Педагогика және пәндік әдістер кафедрасының әдіскері
Архив
Маңғыстау облысы бойынша "Өрлеу"
Posted 1 год ago
«ӨРЛЕУ» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының Маңғыстау облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалы педагогика және пәндік әдістер кафедрасының әдіскері лауазымына конкурс жариялайды
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім немесе кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, білім беру ұйымдарындағы жұмыс өтілі кемінде 2 жыл.
Білуі тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңдары, «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» және білім беру ұйымдарының қызметі бойынша басқа да нормативтік құқықтық актілер: педагогика және психология негіздері; басқарудың инновациялық әдістері, баспалармен жұмыс істеу негіздері, оқу-бағдарламалық құжаттаманы әзірлеу тәртібі, пән бойынша жаңа және балама оқулықтардың мазмұны, педагогикалық әдеп нормалары, жұмыс тәжірибесін жалпылау және тарату әдістемесі, ғылыми-зерттеу және эксперименттік қызметі, еңбек заңнамасының негіздері, ішкі еңбек тәртібі, еңбекті қорғау ережелері мен нормалары, қауіпсіздік техникасы және өрт қауіпсіздігі, санитарлық ережелер мен нормалар туралы заңдарды білуі керек.
Негізгі міндеттері: Шақырылған оқытушылар өткізген курстардан өткен педагогтерді курстан кейін қолдау;
әзірленетін білім беру бағдарламалары бойынша құжаттарды дайындау бойынша жұмысты ұйымдастыру;
Филиалдың әдістемелік жұмысы, білім беру бағдарламаларын әзірлеу және курстан кейінгі қолдау бойынша тоқсан сайынғы, жартыжылдық және жылдық есептер үшін деректер жинау;
Филиалдың Сараптама Кеңесінің жұмысын ұйымдастыру және жүргізу;
Кафедраның профессорлар мен оқытушылар құрамына, педагогтерге, аудандық/қалалық/облыстық әдістемелік кабинеттерге консультациялық, әдістемелік, тәжірибелік көмек көрсету;
іс қағаздарын жүргізу, құжаттардың сақталуын және олардың белгіленген тәртіппен мұрағатқа тапсырылуын қамтамасыз ету.
Ұсынылатын құжаттар тізбесі:
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының Маңғыстау облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалына электрондық түрде (құжаттардың сканерленген көшірмелерін) немесе төменде көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынады:
– Конкурстық комиссия төрағасының атына өтініш (сілтеме);
– түсті фотосуреті бар түйіндеме (сілтеме);
– Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты;
қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады;
шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) не босқын куәлігі;
– білімі туралы, біліктілігін арттыру туралы құжаттардың көшірмелері, жұмыс орны бойынша кадр қызметімен немесе нотариуспен расталған еңбек кітапшасының көшірмесі). Кандидаттың жеке өзі құжаттардың түпнұсқасын ұсынған кезде, көшірмесін куәландыру талап етілмейді;
Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.
Қажет болған жағдайда конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат береді.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 02.04.2024ж. дейін Ақтау қаласы, 17 шағынаудан, 48 ғимарат мекен-жайы бойынша немесе e-mail: mangystauipk@orleu-edu.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады, анықтамалар телефоны: 87012628616, 87754889370
Сұхбат өткізу күні, уақыты және орны:
2024 жылғы 03 сәуір сағат 16.00-де Ақтау қаласы, 17-шағынаудан, 48 ғимарат, 5-қабат.
Кандидаттың құжаттарды уақтылы немесе толық ұсынбауы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.