Архив
Шымкент қаласы бойынша "Өрлеу"
Posted 2 года ago

«Өрлеу» БАҰО» АҚ «Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша Кәсіби даму институты филиалы» Түркістан облысы бойынша өкілдігінің басшысы бос лауазымына орналасу үшін конкурс жариялайды (1 бос бірлік)

Біліктілік талаптары

Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық  білім немесе өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде үш жыл.

Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы” заңдарын, Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңдарын және Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдары қызметінің мәселелері жөніндегі өзге де нормативтік заңнамалық және құқықтық актілерін, дидактика қағидаттарын, педагогика және жас психологиясы негіздерін, оқу- бағдарламалық құжаттаманы әзірлеу қағидаттары мен тәртібін; пән бойынша жаңа және балама оқулықтардың мазмұнын, ішкі еңбек тәртіптемесінің қағидалары, еңбек қорғау нормалары мен ережелерін, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы күрес ережелерін, санитарлық нормалар мен ережелерді.

Жеке қасиеттері:

  • Көпшіл.
  • Жауаптылық.
  • Командада және көптапсырма режимінде жұмыс істей білу.

Түркістан облысы бойынша өкілдігінің басшысы міндеттері:

  1. еңбек шартымен, Қоғам мен Филиалдың ішкі актілерімен және осы лауазымдық нұсқаулықпен жүктелген міндеттерді сапалы және уақытылы орындау;
  2. атқаратын лауазымы бойынша құзыретішегінде Филиал директоры орынбасарының тапсырмаларын орындау;
  3. міндеттерді нәтижелі орындау үшін еңбек өнімділігін, өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыру;
  4. Өкілдік жұмысының перспективалық және ағымдағы жоспарларын ұйымдастыру;
  5. Өкілдіктің барлық оқу қызмет түрлеріне бақылау жасау;
  6. Негізгі бағыттарды іске асыру, оның ішінде біліктілікті арттыру жүйесінде ақпараттандыруды дамыту, білім беруді және ғылымды басқару процесін автоматтандыру, білім беруді цифрландыру жағдайында педагог қызметкерлердің кәсіптік қызметке дайындығын қалыптастыру бойынша олардың біліктілігін арттыру шараларын қамтамасыз ету;
  7. білім беру процесін жетілдіру, жаңа оқыту технологияларын әзірлеу және кіріктіру бойынша ұсыныстар енгізу;
  8. Өкілдіктің әдістемелік, инновациялық даму және цифрландыру жөніндегі қызметін бақылау мен үйлестіру;
  9. оқу-тақырыптық жоспарларды, бағдарламаларды, сабақтар кестесін және оқу қызметінің басқа да түрлерін әзірлеуге басшылық жасау;
  10. оқытушылардың оқу жүктемесін орындауын, дәрістер мен тәжірибелік сабақтардың сапасын бақылау.

Тапсырылатын құжаттар тізбесі

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар әкімшілік -кадрлық жұмыс басқармасы кадр мәселелері жөніндегі бас маманына көрсетілген құжаттардың көшірмелерін (нотариалды куәландырған) жеке өзі тапсырады:

  • конкурстық комиссия Төрағасының атына өтініш;
  • фотосуреті бар түйіндеме;
  • ҚР азаматының жеке куәлігі немесе ҚР азаматының төлқұжаты. Қаңдастар жергілікті атқарушы органдар берген қаңдас куәлігін ұсынады;
  • шетелдіктің ҚР тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі (ҚР аумағында тұрақты тұратын  шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) не босқын куәлігі;
  • қажетті кәсіптік білімін, жұмыс тәжірбиесі мен біліктілігін растайтын құжаттар (білімі туралы, біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже беру туралы құжаттардың көшірмелері, еңбек кітапшасының немесе талап етілетін біліктілік конкурсының шарттары бойынша еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері.

Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген барлық құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.

Қажет жағдайда конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне және кәсіптік деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты тапсырады.

Конкурс өтетін күн, орны, уақыты: 2023 жыл 2 ақпан.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 2023 жылғы 30 қаңтарға дейін мына мекенжай бойынша қабылданады:  Қазақстан Республикасы, Шымкент қ., Дулати к.,201, 20 каб., немесе: uko@orleu-edu.kz эл.почтасы.

Анықтамаүшін телефон: +7 (7252)325135 кадр бөлімі.

 Үміткердің құжаттарды уақтылы емес немесе толық емес тапсыруы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тарту үшін негіздеме болып табылады.

Apply For This Job