Архив
Алматы облысы бойынша "Өрлеу"
Posted 3 года ago

Ваканттық лауазым: 

Педагогикалық инновация және курстан кейінгі қолдау зертханасының меңгерушісінің бос лауазымына 1 бірлік конкурс жариялайды.

Талаптар: Зертхана меңгерушісі лауазымына тиісті кадрлар даярлау бағыты бойынша жоғары педагогикалық (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, білім беру ұйымдарында кемінде үш жыл жұмыс өтілі бар адам тағайындалады.

Зертхана меңгерушісі білуі керек:

  • Қазақстан Республикасының Конституциясы;
  • Қазақстан Республикасы «Білім туралы»;
  • «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы»;
  • «Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі»;
  • «Ақпараттандыру жөнінде».

Зертхана меңгерушісінің негізгі функциялары:

  • 1. Институттың жұмыс жоспарына сәйкес зертхана жұмысын перспективалық және ағымдағы жоспарлауды жүзеге асыру.
  • 2. Зертхана қызметіне басшылық жасайды және оның жұмысының сапасы мен нәтижелілігіне жауапты болады.
  • 3. Курстан кейінгі қолдау және инновацияларды енгізу мәселелері бойынша зертхана қызметін ұйымдастыру.
  • 4. Инновациялық қызмет бағыттары бойынша педагогикалық деректер базасын (БПД) құру жөніндегі жұмысты үйлестіру, инновациялық педагогикалық тәжірибе туралы ақпараттық массивті жинақтауға ықпал ету, конференциялар, семинарлар өткізу және т. б. арқылы тәжірибені енгізуді және танымал етуді ұйымдастыру.
  • 5. Институттың жағымды имиджін қолдау, білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты позициялау, институт қызметі туралы жұртшылықты хабардар ету арқылы коммуникативтік ақпараттық ортаны құру жөніндегі қызметті ұйымдастырады және үйлестіреді.
  • 6. Зертхана қызметінің бағыттары бойынша басқару құжаттарын (анықтамалар, ақпараттық жазбалар, есептер) дайындайды.
  • 7. Келісу үшін бөлімшеге келіп түсетін құжаттардың жобалары бойынша ұсыныстар, қорытындылар дайындауға, нормативтік, нұсқаулық және әдістемелік құжаттарды жүйелеуге, зертхана қызметінің бағыты бойынша деректер банкін қалыптастыруға қатысу.
  • 8. Зертхана қызметінің ерекшелігі бойынша халықаралық және отандық тәжірибені зерттеу.
  • 9. Зертхана туралы Ережеге сәйкес өзіне жүктелген басқа да міндеттерді орындайды..

Өтініштерді қабылдау мерзімі: Хабарландыру жарияланған күннен бастап 14 күнтізбелік күн ішінде.

Қажетті құжаттар тізімі:

  1. Конкурстық комиссия төрағасының атына өтініш
  2. Кадрларды есепке алудың жеке парағы;
  3. 3*4 фотосурет (2 дана);
  4. Жеке басын куәландыратын құжат;

5.Қажетті кәсіби білімін, еңбек өтілін және біліктілік тәжірибесін растайтын құжаттар;

  • Медициналық анықтама (Ф075);
  • Соттылығының болуы немесе болмауы туралы анықтама;
  • Туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан справка;
  • Наркологиялық ұйымнан справка;
  • Әскери тіркеуді растайтын құжат (болған жағдайда)

11.Сыбайлас жемқорлық қылмысына қатысы жоқ екендігі жөнінде анықтама.

 Хабарландырудың жарияланған күні: 24.03.2022 ж.

Конкурс өтетін күн: 06.04.2022 ж.

Apply For This Job