Архив
Шымкент қаласы бойынша "Өрлеу"
Posted 2 года ago

«Өрлеу» БАҰО» АҚ «Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша Кәсіби даму» институты филиалы Түркістан облысы бойынша өкілдігінің оқу ісі жөніндегі топ жүйе әкімшісі бос лауазымына орналасу үшін конкурс жариялайды (1 бос бірлік)

Жұмыс орны: Түркістан қ.

Біліктілік талаптары

Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті кадрларды даярлаудың бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, тиісті мамандық (біліктілік) бойынша жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе орта білімнен кейінгі (арнайы орта, кәсіптік орта) білім және мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде бір жылдан кем емес.

 Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Еңбек кодексін», “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы” заңдарын, Қазақстан Республикасының ақпараттық технологиялар, жүйелер және ақпараттық қауіпсіздік саласындағы мәселелерді реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерін, аппараттық және бағдарламалық құралдардың жұмыс істеу мен құрылымының жалпы қағидаттарын, желілік әкімшілендіруді ұйымдастыру негіздерін, бағдарламалау негіздерін, ақпаратты өңдеу кезінде есептеу техникасын бағдарламалау, ішкі еңбек тәртіптемесінің қағидалары, еңбек қорғау нормалары мен ережелерін, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы күрес ережелерін, санитарлық нормалар мен ережелерді.

Жеке қасиеттері

  • Көпшіл.
  • Жауаптылық.
  • Командада және көптапсырма режимінде жұмыс істей білу.

Түркістан облысы бойынша өкілдігінің оқу ісі жөніндегі топ жүйе әкімшісі міндеттері:

  1. еңбек шартымен, Қоғаммен Филиалдың ішкі актілерімен және осы лауазымдық нұсқаулықпен жүктелген міндеттерді сапалы және уақытылы орындау;
  2. атқаратын лауазымы бойынша құзыреті шегінде ТоптыңPR, SMM бас маманының тапсырмаларын орындау;
  3. міндеттерді нәтижелі орындау үшін еңбек өнімділігін, өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыру;
  4. серверге және жұмыс станциясына операциялық жүйелер мен жұмыс істеу үшін қажетті бағдарламалық қамтамасыз етуді орнату;
  5. серверде және жұмыс станциясында бағдарламалық қамтамасыз етуді конфигурациялау;
  6. сервер мен жұмыс станциясының бағдарламалық және аппараттық қамтамасыз етудің жұмысқа жарамды күйде ұстау;
  7. жергілікті желі мен пошта серверінің пайдаланушыларын тіркеу, сәйкестендіргіштер мен құпиясөздерді тағайындау;
  8. пайдаланушыларды техникалық және бағдарламалық қолдау, пайдаланушыларға жергілікті желі мен бағдарламалардың жұмысы мәселелері бойынша кеңес беру, бағдарламалық қамтамасыз етумен жұмыс жөніндегі нұсқаулықтарды жасау және оларды пайдаланушылардың назарына жеткізу;
  9. желілік ресурстарға қол жеткізу құқығын белгілеу және пайдалануды бақылау;
  10. деректерді уақтылы көшіруді, мұрағаттауды және резервтеуді қамтамасыз ету.

Тапсырылатын құжаттар тізбесі

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар әкімшілік -кадрлық жұмыс басқармасы кадр мәселелері жөніндегі бас маманына көрсетілген құжаттардың көшірмелерін (нотариалды куәландырған) жеке өзі тапсырады:

  • конкурстық комиссия Төрағасының атына өтініш;
  • фотосуреті бар түйіндеме;
  • ҚР азаматының жеке куәлігі немесе ҚР азаматының төлқұжаты. Қаңдастар жергілікті атқарушы органдар берген қаңдас куәлігін ұсынады;
  • шетелдіктің ҚР тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі (ҚР аумағында тұрақты тұратын  шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) не босқын куәлігі;
  • қажетті кәсіптік білімін, жұмыс тәжірбиесі мен біліктілігін растайтын құжаттар (білімі туралы, біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже беру туралы құжаттардың көшірмелері, еңбек кітапшасының немесе талап етілетін біліктілік конкурсының шарттары бойынша еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері.

Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген барлық құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.

Қажет жағдайда конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне және кәсіптік деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты тапсырады.

Конкурс өтетін күн, орны, уақыты: 2023 жыл  7 наурыз.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 2023 жылғы 3 наурызға дейін мына мекенжай бойынша қабылданады: Қазақстан Республикасы, Шымкент қ., Дулати к.,201, 20 каб. немесе: uko@orleu-edu.kz эл.почтасы

Анықтама үшін телефон: +7 (7252)325135 кадр бөлімі.

 Үміткердің құжаттарды уақтылы емес немесе толық емес тапсыруы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тарту үшін негіздеме болып табылады.

Apply For This Job