Түркістан облысы бойынша өкілдігінің оқу ісі жөніндегі тобының жетекші маман бос лауазымы (1 бос бірлік)
Архив
Шымкент қаласы бойынша "Өрлеу"
Posted 2 года ago
«Өрлеу» БАҰО» АҚ «Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша Кәсіби даму» институты филиалы Түркістан облысы бойынша өкілдігінің оқу ісі жөніндегі тобының жетекші маман бос лауазымына орналасу үшін конкурс жариялайды (1 бос бірлік)
Жұмыс орны: Түркістан қ.
Біліктілік талаптары
Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті кадрларды даярлаудың бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) және лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салалардағы жұмыс өтілі кемінде бір жыл.
Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Еңбек кодексін», “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы” заңдарын, Қазақстан Республикасының қызмет бағытын реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерін, ішкі еңбек тәртіптемесінің қағидалары, еңбек қорғау нормалары мен ережелерін, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы күрес ережелерін, санитарлық нормалар мен ережелерді.
Жеке қасиеттері:
- Көпшіл.
- Жауаптылық.
- Командада және көптапсырма режимінде жұмыс істей білу.
Түркістан облысы бойынша өкілдігінің оқу ісі жөніндегі тобының жетекші маман міндеттері:
- еңбек шартымен, Қоғам мен Филиалдың ішкі актілерімен және осы лауазымдық нұсқаулықпен жүктелген міндеттерді сапалы және уақытылы орындае;
- атқаратын лауазымы бойынша құзыреті шегінде Бөлім бастығының (Өкілдік басшысының) тапсырмаларын орындау;
- міндеттерді нәтижелі орындау үшін еңбек өнімділігін, өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыру;
- өз қызметінің бағыттары бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде бұйрықтар, қызметтік хаттар, әдістемелік ұсынымдар жобаларын әзірлеу және тиісті құрылымдық бөлімшелермен келісу, оқу жүктемесін жоспарлау жөніндегі нормативтік құжаттарды және қажетті оқу құжаттамасын әзірлеуге қатысу;
- оқу процесін регламенттейтін нормативтік құжаттардың электрондық қорын құру шеңберінде барлық оқу құжаттамасын автоматтандырылған дайындауды жүзеге асыру, сондай-ақ біліктілікті арттыру жүйесінің жай-күйі туралы деректер банкін қалыптастыру жөніндегі жұмысты үйлестіру (ақпаратты жинау, өңдеу және сақтау, талдау); ішкі нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес Қоғамның оқу процесін ұйымдастыруды қамтамасыз ету жөніндегі қызметіне қатысу;
- білім беру қызметін ұйымдастырудағы жаңа тұжырымдамалық тәсілдерді әзірлеу және енгізу кезінде ұсыныстар, тәуекелдер мен мүмкіндіктерді талдау;
- Филиалдың (Өкілдіктің) оқу ісі мәселелері бойынша деректер жинау, талдамалық есептер мен ақпараттық анықтамалар дайындау;
- Филиалдың (Өкілдіктің) оқу ісі нормаларының жоспарлануына және орындалуына бақылау жасау;
- аудиториялық қорды ұтымды пайдалану бойынша ұсынымдар дайындауға қатысу;
- Филиалдың (Өкілдіктің) оқу-тақырыптық жоспарларының орындалуына бақылау жасау.
Тапсырылатын құжаттар тізбесі
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар әкімшілік -кадрлық жұмыс басқармасы кадр мәселелері жөніндегі бас маманына көрсетілген құжаттардың көшірмелерін (нотариалды куәландырған) жеке өзі тапсырады:
- конкурстық комиссия Төрағасының атына өтініш;
- фотосуреті бар түйіндеме;
- ҚР азаматының жеке куәлігі немесе ҚР азаматының төлқұжаты. Қаңдастар жергілікті атқарушы органдар берген қаңдас куәлігін ұсынады;
- шетелдіктің ҚР тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі (ҚР аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) не босқын куәлігі;
- қажетті кәсіптік білімін, жұмыс тәжірбиесі мен біліктілігін растайтын құжаттар (білімі туралы, біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже беру туралы құжаттардың көшірмелері, еңбек кітапшасының немесе талап етілетін біліктілік конкурсының шарттары бойынша еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері.
Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген барлық құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.
Қажет жағдайда конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне және кәсіптік деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты тапсырады.
Конкурс өтетін күн, орны, уақыты: 2023 жыл 31 наурыз.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 2023 жылғы 28 наурызға дейін мына мекенжай бойынша қабылданады:
Қазақстан Республикасы, Шымкент қ., Дулати к.,201, 20 каб. немесе: uko@orleu-edu.kz эл.почтасы.
Анықтама үшін телефон: +7 (7252)325135 – кадр бөлімі.
Үміткердің құжаттарды уақтылы емес немесе толық емес тапсыруы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тарту үшін негіздеме болып табылады.