының немесе талап етілетін біліктілік конкурсының шарттары бойынша еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері).
Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.
Қажет болған жағдайда конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат бере алады.
Кандидаттың құжаттарды уақтылы немесе толық ұсынбауы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тарту үшін негіз болып табылады.
Мекеменің орналасқан мекен-жайы: Өскемен қаласы, Киевская көшесі 69.