Архив
"Өрлеу" орталық аппараты
Posted 2 года ago

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ сатып алу жөніндегі маманы лауазымына конкурс жариялайды

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары заңгерлік және (немесе) экономикалық білім, лауазымның функцио-налдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда бір жылдан кем емес жұмыс өтілі. Мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерін еркін меңгеру.

Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының жеткізушілермен шарт жасасу тәртібіне қатысты заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерін, әдістемелік және нормативтік-техникалық материалдарды, нарықтық экономика негіздерін, сатып алу және тендерлерге қатысу бойынша жұмысты ұйымдастыруды, са-тып алынатын өнімнің сапасын анықтау әдістері мен құралдарын, тиеу-түсіру жұмыстарын ұйымдастыруды, сатып алынатын өнімді сақтау және та-сымалдау шарттарын, іскерлік байланыстарды орнату әдістерін, қабылдау-тапсыру құжаттарының нысандары мен ресімдеу тәртібін, қаржы, шару-ашылық және салық заңнамасының негіздерін, есепке алу мен есептіліктің қолданыстағы нысандарын, еңбек заңнамасын, ішкі еңбек тәртібі ережелерін, еңбекті қорғау қағидалары мен нормаларын, өрт қауіпсіздігінің талаптарын білу керек.

Ұсынылатын құжаттар тізбесі

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамына электрондық түрде (құжаттардың сканерленген көшірмелерін) немесе төменде көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынады:

– Конкурстық комиссия төрағасының атына өтініш (сілтеме);

– фотосуреті бар ақпараттық түйіндеме;

– Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты;

қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады;

шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) не босқын куәлігі;

– қажетті кәсіптік білімін, жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттар (білім туралы, біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже беру туралы құжаттардың көшірмелері, еңбек кітапшасының немесе талап етілетін біліктілік конкурсының шарттары бойынша еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері);

Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.

Қажет болған жағдайда конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат береді.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 06.04.2023 ж. дейін Астана қаласы, Достық көшесі 18, Москва БО, 22 қабат, 25 кабинет мекен-жайы бойынша немесе kuzhat@orleu-edu.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады, анықтамалар телефоны: 8(7172) 57-46-01, Құқықтық және әкімшілік-кадрлық жұмыс департаменті.

Сұхбат өткізу күні және орны:

2023 жылғы 7 сәуірінде, Астана қаласы, Достық көшесі 18, Москва БО, 22 қабат

Кандидаттың құжаттарды уақтылы немесе толық ұсынбауы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.

Apply For This Job