Архив
Қызылорда бойынша "Өрлеу"
Posted 3 года ago

«Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы Қызылорда облысы бойынша Кәсіби даму институты педагогикалық әдіснама және инновация кафедрасы аға оқытушысы бос лауазымына күнделікті жұмыс уақытының ұзақтығы 2 сағат толық емес жұмыс уақытымен (0,25 ставка) қоса атқару жұмысқа орналасуға конкурс жариялайды.

Біліктілік талаптары: Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім, соңғы жеті жылдан кем емес педагогикалық еңбек өтілі және орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде «Көркем еңбек» пәні бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы бойынша сертификат.

Білуге тиіс:

– ҚР Конституциясы, ҚР Еңбек кодексі, ҚР Бюджет кодексі, ҚР «Білім туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдары, ҚР өзге де нормативтік құқықтық актілері;

– ішкі еңбек тәртіп, өндірістік санитария ережелері, өрт қауіпсіздігі, еңбекті қорғау талаптары.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

  • конкурстық комиссия Төрағасының атына өтініш;
  • кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парағы;
  • фотосурет (3×4 форматы)/ немесе оның электрондық форматы;
  • жеке басын куәландыратын құжат;
  • мекенжай анықтамасы;
  • қажетті кәсіптік білімін, жұмыс өтілін және біліктілігін растайтын құжаттар (жұмыс орны бойынша кадр қызметтері немесе нотариуста растаған білімі, біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже беру туралы құжаттардың, еңбек кітапшасының көшірмелері). Ескертпе: кандидаттың құжаттардың түпнұсқасын жеке өзі ұсынған жағдайда көшірмесін куәландыру талап етілмейді;
  • белгіленген нысандағы медициналық анықтама (Ф 086);
  • қылмыстық құқық бұзушылық және сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;
  • әскери міндеттілер әскери есепке қойылғанын растайтын құжатты ұсынады.

Жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары конкурсқа келгеннен кейін ұсынылады.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар 2022 жылғы 01 тамызға дейін мына мекенжайға жіберілуі тиіс:

120001, Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі, 2;

Анықтама үшін телефондар: 8 (7242) 27-62-86, 27-76-51;

Электрондық мекенжай: kyzylordaipk@orleu-edu.kz, ipkit_korda2004@mail.ru

Байқау 2022 жылдың 02 тамызында өтеді.

Apply For This Job